Мәдениет түсінігі
Автор: Ернұр Турашов • Сентябрь 21, 2022 • Эссе • 512 Слов (3 Страниц) • 442 Просмотры
“Мәдениет түсінігі”
Мәдениет - адамдардың әлеуметтік болмысын сақтау мен жаңарту барысындағы қызметі және де сол қызметтердің нәтижелері. Әлеуметтік болмыс адамсыз қалыптаса алмайды, ал өз кезегінде адам әлеуметтік болмыс қалыптастырып, ол әлеуметтік болмыс кейіннен үлкен бір мәдениетке айналады. Ежелгі адамзат қауымының өмір сүру типінің алуан түрлілігіне байланысты көптеген мәдениет түрлері болды. Бірақ, бүгінгі күнге жеткен ежелгі адамзат мәдениеттері саусақпен санарлықтай. Себебі ежелгі кезеңде қалыптасқан мәдени ошақтар көбінесе тарихи, экологиялық, саяси факторларға байланысты ізсіз жойылып кеткен болатын. Бұныңда бірден бір себебі ежелгі мәдениеттерді тарату идеологиясы болмады және ол кезеңдерде мәдениет ұғымы әлі қалыптаспаған еді. Уақыт өткен сайын қазіргі Еуропа жеріндегі мемлекеттерде “Мәдениет” сөзі “білім беру, даму, құрметтеу” сынды сөздерге синоним ретінде қарастырылды. Ал оған дейін Ежелгі Римнің атақты саяси қайраткері Цицерон “Мәдениет” сөзіне түсінік беру үшін “жан жетілдіру” деген ұғымды қолданды. Қазіргі кезде мәдениет ұғымына мынандай түсініктер келтірілген: Мәдениет - белгілі бір ұлттың жеткен жетістіктері мен шығармашылығының жиынтығы; Мәдениет - адамзат қауымының тарихи кезеңдеріндегі қызметі мен өзіндік ерекшеліктері; Мәдениет - адамзаттың әрекеттерінің белгілі бір салаларының жетілу деңгейі. Бұл “Мәдениет” сөзінің түсініктерінің азғантай ғана бөлігі. Кейінгі орта ғасырларда “мәдениет” саласын зерттеушілер саны артыуына байланысты “Мәдениеттану” ғылымы пайда болды. Жылдан жылға бұл ғылымның өкілдері арта бастады, сонымен қатар “Мәдениет” ұғымынның саны да артып отырды. “Мәдениет” ұғымы тарихи кезеңдерде әртүрлі түсінік қалыптастырды. Антикалық кезеңде “Полис” немесе қала-мемлекеттер мәдениеті, Орта ғасырда монотеизм, руханилық, аскеттік идеал мәдениеті, Жаңа заманда буржуазиялық, рационалдық идеологияға толы мәдениеттер қалыптасты. Ғасырлар - адамзат қауымының мәдени даму куәгері және адамзат қауымы жер бетіндегі өмірлерін қолайлы қылу мақсатында ғасырлар бойы барлық ғылым ,түсінік , идеологияларды өзгеріке ұшыратып отырды. Жаңа замандағы жаңа түсінік ойлар қәзіргі таңдағы көптеген ғылым салаларына әсер етті және соның ішінде XIX ғасырда пайда болған Мәдениеттану ғылымына да әсер әкелді. Жаңа заманда Эдуард Тайлор “Мәдениет” жайлы мынандай пікір қалдырды: жеке адаммен бүкіл қоғамды , адамның бақыты мен болашағы жолындағы құндылықтарды дамыту арқылы адамзат баласын жан жақты жетілдіру. Бұл пікір қәзіргі таңда көптеп қолданылатын пікірлердің бірі және осыған ұқсас пікірлерді дәстүрлі түрде “Эволюциялық” деп атайды. Бұл “Мәдениет” ұғымына түсінік беретін көптеген бағыттардың тек біреуі ғана. Жаңа заманнан бүгінгі күнге дейін “Мәдениет” үғымына 500-дей түсінік қалыптасқан. Олардың әрқайсы бір-біріне ұқсамайды және әрқайсы түрлі мәдени институт бағыттарнан туындаған. Осыдан-ақ “Мәдениет” ұғымының кең ауқымын түсінуге болады.
Глоссарий:
1. Мәдениеттану - философиялық ілім түрі ,мәдениет туралы ғылым, адамзат қоғамының біртұтас мәдени даму процесінің жалпы заңдылықтарын анықтайды.
2. Этнос, этникалық қауымдастық - бір халықты екінші халықтан ажыратуға мүмкіндік беретін ортақ белгілері бар қауымдастық.
3. Жаһандану (Глобализация) - жаңа жалпыәлемдік саяси, экономикалық, мәдени және ақпараттық тұтастықтың құрылу үдерісі.
4. Рационализм - болмыстың, танымның, моральдің негізі ақыл деп санайтын философиялық ілім.
5. Персонализм - ХХ-шы ғасырдағы философия және мәдениет бағыты. Мәдениеттегі басты идеясы шығармашылыққа бейімделген адам.
6. Нигилизм - қоғамда қалыптасқан құндылықтар мен мәдение мұраларды, діни, моральдік нормаларды қайта қарауды, жоққа шығаратын ұғым.
7. Менталитет - әлеуметтік топқа немесе ұлтқа тән эмонионалдық, психикалық, мәдени көзқарастар бағыттармен мен құндылықтар жиынтығы.
8. Ассимиляция - бір әлеуметтік топтың немесе ұлттың екіншісіне сіңісіп, өз мәдениетінің, менталитетінің жойылып кетуі.
9. Этногенез - әртүрлі қауымдық топтардың негізінде жаңа құрамдағы халықтың қалыптасуы.
10. Сциентизм - қоғамның рухани өмірінде, мәдени жүйесінде ғылым рөлінің абсолютизациясы.
...