Мәдениетті рәміздер, мәндер, таңбалар мен мағыналар ретінде талдау үшін мәдениеттің ақпараттық-семиотикалық түсінігін негіздеу
Автор: Mirzhakyp Saribaev • Февраль 11, 2022 • Эссе • 1,700 Слов (7 Страниц) • 1,161 Просмотры
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
[pic 1]
СӨЖ
Тақырыбы: «Мәдениетті рәміздер, мәндер, таңбалар мен мағыналар ретінде талдау үшін мәдениеттің ақпараттық-семиотикалық түсінігін негіздеу»
Орындаған: Сламбек А
Тексерген: Каупенбаева С
Алматы 2021
«Мәдениетті рәміздер, мәндер, таңбалар мен мағыналар ретінде талдау үшін мәдениеттің ақпараттық-семиотикалық түсінігін негіздеу»
- Кіріспе
- Мәдени рәміздер мен таңбаларды семнотикалык, талдау.
- Мәдениет және рәміз
- Қорытынды
- Пайдаланылған әдебиеттер
Семиотика туралы көптеген ізденістер XX ғасырда кеңінен танылып, мәдениет салаларының бэрі тіл ретінде даму үрдісінде қарастырылды. Семиотика терминімен қатар «семиозис» ұғымы қатар жүреді. Семиозис - (грек тілінде sema - белгі) - термині семиотикада қабылданған, белгі мағынасының дамуын білдіреді.
Қазіргі семиотика «семиозис» ұғымын «объект - белгі - интерпретант» деп сипаттап, табиғаттағы қарапайым белгілердің араласуын қолданады. Ч. Пирс
үшін «семиозис» үгымы міндетті түрде оның семиотикалық теориясында орталық түсінік болды. Онын түсінігі бойынша белгі, өзінің белгі екенін түсінбейінше, белгі ретінде жүмыс істей алмайды, яғни белгі белгі болу
үшін талдануы қажет.
[pic 2]
Семиотикалық талдау үдерісі шексіз. Пирстің шектеусіз семиозис идеясы осыған негізделген, семиозис - белгі таңдаудың динамикалық үдерісі, оның өмір сүруінің жанды мүмкіндігі. Семиозис идеясы белгі мен сыртқы дүние арасындағы қатынастың мэнін көрсетеді.
Семиотика - ақпаратты сақтап жэне түрлі белгілік жүйелердің касиеттерін философиялык-теориялық тұрғыдан зерттейтін, яғни белгі жэне белгі жүйесін зерттейтін ілім. Семиотика тек белгі жэне белгі жүйесі туралы ғылым болып кеш қалыптасса да, философиялық пайымдауы тарихи түрде тереңде жатыр.
Белгі - мәдениеттің негізгі құралы. Бүгінгі танда белгі мен таңба ұғымы жалпыға мэлім. Ғылым саласында бұл терминдерді қолданбайтын сала жоқ десе де болады. Рәміз бен белгі өзара тығыз байланысты. Рәміз секілді
белгі де кез келген заттың мағыналық бейнесін айқындайды. Адамдардың сан алуан белгілер көмегімен ғана қоршаған ортаны танып, оның маңызды жактарына мән беріп, заңдылықтарын қалыптастырып, өзінің тәжрибесі мен білімін жүйеге келтіріп, осы белгілер арқылы жеткізетіні сөзсіз ақиқат. Ол -коммуникативті немесе трансляциялық процесте баска объектінің (зат қасиетін, құбылысын, түсініктің, қимылдың) аналогы болып көрінетін материалды объект болып табылады. Белгі мәдени код, көркем бейне, рәміз секілді мэдени мәнді ақпаратты белгілейтін едәуір күрделі пішіндермен тығыз байланысып, оның мэнін ақпарат беретін белгі айқындайды. Ал қарапайым пішіннің мәні оның атауымен затта көрінеді. Белгіні айкыңцауда оның маңызды қасиеттері пайда болады. Белгі кейбір заттық объект бола түра басқа бір заттың қызметін білдіреді. Бүл тұрғыда белгі бақылауға алынған объектінің (заттық) белгіленген объектінің үлгісін (мағыналық) және сезім арқылы айқындалатын (экспрессивті мағынасын) объектінің мэніне ие болады. Белгі кездейсоқ берілген заттың (оның заттық мағынасы денотат) мағынасын айқындайды. Белгіні философиялық тұрғыдан қабылдау табиғат пен тіл қасиеттерін таным түсінік арқылы жүзеге асады, ол тіл мен белгінің бірізділігімен байланысты пайда болды.
Мәдениетті зерттеу ғылымында семиотика тәжірибелерімен тұрақтанған өзіндік даму логикасы бар. Әр дәуірдегі зерттеулердің өзіндік семиотикалык стилі , өзіндік мәтін талдау тәсілдері тән. Бүгінгі таңда семиотика философиядағы жеткілікті дамыған теория болып табылады, бұның тәсілдері адам қызметінің әртүрлі шеңберлерін талдауға мүмкіндік береді.
...