Ұлттық құндылық деген ұғымды қалай түсінуге болады?
Автор: madina jakayeva • Март 11, 2022 • Эссе • 292 Слов (2 Страниц) • 570 Просмотры
Джакаева Мадина Ербосыновна ЦТ
Эссе
Ұлттық құндылық деген ұғымды қалай түсінуге болады?
Елбасымыздың айтқанындай«Ұлттық құндылық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс», яғни ұлттық құндылық- атадан балаға мирас болып берілген, елімізді қорғаушы , кемел болашаққа жетелеуші көмекшіміз болып есептеледі.
Ұлттық құндылық бізді басқа ұлттан, халықтан ерекшелейтін рухани, материалдық байлығымыз. Ол бізді ұлт қылып қалыптастырушы.Тамыры тереңде жатқан тарихымызға көз жүгіртетін болсақ, еліміз басынан көптеген оқиғалар мен ауыр тарихи кезеңдерді басынан өткізген болатын, ал осы кезден халқымыз ұлттық құндылығын жоғалтпағандығының арқасында аман -есен өтіп, тұғырлы Тәуелсіздікке қол жеткіздік . Өмір сүріп жатқан ортамызбен , тұрмыс-тіршілігімізге сай ұлттық құндылықтарымыз әр уақытта жаңарып , жанданып отырады. Ұлттық мұрамыз неғұрлым бай болса, тарихымыз бен бүгініміздің құндылықтары өз ара үйлесіп жатса, сол кезде өміріміздің мән мағынасы тереңдеп, ұлттық болашағымыз жарқын болып, тарихи үлгі өнеге тұтар парасатты ой толғаныстары күшті ұрпақ тәрбиеленуі күшке айналады. Бірақ, ең бастысы ұлттық құндылығымызды жоғалтпауымыз керек. Мысалы, халқымыз өзінің туған тілін ұмытса дініміз бен ділімізді жоғалтсақ ,біз тарих сахынасынан ұлт ретінде жойыламыз. Себебі, ұлттық құндылықтарымыздың бәрі-бір бірімен тығыз байланысты.
Қорытындылай келе, өскелең ұрпақ ұлттық құндылықты бойына сіңіріп , оның елеіміздің жарқын болашғына үлес қосатындағын ұмытпауымыз керек. Ұлттық құндылығымызды сақтап, пайдаланып, ұлттығымызды жоғалтпай, туымызды, тұғырымызды биік ұстайық!
...