Қытайдағы «Гаокао» ұлттық бірыңғай емтихан жүйесі
Автор: Abilkhan Issayev • Декабрь 6, 2022 • Реферат • 1,992 Слов (8 Страниц) • 172 Просмотры
ҚЫТАЙДАҒЫ «ГАОКАО» ҰЛТТЫҚ БІРЫҢҒАЙ ЕМТИХАН ЖҮЙЕСІ
Ә.Ү.Исаев
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті,
Ph.D, доцент
Нұр-Сұлтан, Қазақстан
abilkhan.kz@mail.ru
- Қытайдағы ЖОО-ға түсушілерге арналған ұлттық бірыңғай емтихан жүйесін қарастырамыз.
- Үкіметтің ұлттық бірыңғай емтиханға қатысты жүргізген реформаларына тоқталамыз.
- Емтиханның өткізілу барысы жайлы ақпарат береміз.
- ҚХР-да тұратын халық саны аз ұлт өкілдеріне қатысты үкіметтің жоғары білім беру саласындағы саясаты жайлы әңгімелейміз.
- Сонымен қатар «гаокао» ұлттық бірыңғай емтихан жүйесінің артықшылықтары мен кемшіліктеріне шолу жасаймыз.
Кіріспе
Қытайда Қазақстандағы ҰБТ сияқты ЖОО-ға түсушілерге арналған ұлттық бірыңғай тесттеу жүйесі бар. Қытайдағы бұл тесттеу жүйесі қытай тілінде «гаокао» (高考gāokǎo) деп аталады. Гаокао қытайлық оқушылардың өміріндегі аса маңызды емтихан саналады. ЖОО-ға түсе алған жағдайда ғана талапкерлер ғана емес түгелдей бір отбасы жарқын болашаққа қол жеткізетіндіктеріне кәміл сенеді. Қытайда білім алған оқу орның мен мамандығың жұмысқа орналасу барысында қатты әсер етеді. Қытайлық жұмыс берушілер әлі күнге дейін дипломды қай университеттен алғандығына қатты мән береді. 2020 жылға дейін Қытайда «гаокао» жылда 7-8 маусымда өтіп келді. Пандемия салдарынан араға отыз жыл салып алғаш рет 7-8 шілдеге шегерілді[1]. 2020 жылы жоғарғы оқу орындарына түсу үшін 10,71 млн. қытайлық талапкер емтихан тапсырды[2]. «Гаокао» тапсыруға үміткерлер саны алдыңғы жылмен салыстырғанда 400 мыңға артты. Оқушылардың ата-аналары бұл емтиханға қатты мән бергендігі соншалық кейбір ата-аналар еңбек демалыстарын дәл осы күндерге туралап алатын еді. Бір отбасы ғана емес тұтастай мемлекет болып оқушылардың аталмыш емтиханға дайындалуларына барынша жағдай жасайды. «Гаокао» кезінде кедергі жасамас үшін емтихан өтетін жерлерге жақын маңдағы бүкіл құрылыс нысандары өз жұмыстарын доғара тұрады. Қытайлық талапкерлер біздің еліміздегідей жинаған ұпайларының нәтижесіне сай оқуға қабылдана алады. «Гаокаодың» кемшіл тұстары аз болмаса да Қытай үшін дәл қазір бұдан артық емтихан қабылдаудың басқа жолы болмай тұр.
ЖОО-ға қабылдау емтихандар жүйесін реформалау кезеңдері
Қытайда алғаш емтихан түрі б.з. 606 жылы мемлекеттік қызметкерлердің білімін анықтауға арналған (科举kējǔ) кэцзюй бірыңғай емтихан жүйесі қалданысқа енген еді. 13 ғасыр бойы алынып келген кэцзюй 1905 жылы тоқтатылды[3]. «Гаокао» алғаш рет ЖОО-ға түсуге арналған емтихан ретінде 1952 жылы енгізілген еді. Сол кездегі талап бойынша талапкер он екі жылдық мектепті толық аяқтаған, жасы әдетте 25 жастан аспаған, бойдақ, денсаулығы мықты болуы керек болды[4, 79]. 1959 жылы ғана бір жүйеге түсе бастады. Өкінішке орай мәдени төңкеріс қарсаңында 1966 жылы қайтадан алынып тасталды. Сәйкесінше кейбір ЖОО студент қабылдау жұмыстарын да доғарған болатын. 1972-1976 жылдар аралығында жұмыс орны ұсынған адамдар ғана оқуға қабылдана алатын еді. Мао Цзедун қайтыс болғаннан кейін атақты реформатор Дэн Сяопин университетке түсушілер үшін міндетті ұлттық емтихан жүйесін қайта қалпына келтірді. Мәдени төңкерістен кейін «гаокао» алғаш рет 1977 жылы қайта өткізілді. Ол емтиханға қатысуға кез-келген адам үміт білдіре алды. Ал, емтихан сұрақтарын әр провинция өз бетінше әзірледі. 5,7 миллион талапкердің тек 273 мыңы ғана емтиханнан өте алды. «Гаокао» жыл сайын 7-9 шілде аралығында қатарынан үш күнге созылатын. Күннің ыстықтығына байланысты 2003 жылдан бастап көптеген провинцияларда бір айға алға жылжытылды.
1978 жылдан бастап «гаокао» жүйесін реформалау толастар емес. 1985 жылдан бастап үш міндетті пәнді (қытай тілі, математика және ағылшын тілі) және екі таңдау пәнін (тарих, биология, химия, марксизм-ленинизм тарихы (саясаттану)) қамтитын «3+2» жүйесі қабылдады.
2001 жылы талапкер ретінде студенттер қатарына 25 жастан асқан адамдар да қосылды[5]. Осы кезеңде «гаокао» қытайлық университеттерге түсу емтихандарының шын мәніндегі бүкілхалықтық жүйесіне айналды. Сол жылы Қытай Халық Республикасының Білім министрлігі бірқатар шығармашылық және ауылшаруашылық мамандықтары бойынша жоғары оқу орындарына түсушілердің қабылдау баллдарын төмендетті. Тіпті осы жыдары «гаокаоды» екінші рет тапсыруға мүмкіндік берілді.
...