Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазақстандағы 1937-1938 жылдардағы репрессияның саяси және әлеуметтік зардаптары

Автор:   •  Июнь 18, 2019  •  Статья  •  1,633 Слов (7 Страниц)  •  1,549 Просмотры

Страница 1 из 7

Қазақстандағы 1937-1938 жылдардағы репрессияның саяси және әлеуметтік зардаптары

Репрессияның тарихи салдарларының ауқымының көптігі сонша өмірдің барлық салаларында жекелеп қарастыруға болады. Оның саяси өмірге де экономика, әлеуметтік, мәдени салаларға әкелген зардабы орны толмас таңба болып қалды. Сталиндік репрессия зиялыларымыздың ғылыми қызметіне нұқсан келтіріп қана қоймай, олардың шәкірттері мен жанұяларына да қасірет әкелді. Сталиндік қуғын-сүргін қоғамда ауыр із қалдырды. Түрмеге қамау, жер аудару, партия қатарынан шығару және қызметтен босату тәрізді жазалаулар  қазақ зиялыларын жалтақ, жасқаншақ, тіптен екі жүзді етіп қалыптастырудың жаңа кезеңіне апарды. Сталин қайтыс болғаннан кейін ғана ол жағдай бәсеңдей бастады.

Репрессия саясатының кең ауқымдылығын түсіну үшін “Үлкен террор” кезіндегі 1937 жылғы ақпан-наурыз пленумында келтірілген баяндамаға назар аудару керек. Онда “басқа державалардың ішінде КСРО жалғыз социализм құрылысындағы мемлекет, шетелдік мемлекеттер, оның ішінде Финляндия, Балтық елдері, Польша, Румыния, Түркия, Жапония елдері Франция және Ұлыбритания елдерінің көмегімен КСРО-дағы социализм құрылысына тосқауыл болуы үшін шпиондар мен диверсант әскерлерін КСРО-ға енгізеді” деген оймен контексте “басқа әлеммен қарым-қатынас жасағандарға, қуғындау ісі жүргізілді” делінген. Сондықтан “басқа әлеммен” байланыста болған шпиондарды қудалау науқанының басталуы ғажап емес. Оның саяси мәнінде мынаны айтуға болады. Алашорда зиялылары қазақ елін отарлық езгіден азат ету, қазақ қоғамын орта ғасырлық мешеуліктен өркениетті әлеуметтікэкономикалық және мәдени даму жолына шығаруды мақсат етіп қойды. Олар біртұтас халықтық мүддені көздеді. Кеңестік кезеңдегі “ұлтшылдар” атанған ұлттық бағыттың заңды жалғастырушылары болды. Бұл үрдіс келе-келе әміршіл-әкімшіл жүйенің туындауымен үзіліп, тәуелсіздігімізді жариялауға, дербестік ұмтылыс жасау тұрмақ, емеурін білдіруге де болмайтын, төрешіл де тегеурінді мемлекет ішінде “кіші іні” ретінде өмір сүруге алып келді. 

Бұл жағдай Қазақстанның өзін-өзі билеуіне бөгет қойды, ғасыр басындағы ұлт зиялыларының ізгі арманы ХХ ғасырдың аяқ кезінде Одақтық мемлекеттің күйреуі нәтижесінде ғана ақиқатқа айналды. Қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан әдет-ғұрпына, салт-санасына, тұрмыс-тіршілігіне, ең бастысы тілі мен дініне соққы болып тиді. Бір халықтың маңдайына біткен жұлдыздарын елім, жұртым деген арыстарын содырлы саясаттың сойылымен соғып, есеңгіретіп отыруын не деуге болады? Оны тек қана өздерін дәріптеп, өзгені көзге ілмеген шовинизм сырқатының сырынан іздеу керек.  

Кеңес өкіметінің Қазақстанда жүргізген кеңестендіру, тап ретінде байларды жою, жаппай отырықшылықтандыру мен ұжымдастыру саясаты сол кездегі аласапыран тұста жергілікті халықты күйзелтіп, бей-берекетін шығарды. Аса жауапты және күрделі мәселені шешуге ұлттық зиялылардың ұстанған бағыты, ұлттық мүддені қорғауға бағытталған табиғи әрекеттері “ұлтшылдық” есебінде бағаланды.

ХХ ғасырдың 20-30-жылдардағы репрессиялау науқанында назар аударарлық жағдай – сол кезеңдегі қаулы-қарарларды мерзімді баспасөз беттерінде әр түрлі “шылдықтар”. Ф.Голощекин қазақ зиялыларына “сәдуақасовшылдық,” “қожановшылдық,” “рысқұловшылдық,”

“сейфуллиншілдік” тағы басқа “шылдықтар” атын туғызды, оның ұлттық билік басындағы бетке шығарларын қуғындау үшін ойлап тапқан амалы екеніне көзіміз жетіп отыр. Сондай-ақ, осы тұстағы баспасөз бетіндегі көптеген авторлардың мақалаларындағы пайымдаулары нақтылы құжаттар емес, олардың ойдан шығарған жасанды тұжырымдары “Ф.Голощекин және оның төңірегіне топтасқан партия белсенділерінің “шылдықтарды” ойлап тауып, жікшілдік ауруын жасанды түрде қоздырудағы мақсаты: ұлт зиялыларының, жалпы ұлттың позициясын әлсірету әрекеті болатын .

...

Скачать:   txt (24.4 Kb)   pdf (251.9 Kb)   docx (13.7 Kb)  
Продолжить читать еще 6 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club