Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазақстандағы 1921-1922 жж. 1931-1933 жж. аштықтар: құжаттар, статистика, ақпарат

Автор:   •  Февраль 11, 2021  •  Реферат  •  1,105 Слов (5 Страниц)  •  1,557 Просмотры

Страница 1 из 5

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университет

[pic 1]

СӨЖ

Тақырыбы: "Қазақстандағы 1921-1922 жж. 1931-1933 жж. аштықтар: құжаттар, статистика, ақпарат

Орындаған: Өмірбек Нұрғаным

Қабылдаған: Қозғамбаева Гульнар

2020ж

Жоспары:

  1. Қазақстандағы 1921-1922 жж ашаршылық
  • Отырықшыландыру саясаты
  • Жаңа экономикалық саясат
  1. 1931-1933жж ашаршылық
  • Ашаршылық барысындағы Бай-қожалықтарын тәлкілеу
  1.  Қорытынды

 Қазақстандағы 1921-1922 жж ашаршылық

1921-1922 жылдардағы ашаршылық – Азамат соғысы аяқталғаннан кейін Кеңес халқына келген сынақтардың бірі.

Қыс мезгіліндегі қардың болмауы жазда жаңбырдың болмауына әсер етті. Құрғақшылықтан өнім азайып ашаршылық қаупі туындады. 1921 ж Еділ аймағында басталған ашаршылық барлық Қазақстан аумағын қамтыды.

[pic 2]

1921 ж 17 шілдеде РКП (б) Орталық комитеті партияның мүшелеріне үндеу жариялады. “Ашаршылық – тек құрғақшылықтың әсерінен пайда болған жоқ. Оның басты себептерінің бірі: аграрлық сектордың артта қалуы, ауылшаруашылық білімнің төменділігі, ауыспалы егіс нысандарының ескіруі және соғыс пен әскери ортаның салдары, сондай-ақ жер иелері мен капиталистер мен олардың иелерімен күрестің жалғаспауы”. Осы сынды бірқатар себептерден қазақ жерінің көп бөлігі аштықтан қырылып жатты. Тарихшылар партиялық құжаттарда көрсетілген себептермен бірге ашаршылық кәсіпкерлікті жою, өнеркәсіпті ұлттандыру, сыртқы сауданы монополияландыру, мәжбүрлі еңбек міндеттілігі және азық – түлік диктатурасымен қатар жүретін «Соғыс коммунизмі» саясатымен туындаған елдегі төтенше экономикалық жағдайдың нәтижесі болуы мүмкін деп санады. Алайды, мұның барлығы халық шаруашылыға және ауылшаруашылық саласына айтарлықтай қатты ауыр болды.

Аштықпен қоса жұқпалы аурулар да пайда болды – оба, тырысқақ, іш сүзегі, қышыма. Ол кезде ауру жұқтырғандар саны шектен тыс көп болғандықтан емдеу мекемелерінің барлығына бірдей қарайтын мүмкіндікері болмады. 1921-1922 ж Қостанай губерниясының аштықтан және аурудан қала халқының  75% қаза болды. Республиканың денсаулық сақтау халық комиссариатының деректері бойынша Ақтөбе, Орынбор және Орал, Ақмола губернияларында 1921жылғы 1қараша мен 1922жылғы 1шілде аралығында  37 657 адам қаза тапқан. Ашаршылық Қазақстанның барлық аумағын қамтыған. Тарғын-Бөкей губерниялық Кеңесі атқару комитетінің төрағасы Хамид Чуриннің айтуынша, 1921-1922жж қыс мезгілінде таңертең үйлерді тексергенде кем дегенде ондаған мәйітті алып келетін едік,- деген. Ата-ананың қарауынсыз қалған балаларды жергілікті балалар үйіне орналастыратын. Қазақ АССР бойынша 1921ж 1желтоқсанда қараусыз балалар саны 128мың, жыл аяғында 158мың, ал  1923ж 1наурызда бұл көрсеткіш  400мыңды құраған. ҚазЦИК төрағасы Сейітқали Меңдешевтің баяндамасы бойынша ашаршылықтан жалпы 2 млн 832 мың адам ажал құшқан.    

Отырықшыландыру саясаты

XXғ 20 жылдарында жүргізілген жерге орналастыру мәселелерінде көшпелі және жартылай отырықшы қазақ шаруаларын отырықшыландыру  қарастырылды.  БК(б)П – ның 1920ж 29 маусымдағы қаулысына байланысты Қазақ шаруаларына мал жайылымдық жерлер мен егістікке арналған алқаптарды да берді. Осы қаулы негізінде, Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтағы шаруаларға 1 млн десятина көлеміндегі жер бөлінді. Бұл жұмыстардың барлығы 1916ж көтерілістің нәтижесінде жерінен айырылғандарға көмек ретінде жасалған болатын. Алайда, бұл саясаттың соңы ашаршылықты туғызды.

Жана экономикалық саясат

  1921 жылы ҚазАКСР-ң жеті губерниясының бесеуі құрғақшылыққа душар болды.  Осыған байланысты 1921 ж. бұл аймақтарда астықтың  жалпы түсімі 5 млн. пұт деңгейде ғана болды. Ал жергілікті халықтың бір жылғы астық пен астық тұқымдығына мұқтаждығы 22 млн. пұт көлемін қамтиды, яғни залал 17 млн. пұтты көрсетті. Ауа райының қолайсыздығы мал шаруашылығын бұдан да қиын жағдайға душар етті.  1920–1921 жылдар аралығындағы жұттан кейін мал басы 1917 жылмен салыстырғанда 75% кеміді.

Азамат соғысының аяқталуына және  елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайының ауыр күйзелісіне  қарамастан,  Кеңес үкіметі күштеуге негізделген азық-түлік саясатын одан әрі жалғастырды.  Орталық үкіметтің 1920 жылы 20 шілдедегі “Сібірдегі артық астықты алу туралы” декретінің күші Қазақстанның солтүстік аудандары мен Семей губерниясына да тарады. Осы декретке  сай 1921 жылдың  тамыз айына дейін бүкіл елдегі шаруаларға 119 млн. пұт (РКФСР көлемінде 423 млн.пұт) төтенше салғырт төлеу жүктелсе, соның ішінде 35 млн. пұт Солтүстік Қазақстанға міндеттелді.  Тапсырманың  26 млн. пұты Семей облысына міндеттелінсе, тек  Қостанайдың өзінен 6 млн. пұт астық  алынды.  Артық өнімдер ғана емес, азыққа қолданылып отырған астық және тұқым қоры да тәркіленіп отырды. Астық салығы, мал шаруашылығымен ғана айналысып отырған аудандарға да салынды. Оны төлеу үшін олар малдарын сатып, астық сатып алуға мәжбүр болды.

...

Скачать:   txt (15.6 Kb)   pdf (348.1 Kb)   docx (481.1 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club