Түркістан облысы
Автор: J1987 • Март 5, 2019 • Реферат • 786 Слов (4 Страниц) • 911 Просмотры
«Балдәурен-Шымкент» Республикалық оқу сауықтыру
орталығы өз жұмысын қарқынды жүргізуде
Түркістан облысы
Төлеби ауданы, «Балдәурен-Шымкент»
Республикалық оқу сауықтыру орталығының
тарих пәнінің мұғалімі Абуов Жалғас Абайұлы
Түркістан облысы, Төлеби ауданы, Нысанбек ауылында орналасқан «Балдәурен-Шымкент» РОСО-ның орналасқан жері тау бөктерінің әсем де, табиғаты керемет өлкесінде, өзіндік сырға толы ерекше тарихы бар. Осы сырға толы тарихи өңірде Нысанбек ауылы орналасқан. Бұл өңірде бұрыннан қапал руы тұрады. Қапал - Дулаттан тараған Жаныстың баласы. Қапал батыр жайында Шоқан Уалихановтың «Ұлы Жоңғария очеркі» деген еңбегінде, ақын Әбілда Аймақтың «Қапал батыр», Амангелді Тілегеновтың «Ұлы көш – өң мен түс» толғауында, Көпбостын Панзабековтың «Қапал баба аманаты» еңбегінде, Серікқазы Қорабайдың «Қазақ батырлары» жинақтарында мәліметтер беріліп өткен.
Орталық территориясы арқылы тарихы тереңде жатқан Тоғыс өзені ағып жатыр. Есім ханның тұсында бұл өзен Ақбұрқан деп аталған. Өзеннің Тоғыс аталуы да тарихтан үлкен сыр шертеді. Тарихына тоқталар болсақ ХVІІІ ғасырда жаугершілік заманда қазақ пен жоңғар арасындағы шапқыншылық кезінде жоңғар қонтайшысы Қалдан Церенге қарсы осы өзен маңында қазақ әскерлері тоғысып, күш біріктіріп жеңіске жетеді. Жеңіске жетуге үлкен үлес қосқан осы өзен Тоғыс өзені деп аталып кеткен. Өзеннің бірінші бастауы «Қайнар», екіншісі «Шайдана» деп аталады.
Қайталанбас әсем де, көркем табиғатымен талай жанды тамсандырған «Балдәурен-Түркістан» өлкесінде мынадай таулар орналасқан:
Сарқырама, Диірмен (осы жерде Алатау тау шаңғысы орналасқан), Ордақонған, Үйген тас, Ақ тас, Қабанбай сай, Күйген арша, Тоғыстың төрі, Үш сала
Ал сол жақ беттеріне қарайтын болсақ
Тас қара, Сарымсақ сай, Үш темір, Темір аққан, Науыт сай, Ырғайлы, Суық сай, Ұлар тау, Кипник таулары т.б орналасқан
Ал оң жақ беттеріне келер болсақ
Әмір сейіт, Қайнар, Тамшылы, Доңыз тау, Сарқырама, Сухой балка, Тасқара, Майдан тал т.б
Таудың артқы беттеріне келер болсақ
Әйгілі Су сіңген көлі, Тотайын көл, Қара тас, Айғыр жыққан, Ақ көйлекті келіншек, Қазан шұңқыр, Теке ойнақ, Иір жол, Аю сай, Баймаштың жайлауы, Ұларлы, Ақ тау, Қақ тау, Бәйбіше(Бірінші жайлау), Бәйбіше (екінші жайлау), Кіші өгем, Үлкен өгем, Тоған бұрған т.б
[pic 1] Ендеше өзіндік ерекше табиғатымен ерекшеленетін, Талас Алатауы сілемдеріне жататын Қаржан тауының етегінде орналасқан әсем жер – Балдәурен-Шымкент» Республикалық оқу сауықтыру орталығына тоқталайық.
...