Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Тарихтағы тұлғалардың орны мен рөлі

Автор:   •  Май 23, 2019  •  Статья  •  1,263 Слов (6 Страниц)  •  1,473 Просмотры

Страница 1 из 6

ТАРИХТАҒЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ОРНЫ МЕН РӨЛІ

(Н.ТӨРЕҚҰЛОВ МЫСАЛЫНДА)

Бар нәрсенің бастауы тарихта жатыр. Ғылымның да ең алғашқысы – тарих. Тарих тәірибесі адамдарды ізденуге, кешегіден – бүгін, бүгінгіден – ертең ілгері басуға итермелейді. Тіпті ғылымдардың негізі саналатын философияның  өзі тарих ғылымынан нәр алады. Ал сол тарих қашан, неден басталып еді деген сұраққа келсек, оның жауабы біреу-ақ – адам пайда болған сәттен нағыз тарих басталады, тарихтан тағлым алумен адамдар өзін де, өзгені де таниды [1, 44-б. ]. Тарих тізбектерінен озып шыққан тұлғаларды халық белгілі бір деңгейге дейін көтереді. ХХ ғасырдың басындағы отан тарихын сараптасақ, мұндай тұлғаларды элита дәрежесіне дейін көтеріліп, бүгінгі заманда туған халқы ерекше сый-құрмет көрсетіп жатыр.

Элита теориясының қағидалары қазақ қоғамы үшін біршама бейтаныс көрінуі мүмкін. Әйтсе де басты қағидалары мен ұстанымдары дәстүрлі қоғамдағы әлеуметтік институттардың мемлекеттік билік құрылымдарын қалыптастыратын қоғамдық қатынастар жүйесіне ортақ екендігі белгілі болып отыр. Тарихнамалық талдау көз жеткізіп отырған бұл ғылыми ақиқат элитологиялық концепция мүмкіндіктерін отан тарихын зерделеуде батыл қолдануға болады деп тұжырым жасауға итермелейді [2].

Тарихы терең қазақ халқының маңызды тұлғалар мен оқиғаларға толы болуы еліміздің тәуелсіздігін жарқын етіп отыр. Дегенмен тарих сарыны отын тарихындағы болған құбылыстар, оқиғалар, кейде тұлғалардың өзі мемлекеттік ахуалға байланысты бүгінгі тарихта басқаша сипатталады.

Қазақстан кезеңделуі мәселесіне көз жүгіртсек, жаңа және қазіргі заман отан тарихында шешуші рөл атқарды. Ал кеңес өкіметі орнап, билік жүргізген коммунистік партия уақыты тарихи фактілер мол болып келеді. Онан бөлек бұл кезең әлі де тарихшылар тарапынан сапалық зерттеулерді қажет етеді.  Отан тарихындағы жеке тұлғалардың тарихы, өткені мен бүгінгі күнмен салыстырмалық түрдегі зерттеу ұстанымдары тарих ғылымындағы тарихшылар таранынан атқарылатын жұмыс болуы қажет.

ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» атты кітабында ұлттық сипаттың барлық көріністері үшін тоталитаризм әсіресе апатты болғанын айтып өтіп, жүздеген және мыңдаған жылдар бойындағы ұлттық тарих оның небір нәзік, небір айшықтарымен қоса соншалықты өрескел озбырлыққа душар болды келе, «Небір кемеңгер билікшілері мен небір ғажайып өнерпаздары бар қазақ даласының нақты тарихы бүкіл дүниені түп-түгел қайта құрудың жаңа доктринасы шеңберінде түк құны жоқ қайдағы бір «жабайы тағылық» ретінде қайта жазылды. Ұлттық сананы қорлап, жер қылған осы содырлы нұсқадан біз әлі арыла алмай келеміз», - деп өткен тарихты танып-білуде кеңестік кездегі таптық әдістің тигізген зардабы турасында жазып [3], осы кезеңде қазақтың ішінен шыққан ұлтжанды азаматтардың әрбірі ағартушылық, саяси-қоғамдық жұмысымен қазақты мәдениетті елдердің қатарына көтеруге бар күш-жігерін, өмірін арнады деп топшылайды.

Қазақтың тарихындағы ұлтымыздың тұңғыш елшісі болған Нәзір Төреқұлов өмірбаяны мен  мемлекеттік қызметі бүгінгі таңда зерттеліп келеді. Мұндай тұлғаның өмірі мен атқарған жұмысы ешқашан халық жадынан өшпейді және еліміздің болашағы үшін тағылымы зор [4]. Н.Төреқұлов тұлғасының саясаткер ретінде қалыптасуы ХХ ғасырдың алғашқы ширегіне сай келеді. Орталық Азия аймағы үшін, оны мекендеген халық үшін келешегі анықталатын тұста Н.Төреқұлов Түркістанда жоғары партия қызметінде жұмыс атқарды.  Оның Түркістан жеріндегі халықтардың бірлігін нығайтуда тарихи тұрғыдан еңбегі зор. Ол аталған уақытта Қызылордада, Шымкентте, Алматыда, Бішкекте, Ташкентте, Ашхабад пен тағы басқа да ірі қалаларда бірнеше білім орындарын ашу ісіне, сауаттылық ашу бойынша баспасөз редакцияларын құруға, жаңа баспаханалар ашу шараларына еңбек сіңірген.

...

Скачать:   txt (17.9 Kb)   pdf (104.8 Kb)   docx (12.4 Kb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club