Салыстырмалы тарихи әдіс
Автор: _madikowaOo1 • Июнь 5, 2023 • Реферат • 1,537 Слов (7 Страниц) • 285 Просмотры
Қазақстан Республикасының ғылым мен білім министрлігі
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
Филология факультеті
Баяндама
Тақырыбы:Салыстырмалы тарихи әдіс.
Орындаған:Шүйінішбай М.Т
Тобы:Ко32
Қабылдаған:Хасенов Б.Р
2023жылы
Жоспар.
1.Салыстырмалы тарихи тіл білімінің өткені.
2.Салыстырмалы тарихи тіл білімінің бүгіні.
3.Салыстырмалы тарихи тіл білімінің болашағы.
4.Қорытынды.
1.Салыстырмалы тарихи тіл білімінің өткені.
1.Салыстырмалы тарихи тіл білімінің өткені.
Бәрімізге аян салыстырмалы тарихи әдіс әлі күнге дейін өз орының жоғалтпады.Ал ол оның өткені талай,өзіндік жаңалықтарға ие десек артық болмас.Бірінші біз салыстырмалы тарихи тіл білімінің анықтамасына үңіле кетсек.Салыстырмалы-тарихи тіл білімі - туыстас тілдерді зерттейтін, туыстық жақындықтарына қарай оларды түрлі семьяға, топқа жіктейтін, олардың тарихын, тараған аймақтaрын айқындайтын ғылым деген анықтама беріледі.Жалпы осы кезде тіл білімінің дамуы жаңа дәуірі тілді дамып,өзгеріп отыратын тарихи құбылыс деп таныған болатын.Бұл кезеңде сонымен қатар тілдер өзара туыстас,төркіндес болады міне осы заңдылықтарды ашуға зерттеуге тарихи әдісті қолданып бастаған еді.Жалпы бәрімізге анық тіл туралы ғылым өзінің үлкен бет бұрысын XIX ғасырдың алғашқы он жылдығына орныға бастады,міне осы арқылы салыстырмалы тарихи әдіс әлі күнге дейін өз құның жоғалтпай келеді.Салыстырмалы тарихи әдістің қалыптасуының өзі лингивистикалық ой пікірдің дамуының заңды нәтижесі еді.XVIII ғасырдың соңғы жартысы мен XIX ғасырдың алғашқы жылдарында тіл ғылымының даму қарқыны,бағытыжаңа зерттеу әдісінің қажеттігін айқын көрсеткені мәлім. Осы кезенде салыстырмалы тарихи әдіс негізінде жазылған бірнеше еңбектер жарық көрген болатын.Міне осындай қарқынмен,осы негізде салыстырмалы тарихи әдіс қалыптаса бастады.
Салыстырмалы тарихи тіл білімінің негізгі салушысы Франц Бопп деп саналады.Франц Бопп неміс ғалымы. Бопптың көп еңбектері шынында да, зерттеу ісіне салыстыру әдісін қолдану арқылы тілдер туыстастығын айқындауға болатындығын көрсетті.Айта кететін жәйт Франц Бопптың салыстырмалы тіл тарихына қосқан үлесі,еңбегі көп. Ол біріншіден үнді-европа семьясына жататын тілдерден жиналған орасан мол фактілерді бір-біріне салыстыра зерттеу арқылы олардың туыстастығын, бастапқы күйін, шыққан төркінін ашпақ болады. Екіншіден, европа тілдері грамматикасына тән флективті құрылыстың тарихи сырын жан жақты айқындауды көздейді.Осындай еңбектерінің арқасында әрине Франц Боппты салыстырмалы тарихи тіл ділімінің негізгі қалаушысы деп айтсақ артық етпейді.
Салыстырмалы тарихи әдістің өткені жайлы сөз етсек сөз таусылмас әрине.Салыстырмалы тарихи әдіске үлес қосқан ғалымдар көп еді.Оларға тоқтала кетсек.Олар; Расмус Кристиан Раск, Якоб Гримм, Александр Христофорович Востоков т.б. Менің ойымша ғалымдардың еңбегі тіл білімін зор беделге ие етіп,оның даму бағытына елеулі ықпал жасады.
Салыстыруда қандай мақсат көзделеді.Олар; тілдер фактілері дамуының жалпы заңдылығын, олардың арасындағы туыстастықты ашу, тіл және тілдер тарихын айқындауға қажетті мәліметтер табу.
...