Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Кенестiк кезендегi Казакстан Тарихын зерттеудiн методологиясы

Автор:   •  Апрель 13, 2025  •  Реферат  •  1,797 Слов (8 Страниц)  •  146 Просмотры

Страница 1 из 8

[pic 1]

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті

                   

БӨЖ

ТАҚЫРЫБЫ: КЕҢЕСТІК КЕЗЕҢДЕГІ ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫН ЗЕРТТЕУДІҢ   МЕТОДОЛОГИЯСЫ

                                                                       Орындаған: Мадияр Ж.Ж

                                                                       Топ: М1601-14

                                                                       Қабылдаған:  т.ғ.к аға оқытушы Баймаханов Б.К

2024-2025 оқу жылы

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылғы 9 қаңтардағы «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» бағдарламалық мақаласында отандық тарих ғылымына қатысты бірқатар өзекті мәселелерді көтерді. Сондай «стратегиялық маңызы бар, тарихи сананы жаңғыртуға» бағытталған мәселе – көптомдық, академиялық ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі Қазақстан тарихының жаңа нұсқасын дайындау. Осы орайда Президент: «Тәуелсіздік жылдарында бірнеше рет қолға алынғанына қарамастан, ұлттық мүддемізге сай келетін көп томдық жаңа тарихымыз әлі толық жазылған жоқ. Оның тұжырымдамасын бұған дейінгі олқылықтарды ескере отырып қайта қарап, жаңа ғылыми ұстанымдар мен жаңалықтардың негізінде тыңнан жазатын уақыт әлдеқашан келді» (egemen.kz/article/260146-tauelsizdik-barinenqymbat), – деп қадап айтты. Қазіргі уақытта қазақстандық тарихшылар тың тарихи деректерге және жаңа бағыттарға негізделген тарихты жазуға кірісіп кетті. Тарихы бұрмаланған, жаттанды стереотиптер мен догматикалық тұжырымдарға толы кеңестік Қазақстан тарихы да қайта жазылуда. Дегенмен күрмеуі қиын мәселенің түйінін шешпес бұрын оның ғылыми ұстанымдарын айқындап алу қажет. Осы орайда кеңестік Қазақстан тарихын зерттеудің теориялық және методологиялық негіздерін анықтап, нақтыландыру шынайы тарих жазудың кепілі болмақшы.

        Отандық тарихтың тарихнамасында Қазақстан тарихын дәуірлеу бойынша М. Қозыбаевтың (Қозыбаев, 1998), С. Кентбековтің (Кентбеков, 1997), З. Алдамжардың (Алдамжар, 2002), Т. Омарбековтың (Омарбеков, 2004), Х. Әбжановтың (Әбжанов, 2014) және т.б. зерттеулері орын алған. М. Қозыбаев «бүкіл қазақ тарихын тоғыз асқаралы белестерге» бөліп, «әрбір белес туралы – халқымыздың тарихи тағдыры қысқаша топшылама, үзік сырлар, ой айтты» [2:146]. Т. Омарбеков және Ш. Омарбеков тарихты жазуда бір жүйеге түсірілген кезеңдеудің әлемдік тәжірибесін бас шылыққа алуды ұсынды. «Өздерінің тарихын хронологиялық жүйеге түсіріп үлгерген өрке ниетті елдерде тарихи өркендеу сатылары алғаш эраларға, одан соң дәуірлерге (эпоха), одан кейін кезеңдерге (период) және ең соңында сатыларға (топтарға) бөлінеді» (Омарбеков, 2004:10) деген тұжырымы осының дәлелеі. С. Кентбеков аталған тарихи мерзімдерге анық тама беріп, олардың әрқайсысын талдады. Зерттеуші ежелгі дәуірден 1917 жылғы қазан революциясына дейінгі Қазақстан тарихының дәуірлеуін қарастырды. З. Алдамжар дәуірлеудің методологиясы турасында сөз қозғап, өткен уақыттарда, соның ішінде «Кеңестік тарих ғылымында қолданылған дәуірлеу прин циптері мен критерийлері марксизм-ленинизм ілімінің, оның таптық методологиясы негізінде анықталып, коммунистік партиялық прин циптің жетегінде болғанын» ашып көрсетті [3,121]. Өркениетті дәуірлеудің формациялық дәуірлеумен салыстырғандағы артықшылықтарын көрсете келе кезеңдеудің принциптері ретінде уақыт пен кеңістік жүйе лілігін алуды ұсынды [3,127]. Бұл принциптің арқасында «зерттеу еркіндігі де, мүмкіншілігі де өсе түсетінін, бүкіл ұлттық төл тарихты айтпағанның өзінде, осы негізде нақтылы бір тарихи тақырыптың да дәуірін, кезеңін анықтауға болатындығын» [3,127] дәйектеді. Х. Әбжанов Отан тари хын дәуірлеу мәселесін «толғағы жеткен өзек жарды міндеттердің бірінші қатарына» жат қыза отырып, оған «Отан тарихын дәуірлеу дегеніміз – тарих ғылымының теориясы мен методологиялық өресін көрсететін, таным биі гіне көтерілу жолындағы атқарылған істер мен алдағы міндеттерді таразылайтын жауапты сәт» [1, 22] деген анықтама берді. Дәуірлеудің әлеуетіне «ол күрмеуі күрделі тарихи-өркениеттік үдерістердің бастысы мен екінші кезектегісін, негізгісі мен қосалқысын айыра тануға мүмкіндік береді» [1,22] деген баға берді. Көріп отырғанымыздай тарихшылар дәуірлеудің теориялық, методо логиялық негіздеріне көбірек назар аударды. Кеңестік Қазақстан тарихын кезеңдеуге арналған іргелі еңбектер жарық көрмеді. Мұның өзі біз талдап отырған мәселенің бұрын-соңды зерттеу нысанына айнала қоймағандығын дәлелдейді. Сондықтан да зерттеу өзекті болып саналады. Ұзақ жылдар бойы кеңестік Қазақстан тарихын қазіргі заман тарихы деп атау ғылымда берік орнықты. Посткеңестік кезеңдегі, яғни тәуелсіз Қазақстан тарихы да қазіргі заман тарихы деп аталды. Осыған орай біраз шатасушылық орын алды. 2010 жылы жарық көрген бес томдық Қазақстан тарихының төртінші томы кеңестік кезеңдегі Қазақстан тарихы деп аталады (Қазақстан тарихы, 2010). 1917-1991-жылдар аралығындағы Отан тарихын кеңестік Қазақстан тарихы деп атау орынды. Өйткені Қазақстан 1917-жылдан қазіргі уақытқа дейін әртүрлі саяси жүйелер жағдайында өмір сүрді. Республиканың қоғамдық-тарихи даму ерекшеліктері де әртүрлі болды. Кеңестік Қазақстан тарихы жетіс жылдан астам уақытты қамтиды. Осы аралықтағы тарих нақты кезеңдер мен сатыларға бөлінбеген. Отандық тарих ғылымында кеңестік Қазақстан тарихының мерзімдемесі бойынша ортақ пікір қалыптаспаған, мәселенің методологиялық негіздері бір ғылыми жүйеге түсірілмеген. Қазақстанның тарих ғылымында кезеңге бөлу мәселелеріне байланысты категориялар мен түсініктер туралы бірыңғай нақты ұғым жоқ. «Дәуір», заман, «кезең» деген терминдерге ғалымдар әр түрлі түсінік береді, сондықтан ғылы ми әдебиеттерде өзара қарама-қайшылықтар орын алған. Қазақстан тарихының жалпы әлемдік үдеріспен байланысы туралы жеткілікті түсінік қалыптаспаған. Қазақ тарихын жазуда ең алдымен дәуірлеу, кезеңдеу, сатылау жүйелері, олардың әрқайсысының ұғымы анықталуы тиіс. Дәуір бірнеше мыңжылдықтарды, заман бірнеше жүзжылдықтарды, кезең онжылдықтарды, саты жылдарды қамтитын уақыт кесіндісі болып табылады.

...

Скачать:   txt (23.6 Kb)   pdf (152.4 Kb)   docx (20.1 Kb)  
Продолжить читать еще 7 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club