Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Жаңа кезеңдегі денсаулық сақтау

Автор:   •  Октябрь 15, 2018  •  Лекция  •  1,759 Слов (8 Страниц)  •  1,029 Просмотры

Страница 1 из 8

ФММК Туризм 104 гр

Муминова Сулухан

200-207 б

200 б.

Жаңа кезеңдегі денсаулық сақтау.

   «Қазақстан-2030» Стратегиясында азаматтардың денсаулығы Қазақстанның ұзақ мерзімге арналған дамуының негізгі басымдықтарының бірі болды. Халықтың денсаулығы және елдің экономикалық дамуы өзара байланысты. Халықтың денсаулығын ойламай, тұрақты даму міндеттерін қою мүмкін емес және керісінше тұрақты экономикалық өсусіз халықтың денсаулығын жақсарту мүмкін емес. Халықтың денсаулығының жағдайы мемлекеттің халқы алдында жауапкершілік деңгейін сипаттайтын қоғамның әлеуметтік бағдарының және әлеуметтік кепілдерінің негізгі көрсеткіші.

  Стратегияда алға тартылған ережелерге сәйкес алғашқы кезеңдерде оның іске асуында бірқатар ірі шаралар жүзеге асырылды. Олардың ішінде 1997,2002,2007 жылдары өткен Қазақстан дәрігерлер съезін айтуға болады.

  Денсаулық сақтау саласының қызметі осы кезеңде «Халық денсаулығы» Мемлекеттік бағдарламасы, ҚР денсаулық сақтау саласын әрі қарай дамытудың 2000-2005 жылдардағы Тұжырымдамасын жүзеге асырылуға бағытталды. 2002 жылы қала халқына 465 амбулаторлық-поликлиникалық ұйымдар алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетті. Бұл кезде бұл салада 8 мыңнан аса ұйым жұмыс істеді, олардың 88%-ы мемлекеттік және 12%-ы дербес болды. 2004 жылы осы саладағы жеке сектордың үлесі орта есеппен 34%-ды, 2008 жылы 30%-ды құрады.

  2002 жыл медицина саласы үшін ауыр жыл болды. Республика халқының денсаулығын қорғау мемлекеттік маңызы бар міндеттердің қатарында болды. Мемлекет үшін халықтың денсаулығы үлкен құндылық. 2002 жыл 1 қаңтарда ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев «2002 жылы Денсаулық жылы деп жариялау туралы» Жарлыққа қол қойды. Осыған байланысты бұл жыл отандық медицина тарихына Денсаулық жылы болып енді.

   Бір жыл бойы халықты жаппай сақтандыру шаралары жүргізілді, соның ішінде 4,2 млн ауыл тұрғындарын бір уақытта сауықтырып, 36% науқасты диспансерлік есепке алды. 2000 жылдың басында 1200 ауылдық елді мекен пункттерінде медициналық қызметкер мен медициналық ұйымдар болмады. 2002 жылы бұл мәселе шешілді. Қазақстан ТМД елдерінің ішінен алғашқы болып барлық жаңа туған сәбилерге сары ауруға қарсы жаппай екпе салды. 2002 жылы халықтың 97%-на екпе егілді. Бұл балалардың сіреспе, дифтерия, коклюшпен ауру деңгейінің төмендеуіне ықпал етті. Қазақстан полимиелиттен азат ел ретінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы тарапынан куәландырылды.

   2002 жылы Фармация, фармацевтика және медициналық өнеркәсіп комитеті құрылды. Ол стратегиялық, әлеуметтік және экономикалық маңызы бар фармацевтикалық секторды мемлекеттік реттеуді күшейту қажеттілігінен құрылды. Фармацевтикалық  өндірістің саны 90-ға дейін өсті. Алайда әлеуметтік сауалнамалардың нәтижесі бойынша қазақстандықтардың басым көпшілігі

халықаралық фармацевтика компанияларының өнімдерін қалайды, тек 14% респблика азаматтары отандық өндірушілерді қолдады.

   2004 жылы медициналық қызметтің толыққанды көрсетілуі және жан-жақты бақылау мақсатында Медициналық қызмет көрсету саласын бақылау комитеті құрылды. Денсаулық сақтау министрлігі құрылымына Фармацевтикалық бақылау комитеті және Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті кірді.

   Жалпы денсаулық сақтау саласында саланы басқаруда түбегейлі қайта қарауды талап еткен бірқатар мәселелр болды. Медициналық қызмет көрсетуді басқаруды, қаржыландыруды, ұйымдастыруды жетілдіруді күрделі өзгерістер енгізу қажет еді. Осы мақсатпен ҚР денсаулық сақтау ісін реформалау ме дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы әзірленді.

  2005 жылы ақпнда ҚР Үкіметі жанында Денсаулық сақтау жөнінде ұлттық үйлестіру кеңесі құрылды.

  Денсаулық сақтауды дамыту бағдарламасы мемлекет және адам арасында денсаулықты қорғауғажауапкершілік; медицинлық көмек көрсетуді ұйымдастырудың халықаралық қағидаларына көшу; денсаулық сақтауды басқарудың жаңа үлгісін құру; ан ме бала денсаулығын күшейту, медицинлық-демографиялық жағдайды жақсарту; әлеуметтік дерттер деңгейінің жыл сайын төмендеуі міндеттерін анықтады. Берілген Бағдарламаның аясында халықтық белгілі бір категориясын және де белгілі бір категориясын және де белгілі бір ауруға шалдыққан науқастарға жеңілдікпен тегін дәрі-дәрмек беру енгізілді. Қолданылған шаралардың нәтижесінде 2007 жылы бала туу деңгейі 13%ға артты.

...

Скачать:   txt (26.3 Kb)   pdf (146.3 Kb)   docx (18 Kb)  
Продолжить читать еще 7 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club