Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Денсаулық сақтау жүйесінің сапасы

Автор:   •  Октябрь 11, 2021  •  Доклад  •  874 Слов (4 Страниц)  •  342 Просмотры

Страница 1 из 4

ДДСҰ мүшелерінің анықтамасы бойынша: «Денсаулық сақтау

жүйесінің сапасы дегеніміз, халықтың күткен үмітіне нақты түрде

сәйкес болу және денсаулықты жақсарту мақсатында денсаулық

сақтаудың жетістіктерінің деңгейіне лайық болу» .

Денсаулық сақтаудағы сапаны бақылауды салыстырмалы түрде

жаңа және ерекшеленген өзекті мәселеге жатқызуға болады. Соңғы

жылдары бұл мәселеге деген мүдде денсаулық сақтау мекемелеріне

жаңа шаруашылық механизмді енгізуге, әсіресе медициналық

сақтандыруға ауысу кезеңіне байланысты күшейе түсті. Осыған

орай медициналық қызмет көрсету сапасын саладан тыс бақылауды ен

гізуқажет болды. Жаңа қаржыландыру көздері және экономикалық

тиімділікті жоғарылатумен қатар денсаулық сақтау реформаларын

жүргізуде бұл негізгі мәселе болып табылады.

Сапа өнімнің ажырағысыз белгісі болып табылады, ал өнім және

оның сапасы маркетинг жүйесіне жатады. Осыған байланысты

нарықтық экономика жағдайында өнім және сапа, әсіресе денсаулық

сақтаудағы сапаны бақылау ұғымы маркетинг мәселесі ретінде қарастырылуы тиіс.

Әртүрлі денсаулық сақтау мекемелері нарықтық экономика жағдайында өндіруші, сатушы және тұтынушы ретінде қаралып отыр.

Сапалы өнімнің болуы денсаулық сақтау мекемелерінің өмір сүруіне

және дамуына қажетті жағдай туғызады. Денсаулық сақтауда "өнімді" келесі топтарға бөледі:

• қызмет көрсету (халықтың әртүрлі медициналық көмек түрлеріне қажеттіліктерін қанағаттандыратын жұмыс – аурудың алдын алу, оның түрін анықтау, емдеу, сауықтыру және т.б.);

• медициналық тағайындау заттары (дәрі-дәрмектер, таңу заттары, жабдықтар, әртүрлі құралдар және т,б.);

• медициналық ақпарат (медициналық әдебиеттер, олардың электрондық нұсқасын қолдану арқылы әртүрлі ақпаратты-ізденіс жүйелері, жаңа әдістер, әдістемелер және т.б.);

• мамандар;

• медициналық мекемелер.

Ақпараттар сапасын бақылау қажеттілігінің туындауы көптеген салалар үшін ортақ жағдай, себебі ақпарат жеткілікті және толық болмауы мүмкін, ал денсаулық сақтау үшін бұл айтарлықтай өте өзекті мәселе. Қазіргі кезде әртүрлі бұқаралық ақпарат көздері көбінесе тексерілмеген мәліметтерді жарыққа шығарады, ал ол адамдардың денсаулығына және медициналық мекемелер мен олардың қызметкерлерінің абыройына нұқсан келтіруі мүмкін. Кей кездері төменгі сапалы ақпараттар күн көру мақсатында жарнамаланады, ондайда халықтың денсаулық сақтау мәселесіне деген мүддесі жойылады. Ақпарат сапасын бақылау негізінен сараптауды талап етеді және әртүрлі сипаттағы медициналық ақпаратты жоғары бағалау құқығы және тек қана денсаулық сақтау жүйесінің жауапкершілігінде болу керек.Бірқатар елдерде

медициналық мекемелердің сапасын бақылау оларды лицензиялау арқылы қамтамасыз етіледі.

Лицензиялаудың мәні медициналық мекемеге мемлекеттік рұқсат-лицензия беру, ол медициналық сақтандыру жүйесінде белгілі бір жұмыс түрлерін атқаруға құқық береді. Лицензиялау тәртібі мекеменің, оның жабдықталуының, мамандарының жұмыс жағдайын жан-жақты талдауға негізделген. Лицензия мекеменің медициналық қызмет орындаушы ретінде сапасының белгілі бір қажетті стандартын растайды. Лицензиялауға барлық мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары мен жеке медициналық тәжірибелік және халық медицинасымен айналысатын ұйымдар жатады.

Лицензияға дейін 1 ай бұрын медициналық мекемелерде тексеру жүргізіледі, яғни мекеменің материалдық техникалық жабдықталуы туралы мәліметтер, қызметкерлердің дәрежелік деңгейі анықталады.

Берілген өтініште медициналық көмектің түрі көрсетіледі, сонымен қатар өтінішке қосымша құжаттар тапсырылады:

• жарғы көшірмесі немесе мекеменің жұмыс ережесі;

• жалға алынған ғимараттың келісім шартының көшірмесі;

• санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау қорытындысы;

• ғимаратты пайдалану туралы қорытынды;

• техникалық қауіпсіздік жағдайы туралы;

...

Скачать:   txt (14.9 Kb)   pdf (55.3 Kb)   docx (10.9 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club