Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Жаңа агротехникаға көшу, оның әлеуметтік-экономикалық салдары. Мемлекеттің жаңа аграрлық саясаты

Автор:   •  Февраль 4, 2018  •  Реферат  •  1,551 Слов (7 Страниц)  •  1,237 Просмотры

Страница 1 из 7

              Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

                                       Шығыстану факультеті

                                     Қиыр Шығыс кафедрасы

                    [pic 1]

            СӨЖ

Тақырыбы: «Жаңа агротехникаға көшу, оның әлеуметтік-экономикалық салдары. Мемлекеттің жаңа аграрлық саясаты»

                                                                      Орындаған: Өтеген Гауһар (1-курс)

                                                                                 Тексерген: Ташкенбаева Б.Ж.

                                           

                                            Алматы, 2018

Жаңа агротехникаға көшу, оның әлеуметтік-экономикалық салдары. Мемлекеттің жаңа аграрлық саясаты

   Кореяның ХVII-XVIII ғ. қоғамдық және экономикалық өмірдің көптеген салаларына үлкен ықпал еткен шаруашылық өміріндегі маңызды өзгеріс агротехникаға көшу болып табылады. XVII ғ. бастап күрішті тұқымдап сеппей, арнайы бөлінген жер телімдерінде алдын ала көшет өсіріп, соны отырғызатын болды. Бұл, бір жағынан, ауыл шаруашылық жұмыстарға ертеден кірісуге мүмкіндік берсе, екінші жағынан көшеттердің өнгіштігінің жоғарырақ деңгейін қамтамасыз етті. Нәтижесінде осы дақылдардың өнімділігі айтарлықтай жақсарды.

   Бұл агротехникалық жаңалық корейліктерге XV ғасырда-ақ белгілі болған. Алайда күріш көшеттерін отырғызуға бірыңғай көшу нақ XVII жүзжылдықта орын алды. Жапондар мен маньчжурлармен болған екі талқандаушы соғыстан кейін анағұрлым тиімді қалпына келтіруді талап еткен ауыр экономикалық жағдай осыған себеп болуы мүмкін.

   XVII ғасырдан бастап корейлер Еуропа мен Америкадан Жапония немесе Қытай арқылы келген ауыл шаруашылық дақылдардың жаңа түрлерін белсенді түрде өсіре бастады. 1763 жылы Кореяға батат (тәтті картоп), ал 1824 жылы картоп әкелінді. Батат негізінен оңтүстік провинцияларда, ал картоп солтүстік провинцияларда өсірілді. Кореяға әкелінген дақылдардың ішінен тағы қазіргі корейлердің заманауи рационында кең таралған бұрыш пен асқабақ сияқты көкөністерді атауға болады. Жаңа дақылдарды өсіру Корей түбегінің ауқымды бөлігін алып жатқан, күріш өсіруге жарамсыз тау бөктерін тарту арқылы ауыл шаруашылық алқаптарын кеңейтуге мүмкіндік берді.

Күрішті отырғызу мен жаңа ауыл шаруашылық дақылдарын өсірудің жаңа технологиясына көшу өнімнің жоғары өсімін, яғни азық-түлік мөлшерінің көбеюін қамтамасыз етті. Нәтижесінде, Корея халқының саны қарқынды түрде өсті (1-кесте).

  1. кесте. Корея халқының ХVII-XVIII ғ. өсуі (халық саны)*

        Жыл

           Сеул халқының саны

           Провинция халқы

        1648

95569

1435796

        1717

238119

6601652

        1768

188884

6817364

        1799

193783

7218903

*Пен Тхэсоп Хангукса тхоннон (Корея тарихынан очерктер) бойынша құрастырылған. Сеул, 1996.

   Осылайша, тек XVII ғасырда Корея халқының саны 6 есеге өсті! Халықтың өсуі бүкіл корей қоғамы үшін маңызды салдар әкелді, ең алдымен, әлеуметтік жіктелудің процесстерін анықтады. Ауыл шаруашылығында еңбек өнімділігінің қарқынды өсуіне (және, тиісінше, халықтың өсуіне) әсер еткен тағы бір маңызды жағдай - мемлекеттің жаңа аграрлық саясаты.

   Имжин соғысы аяқталғаннан кейін егістік жерлерді қайта санау жүргізілген кезде олардың ауданы 540 мың тсёлъден аспайтындығы анықталды, бұл Ли династиясының басқаруының алғашқы кезеңінде өңделген жер ауданынан үш есеге кем (шамамен 1700 мың кёль). Маньчжурлардың екінші әскери жорығының аяқталуына қарай (1637) бұл саладағы жағдай онша жақсара қойған жоқ. Мәселе XVI ғасырдың соңына қарай  бұрынғы жер үлестіру жүйесі мен халық санау жүйесі толығымен құлауында болды. Оның үстіне, Жапония және маньчжурлармен соғыстың әсерінен шаруалар жиі егістік жерлерін тастап кететін. Сонымен қатар, екі соғыс кезінде халықтың саны едәуір азайды.

...

Скачать:   txt (16.3 Kb)   pdf (227.2 Kb)   docx (63.4 Kb)  
Продолжить читать еще 6 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club