Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ежелгі түрік мемлекетінің құрылуы

Автор:   •  Август 28, 2022  •  Лекция  •  1,487 Слов (6 Страниц)  •  223 Просмотры

Страница 1 из 6

Ежелгі түрік мемлекетінің құрылуы

  1. Ежелгі түрік тайпа одағының құрылуы
  2. Ежелгі түрік мемлекетінің құрылуы
  3. Түріктердің қоғамдық құрылысы

Әдебиеттер:

1.ГумилевЛ.Н Древние тюрки. М.-1.,1968

2.Кляшторный С.Г.Древнетюркские рунические памятники. М.,1964.

   

   VI ғ. ортасында тарихи аренаға түркі тілдес көшпелі тайпалар келеді.

 І мың жылдықтың ортасында Орталық Азияның кең алқабында  тэле деген жалпы  атпен белгілі , түркі тілдес тайпалар  қалыптаса бастайды.Тэле «Соңғы Вэй мемлекетінің  кезінде тэле деп атала бастайды.Тан мемлекетінің басында  (618-907)тэле,ал кейін хуэйхе деп атала бастады –дейді қытай хроникасы.

       Тэле батыста және  оңтүстік-батыста түрлі индоевропалық  тайпалармен (тохар,шығыс иран және басқа) , ал оңтүстікте  қытайлықтармен шекараласты. Шығыста моңғолдар,ал солтүстікте палеоазиаттар тықсырды. Тэле Гоби шөлін ,шығыста  Үлкен Хинган , батыста Тянь-Шаньға дейінгі  территорияны алып жатты.

      Телэлердің шығуын зерттеушілер ІІІ-ІV ғата –тегі сюнну болған гаогюй тайпаларымен  байланыстырады.Vғ .соңы -VІ ғ .басында гаогюй аварлармен  Шығыс Түркістанның көгалды алқабы үшін  бақталасты. Қытай тілінде  теле ретінде  белгілі термин қазіргі сикологтар мен тюркологтармен  теграг,тирек  немесе  тегин.

     У-дэ (618-627)  билік құрған эра басында  теле  қытай деректерінің  мәліметтеріне сәйкес  15 тайпаға  бөлінді: Сеяньто, циби,хуэйхэ, дубо,гулигань, долангэ, пугу, боку,букут, баэгу, тунло,  хунь, сыцзе, хусе, кокча,  аде, байси. Кейін олардың құрамы  оған гэлолу, басими және басқалардың  қосылуымен  кеңейді. Теле тайпасының  ең ірі  Сеяньто тайпасында 628 жылы қытай әулетінің  хроникасында берген мәлімет бойынша 70000 кепе,байегу-60000 кепе,пугу-30000 және т.б .беріледі.

      Тэле  Түрік қағанатының  құрамына қосылды,бірақ бірнеше ғасыр  бойында  олар түріктермен  соғысып, олардан тәуелсіздік  алуға әрекет жасайды. Ақыры теле тайпасы , оның негізгі бөлігі , тоғыз-оғыз  әскери-саяси  одағына бірігіп ,түрік үстемдігінен шығып, алдымен  628 жылы Сеяньто, ал кейін 646 және746 жылы  Ұйғыр  қағанатын құрады. Өте күрделі  әскери-саяси  процестер  нәтижесінде  көптеген теле топтары  батысқа көшіп кетіп, Қазақстан, орта Азия, Оңтүстік Шығыс Европа, Солтүстік Кавказға  қоныс тепті. Батыс теле тайпалары Қазақстан территориясындағы   этникалық процестерге белсенді түрде араласып,  қазіргі  түркі тілдес  халықтардың  шығуына негіз жасады.

   VІ ғ. ортасы VІІІ ғ ортасына дейін  Орталық және Ішкі Азияда  және телеге үстемдік құрған  тайпа қытай  деректерінде тюцзюе, ал руналық ескерткіштерде -тюрк деп аталады.

    Алғаш түріктер туралы  ресми мәліметті  қытай империясына  соғды дипломаттары  хабарлаған . Руна ,ұйғыр,араб жазуындағы  сөздің дұрыс жазуы  turk деп есептейді лингвистер.

      Түрік сөзінің прототипі turkun  „тайпа жиналатын орын„ , „туысқандар„ , turta,turtu, tortu- „пайда болу„ , туылу, шығу ,құрылу деген  етістіктен шыққан делінеді.

     Түрік  термині алғашқыда тар мағынада  беріледі. Түріктер тек  2 белгілі  патша  руы ашина және ашидэ  мүшелері болды. Түрік қағаны әрқашан  ашина руынан шықты, ал оның әйелі хатун әрқашан ашидэ  руынан еді. Деректерде „ашина„ және „түрік„  этнонимдері  синоним ретінде шығады.  Кейін түрік термині  мен олар жаулап алған тайпаларды  да айта бастады. Бірақ „ашина„ термині  әрқашан  тар этникалық  маңызын сақтап қалады.

С.Г. Кляшторный  ашина ата-тегі бастапқыда  иран-тохар ортасымен , сюннумен  байланысты болды, кейін бұл процеске  иран тілдес  „аралас ху„  және жуан-жуан  тайпалары араласты  деп есептейді. Сондай-ақ  ол түрік ашина  тайпасының  арте тарихының  ганьсюй -гаочан (б.э,ІІІ ғ-460ж)  және алтайлық кезеңін бөліп көрсетеді. Көптеген  зерттеушілер  ашинаның шығу тегін сюннуден  бастайды.Ю.А.Зуев  ашина мен үйсіндердің шығу тегінің  аңыздағы  ұқсастығына  көңіл бөлді . Осының негізінде  ашинаның шығу тегі усунмен байланысты  делінеді. Аңыз бойынша түріктердің  ата-тегі  өз жауларымен  шапқынға ұшырайды.

...

Скачать:   txt (15.9 Kb)   pdf (65.4 Kb)   docx (12.6 Kb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club