Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ежелгі Финикия және Палестина

Автор:   •  Март 9, 2022  •  Эссе  •  7,800 Слов (32 Страниц)  •  665 Просмотры

Страница 1 из 32

Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университеті

ЭССЕ

Тақырыбы: Ежелгі Финикия және Палестина

Орындаған: Жолымбекова.А.С

Тексерген: Қ.Т.Тұрғынбайқызы

Алматы 2022

             Інжілде Ханаан деп аталатын елдің Ливан тауларының баурайында, Жерорта теңізінің шығыс жағалауын бойлай жатқаны көрсетіледі.Оны  өзара  туыс  болып  келетін  екі  халық:  Ханаанның  солтүстік бөлігін  –  финикиялықтар, ал  оңтүстігін  –  еврейлер  жайлаған.  Бір жағынан,  тау  табиғаты  бұл  халықтардың  бір  орталыққа  бағынған мемлекет құруына мүмкіндік бермей, кішігірім қауымдастықтардың еркін  сауда  жасауына  жағдай  туғызған.  Екіншіден,  егіншілікке қолайлы кең жердің болмауы, есесіне, кеме, қайықтардың тоқтауына қолайлы  шығанақ,  мүйістердің  және  кеме  өндірісімен  айналысуға мүмкіндік беретін ағаштардың жеткілікті болуы финикиялықтарды теңізшілік кәсібімен айналысуға мәжбүр еткен. Расында да, арнайы әдебиеттер финикиялықтардың ежелгі әлемнің мықты теңізшілері, саудагерлері болғанынан мәліметтер береді. 

ЕЖЕЛГІ ФИНИКИЯ
           Б.д.д. ХІ ғасыр басында Финикия мен 
Палестина дербес саяси даму мүмкіндігіне ие болады. Тарихи дәуір бұл елдерде кең көлемді  сауда байланыстарына, қалалардың өркендеуі мен кәсіби қол өнерінің     дамуына  ықпалын  тигізеді.  Осы  кезде  финикиялықтардың  әшекей  бұйымдарын жасау, піл сүйегін оюлау, түрлі-түсті шыны және қарақошқыл түсті мата дайындау шеберлері ретінде аты шығады. Өнерлі теңізшілер болған олар құл сатумен, теңіз қарақшылығымен айналысады. Деректер б.д.д. ІІ-І мыңжылдықтар арасында Финикияның Тир 
және Сидон қалалары өз дамуында үлкен жетістіктерге жеткенінен 
хабар береді. Финикияның әртүрлі аймағында орналасқан қалаларының өз               патшалары болған. Бірақ, олардың билігіне абыздар мен ең бай тұрғындар     шектеу  қойған.  Кейбір  қалалар  қорғаныс  үшін  өзара  одақтарға 
біріккен. Ежелгі дәуірде осындай одақта басты орынды – Сидон, кейін 
кең танымал болған Тир алса керек. Бұлардан басқа: Арвад, Триполис, 
Библос, Берит тәрізді жақсы дамыған қалалар да болған. 
Финикия  патшалары  ішінен  тек  Тирді  басқарған  бірнешеуінің 
ғана аты осы заманға жеткен. Мысалы: Иерусалим ғибадатханасын 
тұрғызу үшін Соломонға сәулетшілер мен құрылыс материалдарын 
жіберген  Хирам;  карфагендік  Дидонаның  ағасы  Пигмалион  және 
Навуходоносордың замандасы Этбаал. 
Финикия  мәдениеті  туралы  мәліметтер  үзік-үзік,  жазба  деректер,  бейнелеу  өнері  туындылары  там- тұм.  Бұл  туралы  тек  ежелгі 
грек, рим жазушылары мен тарихшыларының болар-болмас бұлдыр 
түсініктері сақталған. Сауда-саттық мақсатын көздеген, теңіз жағалауына иелік еткен 
осы мәдениет өрісі Батыс Жерорта теңізі, Солтүстік Африка, Сарди-
ния аралы, Пиреней түбегі аймағына тарайды.
Алғашқы  сауда  жағалауда  орналасқан  көршілерді  тонау-
дан,  адамдарын  ұстап,  құлдыққа  сатқан  теңіз  қарақшылығынан 
басталған.  Уақыт  өте,  бұл кәсібін  қойған  финикиялықтар, бейбіт  түрде  

өндірген  тауарларын басқа халықтармен матаға, металға,  бағалы  өсімдіктерге және т.б. айырбастаған. 
      Ежелгі гректер халқының саны көп, қызу өмірге толы Финикия 
қалаларының дәулетін үлкен таңқалыспен мәлімдейді. Сауда-саттық 
орталықтары  болған  қалаларда  ежелгі  әлемнің  әртүрлі  түкпірінен 
осында әкелінген нені де болса: шарап, шыны, мата, салтанатты киім, 
зергерлік заттар, керемет өнер туындыларын да сатып алуға болатын. 
Сауда кемелері Финикияның Тир мен Сидон қалаларына күндіз-түні 
келіп-кетіп жатқан.
         Тарих  Финикия  саудагерлерінің  сауда-саттықтың  өзіндік 
ерекшелігімен көзге түсетін түрін өмірге әкелгенін мәлімдейді. Өзге 
ел  аумағына  келген  олар  тауарларын  жағаға  шығарып,  кемелеріне 
қайта оралып, лаулатып от жаққан. Түтінді көрген жергілікті халық 
жағаға келіп, жерге қойылған тауарлар ішінен өздеріне қажеттерін 
таңдап,  жанына  алтындарын  қалдырып,  үйлеріне  қайтқан. 
Финикиялық саудагер ұсынылған алтын көлеміне қанағаттанса, соны 
алып  еліне  оралған,  қанағаттанбаса,  алмай,  одан  ары  күтіп  отыра 
берген. Осындай ұзаққа созылған күтулерден тұрақты елдімекендер 
пайда болып, оған халық келіп орналаса бастаған.
Финикиялықтар  тек  жағалауларды  қоныстанған,  тұрғылықты 
халықтармен жаулап алу соғыстарын жүргізбеген. Олардың өзге ел-
дермен байланысы тек сауда-саттық сипатын алған. 

         Жақын орналасқан Кипрге жиі барып тұрған. Осы жерден мыс 
кені  табылғаннан  кейін,  мұнда  финикиялық  елдімекендер  пайда 
болған.  Тарихи  деректер  белгілі  бір  уақыттан  кейін  сауда  арқылы 
финикиялықтар әсерінің Жерорта теңізінің жағалаулары мен барлық 
аралдарына тарағанын көрсетеді. Испаниядан күміс кенінің мол қоры 
табылған. Аңыздардың айтуынша, олар осы жерге алғаш келгенінің 
өзінде-ақ  күмісті  көп  өндіргені  соншама,  оны  тек  кемелеріне  ғана 
тиеп қоймай, кеменің барлық жарағын, соның ішінде зәкірлерін де 
күмістен жасаған. 
           Жерорта теңізінің батыл теңізшілері ретінде Атлант мұхитына, 
Гибралтар  бұғазына  дейін  барған.  Атлант  мұхиты  арқылы  Британ 
аралдарына  дейін  жетіп,  ол  жерден  қалайы  алған.  Балтық  теңізіне 
барып,  Пруссия  жағалауларынан  ежелгі  халықтар  алтыннан  да 
қымбат  бағалаған  янтарьды  өздеріне  әкелген.  Финикиялықтар  Ги-
бралтар бұғазы арқылы Африка жағалауларын да аралағаны туралы 
мәліметтер кездеседі. 
           Тарихта Мысыр перғауындарының бірі (Нехо) өзіне қызмет етіп 
жүрген  финикия  теңізшілеріне  Африканы  айналып  келу  жөнінде 
тапсырма  бергені  айтылады.  Сапарға  шыққан  теңізшілер  жылдың 
жауын-шашынды кезіне тап келіп, жағаға шығып, өздеріне баспана 
болатын үйшіктер тұрғызады; егін егіп, оны жинап алғасын, саяхат-
ты одан ары жалғастырған. Тек үшінші жылы ғана олар Мысырға 
аман-есен жеткен екен. Финикия теңіз саудагерлері басқалардың өз 
іздерімен жүріп, Гибралтар бұғазынан ары өткенін қаламаған. Сол 
үшін,  әртүрлі  бұрқасынды  дауылдар,  адамды  күтіп  тұратын  теңіз 
құбыжықтары  мен  теңізде  кездесетін  басқа  да  қатерлер  туралы 
үрейлі әңгімелер таратқан... 
            Финикиялықтар құрлықта да сауда жұмыстарымен айналысқан. 
Керуен жолдарымен жүзеге асырылған сауда солтүстікте Арменияға 
жетіп, құлдар мен жылқыны; шығыста, Вавилоннан жібек пен ша-
рап; оңтүстікте, Аравиядан алтын мен жерлеу рәсімін өткізген кезде 
пайдаланылатын жағымды иісі бар қарамай мен шайырды әкелген. 
Финикиялық сауда, әсіресе, қола дәуірі бұйымдарының әртүрлі 
елдерге таралуына мүмкіндік берді деген жорамал жасалады. Әлі де 
болса дамудың төменгі сатысында тұрған, тас құралдарды пайдала-
натын (тас ғасыры) халықтар металл өңдеуді білмеді. Қару-жарақтар 
және  үйдің  керек-жарағы  үшін  пайдаланылған  алғашқы  металл, 
қақтауға  жеңіл  металл  мыс  болды.  Алайда,  мыс  құралдар  аса 
берік болмағандықтан, мысқа қалайы араластырған. Осы қосынды 
қола  (қола  дәуірі)  деп  аталады.  Финикиялықтар  қоладан  көптеген 
бұйымдар жасаған. Уақыт өте келе, олар бұрынғыдан да қиын өнерді, 
темір (темір ғасыры) өндіруді, оны қақтауды жолға қояды. Әртүрлі 
өнімдер  өндіру,  бұйымдар  жасау  және  қалыптасқан  кең  көлемді 
сауда-саттық, Финикияны ежелгі дәуірдің ең бай елі ретінде көзге 
түсіреді.
           Финикия  мануфактураларында  металдан,  піл  сүйегінен,  қара 
ағаштан озық үлгідегі бұйымдар жасалды; жүннен, жібектен қымбат 
маталар тоқылды. Әсіресе, тұқымы ерекше ұлудан алынған қызыл-
күрең бояумен боялған маталар аса жоғары бағаланады. 
Ежелгі  заманның  көптеген  жаңалығы  мен  өнертапқыштық 
әрекеттері  финикиялықтарға  таңылады.  Мысалы,  алғашқы  кезде 
өте қымбат бағаланған, үйдің бөлмелері мен киімдерді әшекейлеуге 
пайдаланылған  шыны  жасау  өнері.  Ауа-райы  қолайлы,  жылы 
аймақта өмір сүрген ежелгі адамдардың үйлерінің терезелері әйнек 
салынбай  тек  жапқыштардан  ғана  тұрған.  Ал  ыдыстар  саз  немесе 
металдан жасалған. 
           Б.д.д.  ІІ  мыңжылдық  соңында  финикиялықтардың  әріптік 
жазу  өнерін  өмірге  әкелуі  мәдениет  дамуындағы  ірі  жетістік  бол-
ды. Жоғарыда Қосөзен елдерінде жазу өнерінің эволюциясы сөздік-
буындықтан таза буындық жүйеге бірізді дамығанын көрсеткенбіз. 
Енді финикиялық алфавиттің тек дауыссыз дыбыстарды білдіретін 
24 таңбадан тұрғанын айтқан орынды. Бұл тіпті «әріптік жазу бол-
ды», өйткені дауыстыны болжауға болатын еді (зерттеушілер: дау-
ыссыз  дыбыстар  «нөлдік»,  демек  қалайда  дауысты  болады  дегенді айтады).  Финикиялық әріптер жазудың буындық  жүйесі  мұрасын  сақтады. Мұның пайда болуы мәдениет дамуының өте маңызды жетістігі еді.Б.д.д.  VІІІ  ғ.  гректер  Финикия алфавиті  негізіне  дауыстылар  үшін бірнеше  таңбаны  қосып,  фонетикалық жазу өнерін өмірге алып келеді. Ол басқа жазу  өнері  жүйелерімен  салыстырғанда өзінің  қарапайымдылығымен  үлкен артықшылыққа ие болады. Қол өнері шеберлері мен суретшілер арасында Финикияның сәулетшілері мен тас қалаушыларының атағы шығады. Ғалам туралы. Элдің жеңісі ғаламға ақтық  түрді  берді.  Көзге  көрінетін  әлем үстіне  аспан  мұхиты  орналасты.  Осы жоғарғы  мұхитта  аспан  құдайлары тіршілік етеді, солардың ішінде Баал-  Хаммон және Тиннит бар. Ал 
осы  мұхит  астында  күн,  жұлдыздар  және  жарық  шырақтарымен 
көзге  көрінетін  аспан  орналасқан.  Ең  төменде  астыңғы  мұхит 
жайылып  жатыр.  Осы  аспан  және  жер  асты  мұхиттары  ортасын-
да  өзендері,  көлдері,  теңіздерімен  жер  орналасқан.  Бұлар  әлемдік 
екі мұхитпен қосылатын тәрізді. Осы екі мұхит, бірегей ғарыштық 
ағымды құрайды. Оның белгісі өз құйрығын өзі жұтып жатқан, доға 
бойымен жиырылған жылан еді. Оның бейнесін ғибадатханалардан 
жиі көруге болады. 
            Финикиялықтар діні негізінен аспан жарық жұлдыздарына табы-
нудан тұрады. Олар күнді Ваал немесе Молох құдай, ал айды Астар-
та немесе Танита құдай әйел деп таныған. Түсінік бойынша, Молох 
қатал және кекшіл. Жазғы жан төзгісіз ыстық, аңызақ – осы құдайдың 
әрекеті... Сондықтан оның көңілін аулау үшін үлкен құрбандықтар, 
керек  десе,  адамнан  да  құрбандық  шалу  орын  алған.  Кезінде 
Финикияның  отары  болған  Карфагенде  қолын  жайған  Молохтың 
мыс мүсіні тұрған. Құрбандық берілген кезде оның аяқ жағына от 
жағылған, ата-анасы алып келген баласын тас мүсін қолының үстіне 
қойған,  оған  ең  жағымды  құрбандық  осы  деп  есептелген.  Бұдан 
басқа, финикиялықтардың құрметіне бөленген келесі құдай – сауда 
мен теңізде жүзудің қамқоршысы, желеп-жебеушісі ретінде таныла-
тын Малькарт немесе Тирскип Геркулес. Тир қаласында оған арнап 
керемет  ғибадатхана  тұрғызылған.  Жыл  сайын  басқа  қалалардан 
оған арнап абыздар неше түрлі тарту-сыйлар әкелген. 
            Финикия  қалаларының  байлығы  басқа  елдердің,  сол  тари-
хи  дәуірдегі  Мысыр,  Ассирия  тәрізді  күшті  мемлекеттердің  үлкен 
қызығушылығын тудырған. Інжілде ассириялық Салманасар патша 
шапқыншылығының аса қатерлі болғаны айтылады. Сосын Финики-
яны вавилондық патша Навуходоносор бағындырған, осыдан кейін 
Тир тұралап қалған. Кир патша кезінде Финикия парсыларға тәуелді 
болған.  Тирді  жаулап  алған  Александр  Македонский  қаланы  жер-
мен-жексен  етіп  құртып  жіберген.  Финикиялықтар  сауда-саттығы 
басқа  жерге,  негізінен  мысырлық  Александрияға  ауысқан.  Сөйтіп, 
кедейленген Финикия бірте-бірте иесіз қалады. 
           Финикиялықтардың  б.д.д.  ІХ  ғасырда  тұрғызған  ірі  қаласы  –  
Карфаген.  Қала  финикиялықтардың  орталығы  Тир  қаласына 
бағынышты  болғанымен,  салыстырмалы  түрде,  өз  дербестігін 
сақтайды. Соның арқасында, Солтүстік Африкада бірнеше қалалар 
мен  көптеген  ливиялық  тайпаларды  бағындырған  ол,  үлкен  жер 
көлеміне ие болады.  Б.д.д. ІХ ғ. Тирді Мутон, немесе Метен патша билеген. Оның 
Пигмалион  деген  ұлы  және  Элиса  атты  қызы  болған  (арнайы 
әдебиеттерде  римдіктер  Карфагеннің  негізін  Дидона  қалаған  деп 
көрсетсе,  б.д.д.  ІІІ  ғ.  өмір  сүрген  грек  тарихшысы  Тимей  қала 
іргетасын  қалаушының  финикиялық  екенін  айтады).  Аңыз  бой-
ынша, патша қызын бас абыз Ахеребқа күйеуге береді. Ахереб өте 
бай  болады.  Әкесі  бақилық  болғаннан  кейін,  патша  болған  Пиг-
малион  жездесінің  байлығын  тартып  алуды  ойластырып,  ақыры 
оны өлтіріп тынады. Інісінің зұлымдығынан, қудалауынан қашқан 
Элиса, жақтастарымен бірге кемемен ұзақ жүзіп, Солтүстік Африка 
жағалауына келеді. 
Элиса  кезінде,  аттың  шүйде  сүйегі  табылған  жерден  қала 
тұрғызатыны жайлы аян-түс көрген еді. Африка жағалауымен жүзіп, 
одан құрлыққа шығып ат басының шүйде сүйегін іздеген қашқындар 
ақыры сүйекті тауып, сол жерде тұрақтауға шешім қабылдайды. 
Бірақ,  жат  жердің  патшасы  көшіп  келушілерді  қабылдамай, 
олардың кемеден түсіп, орнығуына қарсылық көрсетеді. Сонда Эли-
са  патшадан  бұқа  терісінің  көлеміндей  ғана  жер  сатуын  сұрайды. 
Бұқа терісі көлеміндей жерге осыншама адамның қалай сиятыны са-
насына симаған патша, оның өтінішін күлкіге айналдырады. Түнде 
Элисаның бұйрығымен, финикиялықтар бұқа терісін жұп-жұқа ғып 
тіліп, иірілген жіптей жіңішке терімен аумағы үлкен жерді қоршап 
алады. Таңертең бұған қайран қалған Ливия патшасы сол аймақты 
Элисаға  беруге  мәжбүр  болады.  Осы  жерде  тұрғызылған  қала, 
Жаңа  қала  деп  атала  бастайды.  Финикия  тілінде  бұл  Картхадашт 
дегенді білдіреді. Элиса патша тұқымынан болғандықтан осы, жаңа 
тұрғызылған қаланың патшасы болады. 
           Африкалықтар,  жергілікті  тұрғындар  Дидона  деп  атаған  Эли-
са Карфагенде бірнеше жыл билік құрады. Қала тез өсіп, өркендей 
береді. Осы кезде Элисаға ынтық болған патша Гиарб, одан күйеуге 
шығуын талап етеді. Өз күштерінің аздығын мойындаған және пат-
ша кәрінен қорыққан кеңесшілер, оның талабымен келісіп, күйеуге 
шыққанды дұрыс деп ұйғарады. 
Элисаның  ливиялыққа  күйеуге  шыққысы  келмейді.  Уақыт 
ұту үшін тойға дайындалған түр көрсетеді. Ал расында өлуге бел 
буып, үлкен етіп от жағуға бұйрық береді. Бұл жайлы кейбіреулер 
патшайымның  отқа  түсіп,  азаппен  өлгенін  айтса,  екіншілері,  ал-
дын-ала өзін жарып өлтіргенін, сосын отқа тасталғанын жеткізеді. 
       Б.д.д. IX ғасыр соңында Карфагенде монархиялық билік жүйесі 
қалыптасқан,  өйткені  оның  негізін  қалаушы  Элиса  «патшайым» 
деп  аталады.  Дегенмен,  мемлекет  құл  иеленуші  олигархиялық 
республика ретінде көзге түскен. Егін шаруашылығына қолайлы 
үлкен жер иелігінде көптеген құлдар жұмыс істеген. Карфагеннің 
егін шаруашылығының басқа елдерге, соның ішінде Сицилия мен 
Италияға үлкен әсері тигені әдебиеттерден мәлім.
Б.д.д.  VI  ғасыр  мен  V  ғасыр  аралықтарында  құл  иеленуші 
Карфагенде  егін  шаруашылығының  теоретигі,  сол  тарихи  дәуірде 
еңбегі  елге  кеңінен  танымал  болған  жазушы  Магон  өмір  сүреді. 
Б.д.д. ІІ ғасырда Карфагенді қоршауға алған Рим әскерлеріне оның 
еңбегін сақтап қалуға бұйрық беріледі. Арнайы әдебиеттер римдік 
сенат  үкімімен  Магон  еңбегінің  финикия  тілінен  латын  тіліне 
аударылғанын,  сосын  Римнің  ауыл  шаруашылығы  жұмыстарын 
жүргізуде кең көлемді пайдаланылғанын жеткізеді.
Финикия туралы басты дереккөзді ежелгі грек географы Стра-
бон еңбектері береді. Сонымен қатар, мәліметтер Ескі Наным (Інжіл) 
кітаптарында кездеседі. Соңғы уақытта Финикия тарихы туралы де-
ректер Ассирияның сына жазулары мен Мысырдың иероглиф жазу-
ларынан да табылды. 
Б.д.д. ІІІ ғасыры шамасында мақсат-мүддесі қайшылықты кел-
ген Карфаген мен Рим империясы арасындағы соғыс 100 жылға со-
зылып, Карфагеннің толық жеңілісімен аяқталады.
 

...

Скачать:   txt (80.6 Kb)   pdf (185.2 Kb)   docx (32.2 Kb)  
Продолжить читать еще 31 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club