Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Алаш қозғалысы және тәуелсіздік идеялары

Автор:   •  Октябрь 1, 2018  •  Реферат  •  3,305 Слов (14 Страниц)  •  2,218 Просмотры

Страница 1 из 14

Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік

Медицина Университеті

                                              [pic 1]

                                         Студенттің өзіндік жұмысы

Мамандығы:  Жалпы медицина

Дисциплина:  Қазақстанның қазіргі заман тарихы

Кафедрасы: Қоғамдық – гуманитарлық пәндер кафедрасы

Курс: І

Тақырыбы:  Алаш қозғалысы және тәуелсіздік идеялары

Орындау әдісі: мәнжазба

Орындаған:  Сагынаев Есет Досанович

Тобы:  108 «А»

Тексерген:  Мусашева Данагул Куанышкаликызы

                                           

                                                   Ақтөбе 2018жыл

                                  Жоспар

1.

Кіріспе.........................................................................................

3

2.

Негізгі бөлім

Алаш қозғалысының басталуы, мақсаты, бағдарламасы мен көрнекті өкілдері..............................................

5

2.1.

Алаш қозғалысының біртуар тұлғалары..................................

8

2.2.

Алаш бағдарламасы...................................................................

9

3.

Қорытынды..............................................................................

10

Пайдаланылған әдебиеттер

                                                                        Кіріспе

      Дүниенің ең үлкен құрлығы саналатын Еуразия жүрегінде ғасырлар қойнауынан бері көшіп-қонып еркін өмір сүрген қазақатты көкжал халықтың  тәуесіздігінен айырылып, басқа бір халықтың боданы болуы оны тыныштандыра қоймады. Сонау Түрік қағанатынан бастау алатын қазақ жұртының тарихы бай әрі сан түрлі оқиғаларға толы. Қазақ хандығының әлсіреп, Ресей империясының құрамына өз еркімен енуінен бастап қазақтың егемендік пен тәуелсіздікке қарсы күресуі бір жылға да толастамаған. Емельян Пугачев бастаған шаруалар көтерілісінен басталған бұл қанды көтерілістер жорығы ХХ ғасырда өзгеше кейіпке ие болды. Сол замандардан бастап қазақ арасынан толыққанды Еуропаша білім алған көзі ашық, көкірегі ояу азаматтар бой көтеріп, қазақты сауаттандырып, жаңаша аяқ басуға насихаттады. XX ғасырдың бас кезіндегі ұлт-азаттық қозғалыс тарихының өзекті мәселелерінің бірі – Алаш партиясының құрылуы, оның тарихи негіздері, саяси әлеуметтік сипаты және тарихта алатын орны. Қазақ зиялылары саяси партия құру әрекетін бірінші орыс революциясы жылдарында-ақ қолға алған болатын. X ғасырдың басындағы елдегі аласапыран қиын кезеңде халықтың қамын ойлаған саяси күш – Алаш қозғалысы болатын. Осы қозғалыстың басында – саяси мәдениеті әлемдік деңгейге көтерілген, оқыған, сауатты, кәсіби даярлығы заманына сай адамгершілік-имандылық қасиеттері ата-бабамыздың сан ғасырлық қастерлі құндылықтарымен сусындаған Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Тынышбаев, Ж.Ақбаев, Б.Қаратаев сияқты дүлдүлдер тұрса, солардың ізін басқан болашақтың нарқасқа ұлдары – Ж.Досмұхамедов, М.Жұмабаев, С.Сейфуллин, М.Шоқай, Т.Рысқұлов, С.Сәдуақасов, Ж.Аймауытов, М.Әуезов тағы басқалар одан әрі дамытты. М.Сералин бастаған  «Айқап» журналы төңірегіне шоғырланған қазақ зиялылары ең өзекті қоғамдық мәселелерді талқылып, белгілі бір бағдарламалық  тұжырымдарға келу үшін жалпықазақ съезін шақыру жөнінде бастама көтерді. Сонымен, жалпықазақ кеңесін шақырып, онда ұлт өміріне қатысты өзекті мәселелерді қарау, соған сай саяси партия құру ісін қолға алуға қажетті алғышарттар тек ақпан революциясынан кейін қалыптасты. Тұңғыш жалпықазақ съезін шақыру туралы шешім 1917 жылғы сәуір айында өткен Торғай облыстық қазақ съезінде қабылданып, съезд оны даярлауды Ә.Бөкейханов пен А.Байтұрсынов бастаған бір топ қазақ зиялыларынан құрылған айрықша бюроға тапсырды. Бірінші жалпықазақ съезіне қатысқан М.Шоқаев өзінің естеліктерінде бұл жиынға өзбек және татар елдері өкілдерінің де қатынасып, өздерінің ыстық ықыласын білдіргендігін айтып: «Сөйтіп құрылтай ұлы түркі халықтарының бас қосқан үшеуінің мызғымас бірлігін көрсететін сахнаға айналды» - дейді. Бірінші жалпықазақ съезін ұйымдастыру бюросы «Қазақ» газетінің 24-маусым күнгі санында съездің тәртібіне қойылатын мәселелерге байланысты ел талқысына өз тұжырымдарын ұсынды. Тезистер түрінде баяндалған бұл мәселелердің бәрі дерлік  кейін бірінші жалпықазақ съезінің күн тәртібіне енді. Алаш қозғалысы – ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде Ресей империясының отарлық билік жүйесіне қарсы бағытталған ұлт-азаттық қозғалыс. ХХ ғасырдың бас кезінде қазақ даласында Ресейлік басқару жүйесінің күшейе түсуі, Ресейден көшіп келушілердің күрт артуы, қазақтардың құнарлы жерлерден ығыстырылуы бел ала бастады. Ендігі жерде қазақ халқының өзін-өзі сақтап қалуы үшін күресті күшейту мәселесі туындады. Бірақ енді зардабы көп қарулы көтеріліс жолымен емес, ұтымды саяси жолмен күрес жүргізу қажет еді. Осылайша Бірінші орыс төңкерісі жолдарында қазақ халқының мүддесі үшін күресті бастаған қазақ зиялыларның әрекеттері кейініректегі Алаш қозғалысының бастамасы болды.Ә.Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов жетекшілігімен ұлттық зиялылар ұлт азаттығы үшін саяси күрес жолдарын меңгере бастады. Олар түрлі қозғалыстарға қатысып, үгіт-насихат жұмыстары үшін газеттер, кітаптар шығаруды жолға қойды. 1911 жылдан «Айқап» журналы, 1913 жылдан «Қазақ», артынша «Бірлік туы», «Сарыарқа», «Ақжол» газеттері ұлт-азаттық күрес жолын айқындауға қызмет етті. Алаш қозғалысы- қазақ елінің өзін- өзі басқару және біртіндеп дербес мемлекет құру, қазақ жерлеріне қоныс аударуға шек қою, адам құқын қадір тұту, экономиканы дамыту, қазақ тілінің беделін арттыру жолындағы күресті басты мақсат етті. Алаш қозғалысы арқасында 1917 жылы қазақ комитеттері, Түркістан автономиясы және Алашорда үкіметі құрылды. 1917 жылыпайда болған бұл саяси құрылымдар большевиктер тарапынан күшпен таратылды. Алаш қозғалысының барлық жақтаушылары қуған-сүргінге ұшыратылып, өлім жазасына кесілді. Бірақ Алаш қозғалысынан басталған ұлт-азаттық қозғалыс күштері саяси күрес сахнасынан бірден кете қойған жоқ. Одан кейін ұлт-азаттық жаңа сипатта Т.Рысқұлов, С.Сәдуақасов, С.Спандияров, С.Қожанов, Ж.Мыңбаев сынды зиялылар қызметінде жалғасын тапты. Алайда тоталитарлық билік оларды Алаш қозғалысы ізбасарлары ретінде жаппай жазалады. Сөйтіп, Бірінші орыс төңкерісінен бастау алатын Алаш ұлт-азаттық қозғалысы 30-жылдарға дейін жалғасты.

...

Скачать:   txt (41.9 Kb)   pdf (295.7 Kb)   docx (110.9 Kb)  
Продолжить читать еще 13 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club