Алаш қозғалысы және тәуелсіздік идеялары. 1917 ж Қазақстан территориясында жарияланған ұлттық автономиялар мен мемлекеттік құрылымдар
Автор: Nazerke97970712 • Сентябрь 28, 2018 • Доклад • 1,653 Слов (7 Страниц) • 1,461 Просмотры
Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан
Мемлекеттік медицина университеті
[pic 1]
Студенттің өзіндік жұмысы
Мамандығы: «Жалпы медицина»
Кафедра: Қоғамдық –гуманитарлық пәндер
Курс: 1
Тобы: 107 «Б»
Тақырыбы: Алаш қозғалысы және тәуелсіздік идеялары. 1917 ж Қазақстан территориясында жарияланған ұлттық автономиялар мен мемлекеттік құрылымдар
Орындау түрі: Мәнжазба
Орындаған: Рыщанова Н.Е.
Тексерген: Айтжанова Ж.Е.
Ақтөбе 2018ж
Жоспар:
I.Кіріспе.
Алаш партиясы оның құрылуы себептері. Алашорда автономиясының құрылуы, дамуы мен құлдырауы.
II.Негізгі бөлім
1.Алаш қозғалысы және тәуелсіздік идеялары . 1917 жылы жарияланған автономиялар
2.Алаш қайраткерлері. Қос автономия ұқсастықтары.
3. Алаш партиясының қозғалысы. Түркістан автономиясының құрылуы, дамуы мен құлдырауы
III. Қорытынды.
Алаш партиясының тәуелсіздік идеялары. Қос автономияның қазақ халқында алатын орны.
Алаш қозғалысы және тәуелсіздік идеялары. 1917 ж Қазақстан территориясында жарияланған ұлттық автономиялар мен мемлекеттік құрылымдар
«Алаш» туының астында
Куә болсын Арымыз!
Көркейтуге Алашты
Құрбан біздің жанымыз!
Жасасын, Алаш, Жасасын!-деп С.Торайғыров өткен ғасырдың басында «Алаш» қозғалысы жайлы айтып жырлаған болатын.Қазақ тарихының ақтаңдақ беттеріне қарап отырсақ, ұлт, тағдырын, халық қамын ойлаған Алаш арыстары қызыл империяға қарсы қаймықпай күресіп, тәуелсіздік үшін жандарын құрбан еткен. ХХ ғасыр басындағы қазақ зиялылары бүкіл қазақ халқы атынан іс-қимыл жасай отырып, отаршылықтың нәтижесінде елді эканомикалық және рухани дағдарыстан шығару жолдарын іздестірді, қазақ халқының мемлекееттілігін қалпына келтіріп, халықты жалпы адамзат құндылықтарымен таныстыруға ұмтылды.Қазақстан ұлттық мемлекетінің идеяларының қалыптасуы Алаш партиясының бағдарламасынан бастау алды.Алаш партиясының бастау кездері, Алашорда үкіметінің саяси рөлі және қазақ зиялыларының халық бостандығы жолындағы күресін және олардың ғылыми саяси еңбектерінің маңызын зерттеудің қажеттілігі өзекті болуда. Алашорда үкіметінің саяси процестегі ақ гвардияшылармен және Кеңес үкіметі арасындағы қарым қатынастары, Алаш зиялыларының Алаш қозғалысындағы рөлі толық зертттелмеуде.Қазақ автономиясын құрған кеңес өкіметі емес, Алашорда кеңесі мен Алашорда үкіметі болатын. Алашорда үкіметі 1917жылдың желтоқсан айында құрылды, ал 1919 жылдың желтоқсан айында оны кеңес өкіметі ресми мойындады.
Қазақтың сан ғасырлық тарихының ең жарқын беттерін жазған Алаш қозғалысы тарихи-саяси айрықша құбылыс ретінде ұлтымыздың мәдени-рухани даму жолын жаңа арнаға бұрғаны сөзсіз. Өйткені ол қазақ баласының саясат, мәдениет сатысына көтерілгендігін айғақтай отырып, ендігі жерде ұлт ретінде дербес өмір сүруге, өзге елдермен терезесі тең халық ретінде азат күн кешуге болатындығына әлеуметті сендіре алған жаңашыл қозғалыс еді. Қозғалыстың жаңашылдығы мен қарқындылығы -қазақ қоғамы үшін қиын-қыстау сол бір дүбірлі шақта азаттық ұранын салып,іс-жүзінде бытыраңқылық пен мемлекеттік институттар қалыптаспаған сахара төсінде дербес мемлекет құруға бел буғандығында. Алмағайып кезеңде амал тауып, халқының басын қосып,ертеңіне сендірген осындай ұлы топ бұғанға дейін болмағаны тарихтан белгілі. Алаш қозғалысы совет үкіметі тарапынан терістелгенімен, оның идеялары ұлтжанды азаматтардың жүрегі мен санасында өмір сүрді.Оның жарқын әрі бұлтартпас айғағы-тәуелсіздіктің қарсаңында Алаш идеясының қайтадан жаңа күшпен жаңғыруы. Алаш қозғалысының ең басты мақсаты- ұлттық тәуелсіз мемлекет құру идеясымен сабақтасып жатқанында еді.Алаш қозғаласының тарихы – отандық ғылым үшін қазақпен бірге жасайтын мәңгілік тарих. Ұлтының мәңгілігін ойлаған ұлы азаматтардың жүріп өткен жолын, ерлікке татырлық еңбектерін бағалау- есі бар ұрпақтың жадынан шықпайтын қастерлі борышы деп білеміз.Алаш қозғалымен бірге, оның көрнекті қайраткерлері А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Тынышбаев, Ә.Бөкейханов т.б-да ұлт пен тарих алдындағы еңбектеріне баға беру, құрмет көрсету-біздің тарихи жадымыздың беріктігі мен азаматтық адалдығымыздың айғағы болмақ.
...