Алаш партиясы
Автор: beysenova.d2003 • Октябрь 20, 2021 • Эссе • 563 Слов (3 Страниц) • 1,671 Просмотры
Алаш партиясы
«Алаш партиясы» 1917 жылы 21-26 шілдеде Орынбор қаласында І Жалпықазақ съезінде құрылды. Партия 1917 жылы 5 қазанда «Алаш» деп аталды. «Алаш» партиясының облыстық ұйымдары қазан айында құрылды. Партияның бағдарламасының жобасы 1917 жылы 21 қарашада «Қазақ» газетінде жарық көрді. Бағдарлама 10 пункттен тұрды (мемлекет қалпы, жергілікті бостандық, негізгі құқық, дін ісі, билік және сот, ел қорғау, салық, жұмысшылар, ғылым-білім, жер мәселесі).
1917 жылы 5-13 желтоқсан аралығында Орынбор қаласында ІІ Жалпықазақтық съезде Алашорда үкіметі жарияланды.
Алаш партиясының жалпы сипаты – ұлттық партия, олар қазақ халқын ешқандай тапқа, топқа жіктемей ұлт мүддесін ойлады. Олардың басты мақсаты – тәуелсіз, эволюциялық жолмен дамитын, ұлттық мемлекет құруды көздеген
«Алаш» шын мәніндегі дәстүрлі саяси партия болып қалыптасып үлгермегеніне, іс жүзінде саяси ұйым ретінде қоғамдық қозғалыс дәрежесінен әдеттегі партияға өту «кезеңін» бастан кешірген өтпелі саяси ұйым болғанына қарамастан, олар қоғамдық-саяси өмірге белсене араласып бастаған түбірлі екі ұлттық мақсатты – қазақ халқын отарлық езгіден құтқаруды және қазақ қоғамының өркениетті елдер қатарына жеткізуді өзіне басты нысанға жеткізу болды. Осы негізгі мақсаттарды және олардан басқа да кқптеген әлеуметтік-саяси міндеттерді шешуді Алаш эволюциялық реформа жолымен жүзеге асыриақшы болған
Өздерінің алдына ел тағдырына байланысты, елдегі билік жүйесіне байланысты мақсат қойды, елдікке ұмтылды. Алайда, бұл мақсаттарына жете алмайкетті. Алаш зиялылары, интелегенциялары сол жолда құрбан болды. Алаш партиясының әр мүшесі қудаланып, атылды. Тек саусақпен санарлық бөлігі ғана қашып құтылған.
Сол аумалы-төкпелі қара түнек кезеңде сәуледей жарқырап шыққан Алаш партиясының тағдыры осылай аяқталады. Ол – аталарымыз аңсаған осы тәуелсіздігімізді баянды ету, мемлекеттігімізді әлемнің дамыған елдерімен теңестіру, қырғын-сүргінді, қорлық-зомбылықты басынан аз кешпеген халықты бақытты ету еді.
Алаш партиясының тарлуына Үш жүз партиясыныңда ықпалы болды.Екі партияда халықтың мүддесі үшін жұмыс істеген.Алайда екі партияның арасында түсініспеушілік орын алды .Бұл түсініспеушілік көре алмаудан басталды жіне жағдайды ушықтырып жіберді. Үш жүз» партиясы Алаш автономиясын «контрревоюциялық автономия» деп сынады. 1918 жылдан бастап Кеңес билігі платформасында мығым тұрған Үш жүз Алашқа қарсы белсенді күрес жүргізе бастады
Үш жүз партиясы
Үш жүз партиясы. Қыргыз (Қазақ) «Үш жуз» социалистік партиясы үсақ буржуазияльщ сарындағы үлттык саяси ұйым еді. Партия большевиктерге ниеттес бағыт ұстанған болатын. Партияның негізін 1917 жылы 17 қарашада Мұқан Айтпенов қалады.
...