М.Қ.Қозыбаевтың өмірбаяны
Автор: Еркебулан Сериков • Апрель 1, 2019 • Реферат • 3,967 Слов (16 Страниц) • 1,754 Просмотры
[pic 1]
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ[pic 2]
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
Инженерлік және Сандық технология факультеті «Көлік және машинажасау» кафедрасы
Реферат
Тақырыбы: М.Қ.Қозыбаевтың өмірбаяны
Орындаған: Тр-18-к тобының студенті
Сериков Е.М.
Тексерген: Аға оқытушы
Ильясова Г.С.
Петропавл қаласы
2018 жыл[pic 3]
Мазмұны
1. АКАДЕМИК М.Қ.ҚОЗЫБАЕВ ӨМІР, ЕҢБЕК ЖОЛЫ.
2. ҒАЛЫМНЫҢ ҒЫЛЫМИ МҰРАСЫ.
ҚОРЫТЫНДЫ.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.
[pic 4][pic 5]
1. АКАДЕМИК М.Қ.ҚОЗЫБАЕВ ӨМІР, ЕҢБЕК ЖОЛЫ.
Манаш Қабашұлы Қозыбаев 1931 жылдың 16 қарашасында Қостанай облысының Меңдіғара ауданындағы Тазкөл ауылында дүниеге келді. Оның балалық кезеңі соғыс жылдарымен тұспа-тұс келді. Манаш Қабашұлы аса қадірлі тарихшы, әдебиетші сонымен катар көсемсөз шебері. Манаш Қабашұлы, әсіресе, әдебиетпен қанаттанған болатын. Көркем әдебиетті жаны сүйді. 1952 жылы ғана ол үш жүзге жуық орыс әдебиеті көрнекті өкілдерінің шығармаларын оқып шығады. Ол тарихты көркем тілде жазуды армандады. Манат Қозыбаев содан былай орыс әдебиетімен қатар әлемдік әдебиеттің орыс тіліндегі аудармаларын да оқуды дағдыға айналдырған. Тек қазақтан басқа да, орыс эдебиетін де жетік білетін шәкіртінің жауаптарына, біліміне К.Курова деген ұстазы орыс әдебиетінен емтихан алған кезде аса ризашылығын білдіреді. Манаш Қабашұлы елдегі қиын жағдайға қарамастан алғыр да, зерек бала болып өсіп, еңбекте де ересек адамдармен қатар бірге жүрді.
“Жаңатұрмыс” жеті жылдық мектебін 1944 жылы үздік бітіргеннен кейін, Меңдіқарадағы Ы. Алтынсарин атындағы педагогикалық училищеге түсіп, 1947 жылы осы училищенің толық курсын бітіріп, бір жылдай Қостанай облысы Ұзынкөл ауданының Үлгілі жетіжылдық мектебінде мұғалім болып істейді. 1948 жылы ол Алматыдағы Қазақ Мемлекеттік университетінің тарих факультетіне оқуға түсіп, Бекмаханов, Т. Тәжібаев, А. Нүсіпбеков, және т.б. белгілі тарихшы-ғалымдардан дәріс алды. Кейіннен Манаш Қабашұлы Қозыбаевтың тарих ғылымы жолына түсуіне осы ұстаздарының ықпалы болды.
Қазақ мәдениетіне Ж.Аймауытовтың, А.Байтұрсыновтың, Ә.Бөкейханов пен М.Дулатовтың қайта оралуы, «Қазақ» газеті мен «Айқап» журналының беттерінде басылған ғасыр басындағы публицистика, Б.Бұлқышевтың мақалалары, С.Ерубаевтың «Менің құрдастарым», «Болашак соғыс туралы» новелласы т.б. шығармалары Манаш Қозыбаевты катты тебірентеді. Ол енді публицистика жанрына бой ұрды. «Аттан, казақ, - тәуелсіздік сапарына, қосыл жаңа заман күрескерлерінің қатарына!» - деп ұран тастады. Ол енді «Отан», «тәуелсіздік», «егемендік», «ұлтжандылық» туралы толғанды. « Тәуелсіздік үшін сан ұрпақ алысты, арпалысты. «Аттан қазақ!» деп жар салып, атка мінді. «Отан» деп қан майданға кірді. Құлдың елі -тойған жері, ердің елі -туған жері екенін білді. Отан -жан азығы, пенденің түп қазығы екендігі қазағыма қанмен дарыды. Отансыз адам -суалған өзен, құлазыған дала екенін көрді. Отансыз өмір бықсыған көмірдей сан үрпақты аты түтінге қамады. «Отаным -ошағым ғой маздаған, пырағым ғой өзегімді өртеген, қуатым, өмірімді жалғаған»,- деп талай ата-бабаларымыз арманға бөленді. Отан берік қамалы, таудан ескен самалы, екенін білді. Кеңес дәуірінде қазак елінің көрген зәбірі, қорлык-зорлығы тарих биігінен әділ бағасын алды. Ғалым газет-журнал редакциялары ұйымдастырған пікір-таластарға белсене қатысып, 1937-38 жылдардағы қуғын-сүргін мәселесі, “буржуазияшыл-ұлтшыл” атанған “Алаш” партиясы, осы “Алаш” партиясына қатысты “Қазақ”, “Сарыарқа” газеттерінің, “Абай” журналының, “Үш жүз” партиясының тарихы сияқты өзекті тақырыптарды зерттеу төңірегінде пікір алмастырды. Қазақ этногенезі, Қазақстан территориясындағы қуатты мемлекеттер, ауыл шаруашылығын ұжымдастыру, Қазақстанда Голощекиннің басшылығымен жүргізілген “Кіші Қазан” идеясының зерттелінбей отырғандығын, келешекте осы мәселелерді қолға алу қажеттігін көтерді.
...