Театрға апарар жол
Автор: muni5011 • Сентябрь 15, 2018 • Творческая работа • 297 Слов (2 Страниц) • 616 Просмотры
«Театрға апарар жол»
Күнделікті жұмыс басты күйбелеңмен бізге театрға баруға уақыт қайда, болса да ден қоймаймыз ғой. Алайда театр біде де барын кеше білдім, себебі, себебі мынада «Анамның ақ көйлегі атты» қойылым, бізді алғашында абдыратып, кейіннен көкірекке ой салды. Жәй ғана қарапайым, күнделікті қасымызда жүрген аудандық мәдениет үйінің қыз-жігіттері, жиналған ауыл жұртшылығының жүректеріне жан жылулығымен ана махаббатын, сыйлады, саналарын интертет жаулаған жастардың болашағына жол сілтеді. Күйбелең тіршілік көлеңкесіндегі ана тағдыры, ағайын-туыс достығы, отбасы бірлігі жайында шынайылықты көрсетіп, өз бойларындағы өнерлерін басқа қырынан көрсетті. Жиналған қауым әр образды сомдаған актерлердің бойынан өнерге деген құштарлықтарын, өмірге деген құлшыныстарын, көріп тәнті болды. Ана ролін сомдаған Мунира, алаңсағар ұлы Мақсұт мен жұбайы Айман, ауған соғысының мүгедегі Ынсап пен Үлкен қызы Гүлшараның шарасыздығы, өз көлеңкесінен қорқып, батыл шешім қабылдай алмайтын,қу басының қамын ойлаған ортаншы ұлы Ислам пен оның кербез келіншегі Майра, жас отбасын құрған кіші ұлы Кенженің күйбелеңі, оның тәкәпар жұбайы Сағыныштың қазіргі жастардың менмендігін, тағдыр тәлкегіне қарсы тұра алмау әлсіздін, шынайы жеткізе білді. Көрші атай Әлмұхамедтің көрегендігі мен пәтер иесі Злиханының тағдырға төзімділігі әр отбасына үлгі боларлық азық болды. Альфред, Гүлсім, Райханда көрермендер көз айымына айналып, аналар алғысына ие болды. Аналар мерекесі қарсаңында ұйымдастырылған дебюттық қойылым жоғарғы дәрежеде өтті. Еңбек қоюшы режиссердікі десекте сахнаға алып шығып, көрерменге жеткізе алған өнерлі мәдениет қызметкерінің еншісінде.....
...