Инфобизнеске арналfан 50 ниша
Автор: Feruzaa • Декабрь 18, 2021 • Реферат • 455 Слов (2 Страниц) • 249 Просмотры
ИНФОБИЗНЕСКЕ АРНАЛҒАН 50 НИША
Сәлем, дамушы жан! Ең алдымен таныса отырайық, - мен –Бақытбай Сабырбеков – онлайн продюсер, маркетолог, кәсіпкермін.
Соңғы 1,5 жылда 15тен астам курсқа сапалы запуск жасадым. 6аптада ағылшын тілі курсын 0 ден 30,000,000 теңге айналымға шығардым. Қазір нарықтағы 4 ірі эксперттің продюсерімін. Екі табысты компанияның негізін қалаушымын.
Бірнеше жылдық тәжірибеме сүйеніп, сенімен инфобизнестегі трендтегі топ 50 нишамен бөліскім кеелді.
Онлайн және офлайн табыс табу
Біз бұл салаға бізге қосымша табыс табуды үйрететін, әсіресе маркетингке байланысты нишаларды жатқызамыз.
- СММ мамандарын даярлау
- Сайт жасаушы мамандарды дайындау
- Таргет жіберетін мықты мамандар дайындау
- Копирайтинг
- Өзіңді қымбат сатуды үйрететін курстар
- Бренд визуализаторлары
- Онлайн продюсерлер
- Дизайнерлер
- Сату мамандары
Махаббат, отбасы, қарым-қатынас
Бұл адамдарды тани алу және қарым-қатынас, жыныстық сауаттылық, отбасы құру курстары. Бұл нишаның аудиториясы өте кең өйткені барлық адамдар бір бірімен тығыз қарым қатынаста
- Келіндерді даярлап шығаратын курстар
- Әйелдерге арналған психологиялық курстар
- Тұрмысқа шығудан бұрын қатысу қажетті курстар
- Адамдармен қарым-қатынасқа арналған курстар
- Ерлерге арналған жар таңдау курстары
- Жыныстық сауаттылық курстары
- Жүкті аналарға арналған курстар
- Өзіңнің энергетикаңды ашу курстары
Жеке тиімділікті арттыру
Бұл ниша соңғы онжылдықта танымал болды. Оған уақытты басқару, мақсаттарды анықтау, шешендік өнер, жылдам оқу және тағы да басқа тақырыптар кіреді.
Бұл сіздің әр істе тиімділігіңізді арттыруға көмектеседі. Әрі бұл нишаның мақсатты аудиториясы жастардан бастап қарт адамдарға дейін.
- Жылдам оқу
- Ораторлық
- Орындалған 100 арман
- Өзгеріс курстары
- Тайм менеджент курстары
Менеджмент, персоналды басқару
Бұл көптеген басқарушыларға арналған керемет ниша Өз қызметкерлерін ынталандыру, өкілеттіліктерді бөлу, ұжыммен ұйымшыл болу тақырыптарын қамтиды.
- Қалай басқару керек?
- Кәсіпорын басшыларына арналған курстар
IT-технологиялар және интернет
Маркетологтар, жарнама мамандары, шағын және орта бизнес иелері үшін ауадай қажет курстар
- Сайт жасау
- СЕО
- Фотошоп курстары
- Фото және видео өңдеу
- Бизнес жоспар жазу
Салауатты өмір салты, фитнес
Бүгінгі таңда бұл салмақ жоғалту және бодибилдинг, күш пен кардио жаттығулары ғана емес, сонымен қатар йога, вегетариандық, глютенсіз диеталар, медитация және релаксация, күнделікті режимді дұрыстау курстары сұраныста.
...