Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ежелгі дәуір сәулет өнерінің генезисі мен эволюциясы

Автор:   •  Апрель 23, 2019  •  Реферат  •  4,122 Слов (17 Страниц)  •  1,228 Просмотры

Страница 1 из 17

                          Жоспар:

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлім

   1.Ежелгі дәуір сәулет өнерінің генезисі мен эволюциясы

   2.Ежелгі дәуірдегі мемориалдық және культтік сәулет өнері

   3.Қала мәдениеті

III. Қорытынды

  1. Пайдаланылған әдебиеттер

                             Кіріспе

Тарихи-археологиялық зерттеулер Қазақстан аумағында алғашқы  тұрғын үйлердің калыптасуы орта қола дәуіріне жататындығын дәлелдейді. Тұрғын жайлардың ізі Орталық, Солтүстік, Батыс және шығыс Қазақстан өңірлерінен табылып отыр. Ә.Х. Марғұланның зерттеулері бойынша Қазақстан аумағы, әсіресе Орталық Қазақстан өңірі қола дәуірінде халықтың тығыз қоныстанған аймағына жатқызылады. Мұнда андронов кезеңіне жататын Атасу қонысында патриархалдық отбасылар әртүрлі шаруашылық құрылыстары бар үлкен жеркепелерде тұрғандығы белгілі. Атасу қонысындағы жеркепелер тік төртбұрышты пішінде (13x12 м) салынғаны, солтүстік бұрышында бір-бірімен дәліздер арқылы жалғасқан 3 кішігірім жеркепе тиіп тұрғаны белгілі болды. Үйдің төбесін көтеріп тұратын тіректер үйді 2 бөлікке бөлген. Мұның бір жағында адамдар тұрса, екінші жағы мал ұстауға пайдаланылды. Андронов кезеңінің аяғында тұрғын үй құрылысының аумағы кішірейе бастайды, шүңқырлар жойылады да, оның орнына жер асты қабырғалары таспен қаланған үйлер қалыптасты. Ішкі жағынан қабырғалар ағаштан жасалынды да, оның үстіне күрке тәрізді шатыр орнатылды. Шатырдың жоғарғы бөлігі тігінен орналасқан бөренелерге койылған. Барлық құрылыстың жоғарғы жағы қамыспен немесе бұталармен жабылды. Аса биік емес, аласа қабырғалы тастан қаланған үйлер жел-бұрқасындардан қорғап тұрды. (Атап айтсақ, Жамбай, Қарасу, Бүғылы I—II).

Орта қола дәуірінің ерте Алакөл кезеңіне жатқызуға болатын Солтүстік және Батыс Қазақстан аймақтарынан Петровка-II, Новоникольск-І, Жетісу тұрақтары табылды. Олар өте биік емес, едені жерге 15—20 см тереңдетілді. Тұрақты ашу кезінде бөренелер үшін қазылған жақсы сақталынған шұңқырлар байқалды. Алакөл кезеңіне жататын тұрғын-жайлар тікбұрышты пішінде созыңқы ұзындау қалыпқа ие еді. Ауданы 140 м-ден 200 м-ге дейін, 2 бөлікке бөлінген, шығар жері бұрышта, дәліз тәрізді болып келеді. Тұрғын үйдегі ошақтар саны 1-ден 8-ге дейін кездеседі .

Тұрғын үйлер тұрғызу кезінде ең әуелі ошақ орны мен олардың саны, тұрмыстық шұңқырлар, металл өндейтін, қару жасайтын орындар белгіленіп алынды. Бөлек салынған тұрақтар қоғамдық жиылыстарға, культтік дәстүрлер өткізуге пайдаланылды. Мұндай қатаң дифференциялық қолданысқа жатқызуға келетін түрғын үйлер отырықшылық пен қалыпты қоғамдық тіршілікке жарамды әрі тиімді болды. Солтүстік Қазақстанның орманды дала зонасындағы тұрғын үйлерді салуға көбіне ақ қайыңдар пайдаланылғаны байқалады. Бөрене қалау, тоқылған ағаш қамыспен қоршау, сылау жұмыстары, шым қалау — бұлардың барлығы тұрғын үйлерді жылыту мақсатында жасалды, яғни, континентальды климат жағдайына байланысты шаралар болып табылды. Батыс Қазақстан тұрақтарын салу кезінде, бұл өңір орманды жер болмағандықган, тұрақ салуға тас кеңінен пайдаланылды. Тастан қаланып, ошақтар орнатылды. Үй ішінде сексеуілмен қоршалған құдықтар да орналасты. Бұл кезеңде Шығыс Қазақстанда табиғат жағдайы бейімделген үйлер салынды. Солардың бірі Ертістің оң жағалауына тұрғызылған. Қанай ауылынан табылған тұрғын жайларды айтуға болады. Мұндағы үйлердің қабырғалары бөренелерден жасалды да, арасына қамыс қойылды немесе саз балшықпен сыланды.Үйлердің табаны жер, жерде 3 ошақ болды. Ошақтар тастан қаланып, олардың екеуі тамақ дайындау үшін, үшіншісі үйді жылыту үшін пайдаланылды. Тұрмысқа қажетті құрылыстар, негізінде, жалпақ шатырлы етіп түрғызылды. Кіре берістер тар дәліздер арқылы бөлінеді. Орталық бөлік кіре берістен аласа қоршау арқылы бөлінді. Қоршалған бөліктер шаруашылық мақсаттар үшін, онда малдың жас төлі тұрған, қазу кезінде қозы қаңқалары табылды.

...

Скачать:   txt (58.9 Kb)   pdf (198.4 Kb)   docx (25.9 Kb)  
Продолжить читать еще 16 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club