Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Әдептілік- әдемілік белгісі

Автор:   •  Ноябрь 17, 2022  •  Контрольная работа  •  1,049 Слов (5 Страниц)  •  188 Просмотры

Страница 1 из 5

   Қосымша 7

                Сабаққа психолого-педагогикалық талдау

Өту уақыты: 01.02.2021ж.

Мұғалім: Ахметова Сабина Асылхановна (сынып жетекші)

Пән: Ана тілі

Сабақтың тақырыбы: «Әдептілік- әдемілік белгісі»

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды қарапайымдылыққа, кішіпейілдікке, әдептілікке, жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.
Оқушылар бойында таным белсенділігін арттыру.

Міндеттері: Оқушылар бойында әдеп әліппесін дамыту.

Сабақтың өту түрі/формасы: сайыс.

            Сабақтың міндеттеріне сәйкес балалардың таным көкжиегін арттыру, білім, тәрбие беру іс-шаралары атқарылды. Оқушылардың сабаққа қатысуы сабақтың басында және ортасында белсенді, соңында пассивті болды. Сабақтың мазмұны ұйымдастыру кезеңі, негізгі бөлім және қорытындылаудан тұрды. Ең бастысы, ұйымдастыру кезеңі оқушыларды психологиялық дайындаудан тұрды. Негізгі бөлімінде пән мұғалімі жаңа материалды түсіндіре отырып, оқушыларды сұрап, тексере отырды. Жалпы алғанда оқушылардың 85%-ы материалды түсініп, тапсырмаларды сәтті орындай алды. Қосымша, оқушыларға демонстрациялау мақсатында видеоролик көрсетіліп, оқиғалар қарастырды.

Мен сыныптағы әр оқушының сабақ барысында өзін еркін ұстап, пікірін еркін жеткізе алуын байқадым. Балаға қысым түсіріп, алаңдату істерін байқамадым. Сыныптағы танымдық атмосфераны мұғалім ұйымдастыра алды деп ойлаймын.

Оқушылардың сабақтағы  танымдық қызметі

1. Ойлау

           Сабақ өту кезінде бірнеше түсіндіру әдістерін байқадым. Мысалы, бала өзінде қолжетімді кітаптармен немесе берілген көрнекіліктермен өзіндік жұмыс жасай алды. Танымдық белсенділік барысында оқушы материалды түсіне отырып, логикалық ойлауы дами бастады.

2. Жады

          Мұғалім алдынғы тақырыптарды қайта еске түсіру мақсатында балаларға карточкалар берді. Менің ойымша иллюстрациялар арқылы бала материалды тез есіне түсіре алды. Жаңа материалды өткеннен соң, әрі қарай оқушының жадында қалсын деген мақсатпен мұғалім 3 тапсырма берді. Біріншісі, ой-қозғау әдісімен, яғни еске түсіру, екіншісі және үшіншісі ұжымдық тапсырмалар болды.

3. Қиялдау

           Шығармашылық белсенділікті ұйымдастыру үшін, мұғалім оқушыларға сурет салуға екі тақырып берді. Оқушыларда бір тақырып таңдау мүмкіндігі болды. Бұл тапсырманы орындау кезінде оқушыларда көз алдына бейнелеумен қиындықтар болды. Қалыптасқан қиыншылықты шешу мақсатында пән мұғалімі проектор арқылы ғаламтор желісінен түрлі суреттер көрсетті.

Оқушылардың сабақтағы психологиялық жағдайлары

           Сабақ сайыс түрінде өтілгендіктен оқушылар мұқият тындап, көп сөйлеп, жауап беруге тырысты. Барлық оқушының сабаққа дайындығы жақсы болды. Бұл бірінші сабақ болғаннан кейін оқушыда шаршау, жаман әсер сезімдері болмады. Оқушыларды сабақтың тақырыбы, оқу материалының сипаты және жұмыс әдістері қызықтырды. Пән мұғалімі сыныптың оқу іс-әрекетінің ерекшеліктерін бақылауда ұстады. Олар, жұмыс темпі, қиындықтар, материалды меңгеру, біртекті қателіктер. Нәтижесінде, топ бойынша оқушылар өз арасында бағалады, өздерінің қателіктерін анықтап, оны ұжым болып дұрыстады. Балалар бәсекелестік сезіммен барынша мұғалімнің көзіне түсуге тырысты.

4. Оқыту әдістері мен тәсілдерін таңдауды бағалау

           Бұл ана тілі пәні сабағында ақпараттық- әдістемелік те, эвристикалық  әдістер де қолданылды. Ең тиімді болған әдістер: ауызша сөйлеу, кітаппен жұмыс істеу, пікірталас.

Өтілген тақырыпты бекіту мақсатында шығармашылық жұмыс және практикалық жұмыс жасалынды. Оқушылардың бейімділігіне сәйкес шығармашылық тапсырма дағдыларды әлде қайда нығайта алды.

5. Оқушылардың білімдерін, қабілеттерін және дағдыларын меңгеруін бақылауды бағалау.

         Сабақ барысында Сабина Асылхановна (мұғалім) оқушылардың тәртібін, білімді қалай қабылдайтынын бақылауда ұстады. Мұғалім бақылай отырып оқушылардың жеке ерекшіліктерін анықтап, оларды өз жұмысында қолданып, оқушылардың білімдерін дұрыс тексеруге және бағалауға мүмкіндік алды.

...

Скачать:   txt (15.1 Kb)   pdf (121.1 Kb)   docx (14.6 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club