Мен таңдаған мамандық
Автор: amaeralm • Сентябрь 24, 2023 • Реферат • 769 Слов (4 Страниц) • 263 Просмотры
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М. ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ
РЕФЕРАТ
Пәні: Манаштану
Тақырыбы: Мен таңдаған мамандық
Орындаған: Амангелді Алмагүл
Тобы: ИЯ-22-3к
Тексерген: Кожабекова Ботагоз Сапаровна
Петропавл, 2023ж
Жоспар:
1. Өз кафедра туралы ақпарат
2. Кафедраның бүгінгі күні
3. Факультет тарихы
4. Факультеттің бүгінгі күні
5. Кафедра қызметкерлерінің ғылыми жетістіктері
6. Факультет қызметкерлерінің ғылыми жетістіктері
Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті - Қазақстан Республикасының 85 жылдық тарихы бар алғашқы жоғары оқу орындарының бірі. М. Қозыбаев атындағы СҚУ мақсаты: Солтүстік Қазақстан аймағының инновациялық дамуына ықпал ететін білім беру, ғылым және мәдениеттің интеллектуалдық орталығы болу. Лиссабон конвенциясына сәйкес еуропалық үлгідегі магистр дипломы беріледі. АҚШ, Германия, Финляндия, Испания жоғары оқу орындарымен байланыс орнатылған.Солтүстік Қазақстан университеті Қазақстан Республикасы Министрліктер кабинетінің 1994 жылғы 2 маусымдағы № 584 жарлығымен өз тарихын 1937 жылдан бастаған К.Д. Ушинский атындағы Петропавл педагогикалық институты негізінде құрылған.
Университеттің 9 факультетінде 112 мамандық бойынша білім беріледі. Педагогика, инжинер, құқықтық, экономикалық, экологиялық, аграрлық, мемлекет басқару, т.б. бағыттарда мамандар даярлайды. Университет көп деңгейлі оқыту жүйесімен жұмыс істейді.
Миссия мен көрініс
МИССИЯСЫ
Солтүстік Қазақстанның білім, ғылым және мәдениет зияткерлік орталығы, әлеуметтік-экономикалық даму драйвері болу.
КӨРІНІС
Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының арасындағы ең үздік өңірлік көпсалалы университет болу
Университет тарихы
- 1937 жылдың 19 наурызындағы жарлығы негізінде Петропавл мұғалімдер институтының ашылып, 1937 жылы, 1 қырқүйекте екі факультетте оқу басталды: жаратылыстану – жағрафия және тарих.
- 1945 жылы Петропавл мемлекеттік институтына XIX ғасырдың ұлы ұстазы К. Д. Ушинскийдің аты берілді.
- 1994 жылы Петропавл педагогикалық институты негізінде Солтүстік Қазақстан университетінің ашылуы.
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылы 30 мамырындағы № 497 жарлығымен Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетіне академик Манаш Қозыбаевтың аты берілді.
- Институттар және факультеттер
- Тіл және әдебиет институты
- Агротехнологиялық факультеті
- Медициналық факультеті
- Педагокикалық факультеті
- Инженерлік және сандық технологиялар факультеті
- Математика және Жаратылыстану ғылымдары факультеті
- Тарих, Экономика және құқық факультеті
- «Foundation» факультеті
- Қайта даярлау және біліктілікті арттыру факультеті
Тіл және әдебиет институты
Институт бакалавриат, магистратура бағдарламалары бойынша филология, аударма ісі, қазақ, орыс, шет тілдері (ағылшын, неміс, француз) салаларындағы жоғары білікті мамандарды даярлауды жүзеге асырады. Қазіргі кезде біздің түлектер тек облыстық және қалалық білім беру мекемелерінде ғана емес, сонымен қатар Қазақстанда және одан тыс жерлерде орналасқан халықаралық ұйымдарда жұмыс істейді. Оқыту барысында алған кәсіби білімдерін және еңбек ептілігін қызметінде табысты қолданады.Тіл және әдебиет институтының негізгі міндеті – отандық және әлемдік университеттердің білім беру жүйесінің озық дәстүрлеріне, оқытудың осызаманғы технологиясына, оның ішінде шетелдік тәжірибеге сүйене отырып, қазақстандық білім беру мәселесін табысты шешетін қабілеті жоғары білікті маман дайындау. Тіл және әдебиет институтының алғашқы директоры жағрафия ғылымдарының кандидаты, доцент Тайжанова Мүкарам Мұрзатқызы болды; одан кейін филология ғылымдарының кандидаты Қадыров Жанбай Тұрарұлы басқарды. Институт халықаралық, республикалық және аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференцияларды, семинарлар мен олимпиадаларды өткізуге бастамашы болады. Қазіргі кезде институттың жұмысы халықаралық білім бағдарламасы мен академиялық ұтқырлық бойынша әлемдік және ғылыми қоғамдастыққа ену негізгі міндетін шешуге бағытталған.
...