Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Академиялық адалдықтың жалпы ережелері

Автор:   •  Октябрь 22, 2021  •  Контрольная работа  •  750 Слов (3 Страниц)  •  482 Просмотры

Страница 1 из 3

1-тақырып. Академиялық адалдықтың жалпы ережелері.

         Сұрақтар:

  1. Адалдық туралы ұғым.
  2. Академиялық адалдық туралы ұғым.
  3. Академиялық адалдықтың артықшылғы.
  4. Академиялық адалдықтың принциптері (қағидаттары).
  5. Академиялық адалдықтың мағынасы.

  1. Адалдық туралы ұғым.

Адалдық – бұл адамгершіліктің маңызды талаптарының бірі, моральдық қасиеті, адамның негізгі рақымдылықтың бірі. Шындылықты, принципшілдікті (бір беткейлік), алынған міндеттемелерге адалдығы, істің әділдігінің субъективті сенімділігі, адам негізделетін мотивтерге қатысты басқалардың және өзінің алдында адалдығы, адамдарға заңды түрде тиесілі құқықтарын мойындау және сақтау. Адалдықтың қарама-қайшылығы алдаушылық, өтірік айту, ұрлық, залымдық, екіжүзділік болып табылады.

Адалдықтың қажеттілігі әлеуметтік тәжірибе процесінде адамдардың бірлескен әрекеттердің, олардың әрекеттерінің өзара координациясының және күнделікті өмірдің мұқтаждығының құбылысымен шартталған. Этиканың көзқарасымен адалдық, әдетте, адамның жақсы қасиеттерінің бірі болып саналады. Бірақ, көптеген адамдар болмашы өтірік айтады, абсолюттік адалдықты (шындықты) аңқаулық және ақымақтық ретінде бағалайды. Адамның өміріне және денсаулығына қатер тудырған кезде адалдықтан едәуір жаңылуға рұқсат етіледі. Бұдан басқа, қандай да бір берілетін ақпарат әңгімелесушіні (көңілін түсіретін) жарақаттайтын болса, онда ол ақпараттың шындығы туралы құпиялық (жасырын) моралдық кодекс шектейді. Әсіресе, бұндай шектеулік ақжүректікке (адалдыққа) байланысты, яғни әңгімелесушіге өзінің көңілін білдіру, егер бұндай сезім адал болған жағдайда.

Кейбір дәрігерлер пациенттердің өлім диагнозын пациенттерінен жасыруын этикалық дұрыс деп санайды. Көптеген адамдар артық уайымдаудан (алаңдаудан)  арылту үшін, жақындарынан жаман хабарларды жасырады.

  1.  Академиялық адалдық туралы ұғым.

Университеттің барлық студенттері академиялық адалдықты түсінуі және сыйлауы қажет, олар бөтен жұмыстарға өз авторлықтарын иемденуге құқықтары жоқ.  Көзге түскен академиялық адал емес, студенттерге, университет қауымдастығы сыйламаушылықпен қарайды.

Академиялық адалдық – білім беру үдерісінде студенттердің принциптерінің және құндылығының жиынтығы, олар жеке адалдығын және оқуға деген жауапкершілігін дамытады.

Сонымен қатар, жазбаша бақылау жұмыстарды, емтихандарды, эссе, зерттеулерді, презентацияларды орындау кезінде лайықты қылығы ретінде түсіндіріледі. Көшіріп алу,а жол берілмейді.

Тұтастық немесе адалдық дегеніміз, егер студент басқа біреудің жұмысын өзінің жұмысы ретінде ұсыну немесе көшіріп алу, әділетсіз болу мүмкіндіктермен кездескен жағдайда,  студенттің қабылдаған шешіміне жатады.

  1.  Академиялық адалдықтың артықшылығы:

  • уақытты басқаруды, приоритерттерді дұрыс орналастыруды, ұйымдастырушылыққа және тиімділікке үйретеді;
  • көшіріп алу кезінде берілмейтін, нақты білімді және икемділікті қамтамасыз етеді;
  • өмір бойы этикалық нормаларды бекітуге көмектеседі;
  • жетістіктерге жету сезімдерін береді.
  1. Академиялық адалдықтың принциптері.

Студенттердің жеке адалдығын және өзінің оқуына жауапкершілігін дамытатын, білім беру үдерісінде академиялық адалдықтың негізгі принциптері:

  1. Адалдық (ұқыптылық) – бұл студенттердің бағаланатын және бағаланбайтын жұмыстарды адал, шынайы орындауы;
  2. Автордың және оның құқықтық мұрагердің құқығын қорғау – бөгде сөздерді, ойларды дұрыс айту және бағалы жұмыстардың ақпарат көздерін көрсету арқылы авторлық құқықтың объектісі болып табылатын, шығарманы қорғау және авторлықты мойындау;
  3. Ашықтық – студенттер мен оқытушы арасында ақпаратпен және ой-пікірлерімен ашық алмасу, айқындық, бір-біріне сенушілік;
  4.  Студенттердің құқықтарын және еркіндігін сыйлау – студенттердің ойларын және пікірлерін еркін айту құқығы;
  5. Тепе-теңдік – әрбір студенттің міндеті академиялық адалдықтың ережелерін сақтау  және оларды бұзу бойынша тең жауапкершілікке тартылу.

Негізгі идея ашық және шын мәніндегі демократиялық қоғамда, бұнда бір-бірін құрметтеу, адалдық және тең құқықтық орнаған және де онсыз өмір сүре алмайтын  біздің ағзамыздағы жүрек сияқты – ашық қоғамның жаны. Еркіндікпен қозғалатын және демократияның негізі болып табылатын қоғамда, академиялық адалдықсыз өмір сүре алмайды.

Академиялық адалдық арқылы кез келген еркін қоғамға қажетті шыңдыққа жетеді және мүмкін болмаған нәрсе іске асырылады, біздің айналамыздағы дүниені өзгертеді.

Шынында, қоғаммен рухани және материалдық игіліктерді өзара алдаушылық және қулық арқылы табуға болатынын, қиындықпен сенуге болады. Бірақ, бұнымен әлдекім келіспеуі мүмкін, өйткені, кез келген адамдардың қоғамының өркендеуі және триумфтары (зор жеңістері) өзара келісушілік, сыйластық және әрекеттердің еркіндігі арқылы жетеді.  

...

Скачать:   txt (11.5 Kb)   pdf (90.7 Kb)   docx (12.2 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club