Кәсіпорынның сыртқы және ішкі ортасы
Автор: onadil onaybay • Февраль 22, 2022 • Эссе • 805 Слов (4 Страниц) • 636 Просмотры
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
[pic 1]
«Экономика және бизнес жоғары мектебі» факультеті
«Қаржы» кафедрасы
СӨЖ
Тақырыбы:Эссе «Кәсіпорынның сыртқы және ішкі ортасы»
Орындаған:Оңайбай Оңәділ Қайратұлы
Тексерген:Кулиев Ильяс Унгарович
Кәсіпорын деген -адамдарға қажетті,қоғам қажеттілігін қанағаттандыратын өнімдерді өндіретін шаруашылық.Яғни ,қоғамда тауарға деген сұраныс көп туындағанда пайда болған ұйым.Кәсіпорындарға мысал ретінде,жай ғана су өндіретін компаниялардан бастап ,киім шығаратын немесе көлік шығаратын кәсіпорындарға дейін айта аламыз.
Кез-келген фабрика немесе өнім өндіретін компанияның «кәсіпорындық ортасы» болады.Кәсіпорын ортасы деген-бұл қандайда бір фирмалармен, олардың қызметін дамытуы керек екен ескеріп отыратын, «бақыланбайтын» күштердің жиынтығы.
Жалпы кәсіпорын ортасы микроорта мен макроортадан тұрады.
Микроорта,яғни ішкі орта-бұл фирманың немесе кәсіпорынның өзіне тікелей байланысты күштермен бейнеленеді,себебі ол кәсіпорынның ішінде қалыптасады.Кәсіпорынның ішкі ортасына -еңбек,технологиялық және экономикалық факторлардың жиынтығын жатқызамыз,және бұл сыртқы ортаға қарағанда көбірек бақыланады және реттеледі.Кәсіпорынның ішкі ортасы белгілі бір кәсіпорынның техникалық және ұйымдастырушылық шарттарын анықтайды және басқару қызметінің шешімі болып табылады.Кәсіпорынның ішкі ортасын талдаудағы негізгі мақсат -кәсіпорын қызметінің әлсіз және күшті жақтарын бақылау.Себебі компания сыртқы факторларды пайдалану үшін,белгілі бір ішкі әлеуеттерге ие болу керек.Сонымен қатар компания сыртқы кауіпті күшейтуі мүмкін,компанияның ішкі әлсіз жақтарды білуі керек.Ішкі ортаның элементтеріне:өндіріс, кадрлар бөлімі, басқаруды ұйымдастыру, мapкeтинг, қаржы, мәдениет және имидж жатады.
Макроорта,яғни сыртқы орта-бұл микроортаға әсер ететін күштер.Біз макроортаға демографиялық фактор, экономикалық, табиғи, техникалық, саяси және мәдени сияқты факторларды жатқыза аламыз.Сонымен қатар макроорта кәсіпорынның тұтынушылармен,тауар жеткізушілермен, делдалдармен және бәсекелестермен қарым-қатынасында қамтиды.
Осы кәсіпорынның ішкі және сыртқы ортасын бір компанияны мысал ретінде алып түсіндіріп көрейін.Мысалы «Samsung Electronics» компаниясы.
Бұл компания Корея Республикасында орналасқан.Самсунг сөзі корей тілінен тікелей аударғанда «үш жұлдыз» деген мағынаны береді.Самсунг компаниясы-электроника,телекомуникациялық жабдықтар,ұялы телефондар,мониторлар өндіретін трансұлттық компания.Бұл компания 1969 жылдан бастап жұмысын жалғастырып отыр. Ең ірі сауда компаниялары АҚШ мемлекетінде,Чехия және Словакияда,Англия секілді батыс елдерінде дамыған.Ал компанияның ең негізгі офисі Корея Республикасының,Сувон қаласында орналасқан.
...