Қазақстан Республикасындағы физикалық-географиялық, метереологиялық, гидрологиялық, әлеуметтік-экономикалық зерттеулер және өз аймағын
Автор: Akmaral Azamat • Март 12, 2022 • Лекция • 1,850 Слов (8 Страниц) • 372 Просмотры
Дәріс 11.
Тақырып 11. Қазақстан Республикасындағы физикалық-географиялық, метереологиялық, гидрологиялық, әлеуметтік-экономикалық зерттеулер және өз аймағының флорасы мен фаунасын қорғаудың міндеттері.
Дәріс 11. Қазақстанның физикалық - географиялық зерттелу тарихы.
Дәрістің мақсаты: Студенттерге осы тақырып бойынша негізгі теориялық білімді беру және де оны тәжірибеде қолданудың аясын ашып көрсету
Дәрістің сұрақтары:
1. Қазақ жері туралы ерте кездегі географиялық мағлұматтар;
2. ХVI-XIX ғасырларда физикалық-географиялық тұрғыдан зерттеу. Қазақтың ғұлама ғалымы Шоқан Уалиханов;
3. Қазақ жерінің жаңа дәуірде зерттелуі. Қ. И. Сәтбаевтың еңбектері.
Қазіргі Қазақстан аумағында адамдар ежелден-ақ мекен еткен. Мұның дәлелі Қазақстан аумағында ежелгі тас ғасырының көне ескерткіштері Қаратал маңынан, Бетпақдаладан, Еділ бойынан, Бұқтырма өзенінен табылған. Сонымен бірге Алматы маңындағы Есік қорғанына табылған Алтын киімді адамның бейнесі де табылған. Осындай жағдайларға байланысты қазақ жері туралы мәліметтер Еуропалық саяхатшыларға мәлім болған.
Қазақстан туралы алғашқы деректі Геродоттың (б.з.б V ғ.) "Тарих" атты еңбегінен білуге болады. Сол заманда Геродот ежелгі қазақ даласын Каспий теңізінің шығыс бөлігін алып жатқан ұлан-ғайыр жазық дала ретінде көрсеткен. Каспий теңізін тұйық алап ретінде анықтаған. Страбонның зерттеулерінде Каспий теңізін Солтүстік мұзды мұхитының жалғасы ретінде, ал Арал теңізін Каспийдің шығанағы ретінде қарастырған. Птолемей "Геогрфияға жетекші" атты еңбегінде картографиялық деректер жинаған. Каспий теңізін шығыстан батысқа қарай созылып жатыр деп, қате көзқараста болған.
Сонымен қатар Қытай саяхатшылары Чжан Цянь мен Сюань-Цзан Жетісу өңірін, Ақсу, Шу, Талас өзендері туралы мәліметтер қалдырып, Орталық және Орта Азия картасын жасаған. Ұлы Жібек жолы б.з.б II ғасырдан басталған. Бұл жол Еуропа мен Азияны немесе Батыс пен Шығысты жалғастырушы көпір болған. Бірінші жолы Қытайдан басталып шығыс Түркістан арқылы Жетісуға, одан Сырдарияны жағалай отырып, Арал маңынан әрі қарай батыс елдеріне өткен. Ал екінші жолы шығыс Түркістаннан басталып Жетісу, Іле, Қырғыз, Талас алатауларын жағалап Ташкентке өткен. Одан ары Самарқант, Бұқара арқылы Кіші Азия мен Византияға жалғасқан.
Орта ғасырдағы зерттеушілерге ибн Хордадбек, ибн Хаукаль, әл-Истахри, әл-Масуди, әл-Идриси, ибн Фадлан, сондай-ақ шығыс Аристотелі, ғұлама ғалым Әбу Насыр әл-Фараби мен Махмуд Қашғаридің де еңбектерін жатқызуға болады.
XVI ғасырдан бастап Қазақстан туралы географиялық мәліметтер орыс мемлекетінің ресми орындарынада жинақтала бастады. Ресей мен Қазақстан арасында дипломатиялық, экономикалық байланыстардың орнауына байланысты патша үкіметі қазақ жері туралы деректерді арнайы жіберілген елшіліктер арқылы да жиналады. Осылардың нәтижесінде Қазақстан табиғаты, халқы, мемлекеттік шекаралары жайында деректер толыға түсті. Сол мәліметтерге сүйеніп, Борис Гордунов патшаның өтініші бойынша Қадырғали Қосынұлы Жалаири (XVIғ аяғы мен – XVIIғ. басы), («Жами-ат-тауарих») «Жылнамалар жинағы» атты қазақ халқы мен оның жері туралы өте қызықты кітапты дүниеге әкелді. Онда қазақ хандығы құрылуы жайлы тарихымен қоса, Қазақстан қалалары, өзнедері мен таулары, шекаралары жөнінде кең мәәліметтер берілді. XVII ғасырда Қазақстан аумағы С.Ремезов жасаған «Сібірдің сызба кітабы» атты картаға кіреді.
XVIIІ ғасырда орыс патшасы І Петр Қазақстанмен қарым-қатынасты күшейтуге ерекше көңіл бөлді. Қазақстан жерін Шығыс елдеріне шығатын «қақпа мен кілт» санады. Оны Ресейге бағындырудың жоспарларын жасады. Осыған орай ол Қазақстанға әскери экспидициялар жасақтап, Каспий теңізі мен Сібірмен шекаралас өлкелерді зерттеуге тапсырма берді. 1734 ж Орынбор экспидициясы ұйымдастырылды. 1768 ж екінші акдемиялық экспидиция жасақталды.
Бұлардың жұмысына П.С.Паллас, И.П.Фалк,И.П.Рычков сияқты ғалымдар қатысты. И.Муравин мен И.П.Бутаков Арал теңізі мен Сырдария бойында, Г.Р.Карелин Каспий жағалауларында зерттеулер жүргізді. Қазақ жері жалпы географиялық тұрғыда зерттеген бұл ғалмыдардың еңбектерінде, жаңа дерегтермен қоса табиғаттың қаплыптасу заңдылоықтарын түсіндіругеде алғашқы талаптар жасалды. Осы және басқа материялдарды жинақтау негізінде А.И. Левшин 1832 ж «Қырғыз-Қазақ немесе Қырғыз-Қайсақ ордалары мен далаларының сипатамасы» атты еңбегін жазды. Мұнда Қазақстан жеріне тұңғыш рет салыстырмалы түрде толығырақ географиялық сипаттама берілді.
...