Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Өзендердің жылдық ағындысының сипаттамаларын анықтау

Автор:   •  Апрель 16, 2024  •  Лабораторная работа  •  1,600 Слов (7 Страниц)  •  110 Просмотры

Страница 1 из 7

ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖҰМЫС № 3,     3-сағат

Өзендердің жылдық ағындысының сипаттамаларын анықтау

1. Негізгі ережелер

Гидрологиялық зерттеулер мен есептеулерде су өтімі өзен ағындысының басты сипаттамасы болып табылады.

Лездік су өтімі - бір өлшем уақыт аралығында арнаның көлденең қимасы арқылы өтетін су мөлшері. Әдетте [pic 1] таңбасы арқылы өрнектеліп, м3/с немесе л/с өлшем бірлігімен сипатталады.

Орташа су өтімі - [pic 2] секундтан тұратын қандайда бір уақыт аралығында (тәуліктік, айлық, жылдық) орташаланған су шығыны.

Орташа айлық су өтімі күнтізбелік бір ай үшін орташа тәуліктік су өтімдерінің арифметикалық орташа мәні ретінде есептеледі.

Орташа жылдық су өтімі – бір күнтізбелік жыл немесе гидрологиялық жыл үшін орташа айлық су өтімдерінің арифметикалық орташа мәні ретінде анықталады.

Ағынды модулі – су жинау алабының бір өлшем ауданынан бір өлшем уақыт аралығында ағып жиналатын судың мөлшері. [pic 3] немесе [pic 4] таңбасымен таңбаланады, өлшем бірлігі л/с км2.  Су өтімі секілді ағынды модуліде лездік болмаса орташа тәуліктік, орташа айлық, орташа жылдық, яғни қандайда бір [pic 5] секундтан тұратын уақыт аралығында орташаланған болуы мүмкін.

Су шығыны да, ағынды модулі де өзен сулылығының бір өлшем уақыттағы сипаттамалары. Ал ағынды көлемі мен ағынды қабаты қандайда бір уақыт аралығындағы жалпы су мөлшерін сипаттайды.

Ағынды көлемі - алаптан берілген тұстама арқылы белгілі бір уақыт аралығында ағып өткен судың мөлшері. [pic 6] - таңбасымен белгіленеді, өлшем бірлігі м3, 106 м3 немесе км3 (яғни 109 м3).

Ағынды қабаты - алаптан белгілі бір уақыт аралығында берілген тұстама арқылы ағып өткен су мөлшерін сол алапқа біркелкі етіп жайғанда пайда болатын су қабаты. [pic 7] немесе [pic 8] таңбасымен таңбаланып, мм - өлшем бірлігімен сипатталады.

Ағындының атап өтілген сипаттамаларынан өзге де сипаттамаларын қарастырайық.

Қалыпты ағынды - көпжылдық мерзімдегі ағындының сипаттамалары осы мерзімдегі орташа арифметикалық шама ретінде анықталады. [pic 9], [pic 10] (немесе [pic 11]), [pic 12], [pic 13] ([pic 14]) таңбаларымен таңбаланады.

                                  [pic 15],                  67,6    м3/с          (3.1)      

мұндағы [pic 16]- көпжылдық мерзімдегі орташа жылдық ағындылардың қосындысы.

[pic 17] - жылдар саны.  

Модулдік коэффициент [pic 18] - берілген [pic 19]-жылғы (болмаса қандайда бір өзге мерзім) ағындының сипаттамаларының көпжылдық мерзімдегі ағындының қалыпты сипаттамаларына қатынасы.

                             [pic 20].         1.0005               (3.2)

Суы мол жылдар үшін [pic 21], ал қуаңшылық жылдар үшін [pic 22].

Ағынды коэффициенті - қандайда бір уақыт аралығындағы (көбінесе жылдық) ағынды қабатының сол уақыт аралығында алапқа түскен жауын-шашынға қатынасы.

                                    [pic 23],                                 (3.3)

Бірден кіші шартты шамамен беріледі және осы алапқа жауған жауын-шашынның қанша бөлігі өзенге ағып түсетінін көрсететін шама.

2. Жұмыстың мазмұны

Екі түрлі тапсырма беріледі.

Берілгені: 1) Алаптың ауданы, [pic 24]; ағындының жылдық сипаттамаларының біреуінің [pic 25]-жылғы шамасы және қалыпты ағынды сипаттамаларының біреуі.

Қойылатын талап: Аталған жылдық ағынды мен қалыпты ағындының қалған сипаттамаларын есептеу қажет.

2) Нақты күнтізбелік жыл үшін орташа айлық су өтімдер беріледі.  Жылдық ағындының негізгі сипаттамаларын есептеу қажет.

3. Әдістемелік көрсеткіш

Ағындының бір сипаттамасынан екінші бір сипаттамасына көшу үшін төмендегі формулалар қолданылады.

...

Скачать:   txt (11.1 Kb)   pdf (685 Kb)   docx (260.9 Kb)  
Продолжить читать еще 6 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club