Шарын ұлттық саябағының рекреациялық жағдайын бағалау
Автор: k.zhaxalykov • Июнь 1, 2024 • Курсовая работа • 6,566 Слов (27 Страниц) • 86 Просмотры
Торайғыров университеті
"Жаратылыстану ғылымдары" факультеті
"География және Туризм" кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Шарын ұлттық саябағының рекреациялық жағдайын бағалау
Орындаған: Рахманбердиева Бактигул Шодияркызы
Тобы: Г-201
Тексерген: Жаксалыков Куаныш Нажмиденович
Павлодар,2023
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ | 3 | |
1 | Шарын ұлттық саябағының физикалық географиялық сипаттамасы | 4 |
1.1 | Шарын ұлттық саябағының жалпы құрылымы | 4 |
1.2 | Шарын ұлттық саябағының көрікті нысандары | 7 |
2 | Шарын ұлттық саябағының туристтік жағдайы | 15 |
2.1 | Шарын ұлттық саябағының туристтер үшін қолайлы және қолайсыз жақтары | 15 |
2.2 | Шарын ұлттық саябағының туристтер үшін маршруты | 16 |
3 | Шарын ұлттық саябағының экологиялық жағдайы мен мәселелері | 21 |
3.1 | Шарын ұлттық саябағында жоспар бойынша алдағы уақытта құрылатын нысандар | 21 |
3.2 | Шарын ұлттық саябағын көркейтудегі басты кедергілер мен мәселелер | 25 |
ҚОРЫТЫНДЫ | 27 | |
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР | 28 |
КІРІСПЕ
Шарын ұлттық саябағы-табиғи кешен. Ол өзінің ерекше құрылымымен ерекшеленеді. Ешқандай жерде кездеспейтін осындай пішіндер тек су мен желдің әсерінен пайда болған. Саябақ өзінің осындай әсем көрінісі мен ерекше сырт пішімімен туристтерді күннен күнге тартуда. Алматы қаласынан алыс орналаспағандықтан да, туристтердің келіп тамашаулауына қолайлы. Бұндай ерекше табиғаттың көрінісін тек Қазақстан даласынан және АҚШ-тан ғана көруге болады. Шарын- жартасты қыраттары мен тоғайлы ну орманадарымен, бойлап аққан өзенімен бірден көзге түсетін әсем жер. Қазақ жерінің тылсым табиғаты деп осы жерді айтуға болады. Бұл Қазақстанның Жеті кереметінің бірі болып саналатын, әлемде табиғаты ерекше қорғалатын, әлемдегі турисстік орындардың бірі. Бұл жерде табиғи ескерткіштермен қоса, жан-жануарларда сақталған.
Шарын каньоны-шамамен 12 миллион жылдық шөгінді жыныстардан тұратын табиғи ескерткіш. Шатқалдың тауларының биіктігі 150-300 м жетеді.
Шарын каньонының ландшафтының әртүрлілігі флора мен фаунаның алуан түрлілігімен айқындалады. Мұнда өсімдіктердің 1500-ден астам түрі өседі, олардың 17-сі және сүтқоректілердің 62 түрі, ұя салатын құстардың 103 түрі, бауырымен жорғалаушылардың 25 түрі Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.
1 Шарын ұлттық саябағының физикалық географиялық сипаттамасы
1.1 Шарын ұлттық саябағының жалпы құрылымы
Шарын мемлекеттік ұлттық саябағы - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жабайы табиғат комитетіне бағынатын Республикалық маңызы бар табиғатты қорғау және ғылыми мекеме мәртебесіне ие. 1964 жылдан бастап Ұлттық саябақ ұлттық маңызы бар табиғи ескерткіш ретінде қорғалады.
Шарын ұлттық табиғи паркіне Үлкен Бөгеті тау жотасы, Сөгеті аңғары және Шарын өзенінің бойындағы іргелес шөлді аймақтар, "қызғылт сарайлар" аңғары, жақын маңдағы дала аңғары мен Торайғыр тауының беткейлері кіреді. Саябақтың ауа-райы орташа құрғақ, жылдық жауын-шашын мөлшері шамамен 150 мм. Шарын ұлттық табиғи саябағында "қызғылт сарайлар" аңғарының көрінісі өте ерекше, ол Шарын ұлттық саябағының табиғи геологиялық ежелгі ескерткіші. Қызғылт түсті шатқалдар өзен аңғарындағы Шарын өзенінің миллиондаған долларлық шомылуынан пайда болды. Саябақта өсімдіктердің 940 түрі бар, олардың 60-қа жуық түрі эндемик. Өсімдіктердің 21 түрі қорғалып, Қазақстанның "Қызыл кітабына" енгізілген. Мұнда сүтқоректілердің 60 түрі, құстардың 300 түрі, бауырымен жорғалаушылардың 20 түрі және балықтардың 10 түрі мекендейді. Саябақтан табылған жануарлардың қаңқаларының қалдықтары (пілдер, мастодондар, мүйізтұмсықтар, стенон жылқылары және т.б.) саябақта бұрын тіршілік болғанының дәлелі.
...