Табиғи Қалдықтарды ұтымды пайдалану. Қалдықтарды құжаттау және сертификациялау
Автор: Boka • Июнь 17, 2018 • Реферат • 1,437 Слов (6 Страниц) • 1,447 Просмотры
13.Дәріс. Табиғи Қалдықтарды ұтымды пайдалану. Қалдықтарды құжаттау және сертификациялау.
Қалдықтарды басқару – қалдықтармен жұмыс жасау, оларды пайдаға асыру мен объектілерін орналастырудағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау. Қалдықтарды басқару жүйесі - қалдықтарды жинау, тасымалдау, өңдеу, екінші реттік қолдану мен қалдықтарды утилизациялауға байланысты бақылау мен атқарушы шаралардың кешені. Қалдықтармен жұмыс жасау – (соның iшiнде паспортталған) құжаттандыру мен ұйымдастырумен сабақтас қызметтер түрлері - қалдықтары бар жұмыстарды реттедiң технологиялық операциялары, ескертулер, жою және шекарааралық тасымалдау, жерлеу, сақтау, орналастыру, зиянсыз ету, тазарту, бiр жағынан жiберу, есепке алу және қалдықтардың жинақталуын бақылау, минимизациялау.
Қалдықтардың кадастры – мемлекеттік деңгейде жүйелендірілген қалдықтарды паспорттау және оларды жою бойынша жұмыс барысын үздіксіз бақылау арқылы нормативтік-әдістемелік қамтылған әр түрлі қалдықтардың физикалық-химиялық құрамы (адамдарға, қоршаған ортаға және ресурстық мәліметтеріге тигізетін зиянын ескере отырып) және шығуы туралы паспортталған дәйектемелердің жиынтығы.
Қалдықтардың каталогы – қалдықтардың стандартты, техникалық негізде және каталог парағының қабылданған үлгісінің негізінде алдын-ала шартты белгісі жүйесі арқылы (тапсырушы-тұтынушының тапсырысымен) принципімен топтастырылған және қалдықтардың қауіптілігі бойынша мәліметтердің жасырын жиынтықталған ақпараттық-анықтамалар беретін құжат.
Қалдықтардың сапасы – қалдықтарды өткізу тәсіліне жарамдылығын негіздейтін олардың қасиеттерінің жиынтығы.
Қалдықтарды топтастырушы – қалдықтардың жіктелуі нәтижесіне сәйкес, оларды қабылдауға және сақтауға ыңғайлы болу үшін мәліметтер кесте, кескін, сипаттама түрінде берілген және шартты белгі жүйесіне енгізілген, қолданбалы сипаттағы ақпараттық-анықтамалық құжат.
Қалдықтарды кодирлеу (шартты белгі жүйесіне енгізу) – жіктеу жүйесіне сай қойылған топ түріндегі белгілерді (әріп, сан және т.б.) айтарлықтай тығыз, қысқа, әрі анық жеткізуге мүмкіндік беретін техникалық тәсіл. Қалдықтардың түзілу нормативі – қойылған уақыт аралығында көрсетілген шарттың барысында белгілі бір жерде түзілетін қалдықтардың нақты бір түріне жататын қалдықтардың мөлшерін шектейтін экономикалық немесе техникалық көрсеткіш. Қалдықтардың орналасу нормативі – қалдықтардың қоршаған ортаға тигізетін зиянды әсерін ескереру арқылы оларды орналастырудың сандық және сапалық шектеулері.
Қалдықтарды жинау нормативі – қойылған уақыт аралығында белгілі бір жерде жинауға жататын нақты бір қалдықтардың төменде жоспарлану мөлшерін шектейтін экономикалық немесе техникалық көрсеткіш. Қалдықты паспорттау – ресурстарды сақтау және осы саладағы жұмыстарды қауіпсіз реттеу мақсатында қалдықтардың пспортының негізінде жүргізілген оның технологиялық айналым сатысындағы физикалық-химиялық және технологиялық қасиетін сипаттау барысындағы ұқсастық бойынша қызметтердің реттілігі (бір ізділігі).
Қалдықтарды тіркеу – қабылданған жіктеу және кодирлеу жүйелері бойынша қалдықтардың шартты белгі жүйесін бекіту арқылы өкілетті органдардың нормативтік-әдістемелік құжаттарға экспертиза жүргізуі.
Қалдықтардың реестрі (тізілімі) – қалдықтарды жою сатысында пайдалану мақсатында орталықтандырылған тіркеме бойынша атаулары және басқа да мәліметтер көрсетіліп тұратын мемлекеттік, аймақтық және/немесе жергілікті деңгейдегі (мысалы, автоматты мәлімет базасы түріндегі) жүйелендірілген қалдықтардың паспорттарының номерлары.
Қалдықтардың сертификаты – қалдықтардың сандық және сапалық сипаттамаларының белгіленген нормативтік талаптар мен ережелерге сәйкестігін куәландыратын ресми. Қалдықтардың тұрақтылығы – белгілі бір жағдайда алдын-ала белгіленген қасиетінің көрсеткіштік, күйінің параметрлік және құрамы мен құрылымының сипаттық мәнінің шектеулерінде біршама уақыт аралығында қалдықтардың өз қасиетін сақтап қалу қабілеті. Қалдықтардың техникалық паспорты – заманауи инфрақұрылым жұмыстарын, қауіпсіздікті және олармен жұмыс жасау кезінде ресурстарды сақтауды қамтитын нақты қалдықтардың негізгі сипаттамалары берілген ақпараттық-нормативтік, машина-нұсқалық құжат. Қалдықтың технологиялық айналымы – нақты қалдықтың жойылуының технологиялық үрдiстерiнің реттілігі. Экологизацияланған технологиялар – табиғаттағы шынайы зат айналымдарын бұзбайтын, табиғат жағдайларына үйлесімді сыятын және биосфераға ластаушы заттардың түсуін минимумға дейін әкелетін өндірістің өндірістік үрдістері. Қалдықтардың технологиялық айналымдарының сатылары – қалдықтың пайда болуынан бастап оның тіршілігін аяқтауына дейінгі уақыт аралығыныдағы нақты қалдықтардың белгілі бір түрімен жұмыс жасау барысындағы процестердің реттілігі: өнімнің тіршілік айналымы сатысындағы, әрі қарай, паспорттау, жинау, сұрыптау, тасымалдау, сақтау (қаттап жинақтау), пайдаға асыру, көму және/немесе қалдықтарды жою. Қалдықтарды минимизациялау – пайда болу көзінде немесе технологиялық процесс барысында түзілген қалдықтардың қалыптасуын қысқарту немесе толығымен тоқтату.
...