Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Солтүстік және Оңтүстік жарты шар материктері табиғатының қалыптасуы мен дамуы

Автор:   •  Декабрь 10, 2018  •  Курсовая работа  •  4,506 Слов (19 Страниц)  •  1,564 Просмотры

Страница 1 из 19

Жоспар:

Кіріспе.......................................................................................................................2

ΙДүниежүзілік мұхит табиғатына жалпы шолу....................................................3

1.1.Дүниежүзілік мұхит табиғатының зерттелуі .................................................3

1.2.Дүниежүзілік мұхит табиғатына жалпы шолу ...............................................5

Негізгі бөлім

ΙΙ Солтүстік және Оңтүстік жарты шар материктері табиғатының қалыптасуы мен дамуы.................................................................................................................8

2.1.Солтүстік жарты шар материктері табиғатындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтар ...................................................................................................8

2.2. Оңүстік жарты шар материктер табиғатындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтар .................................................................................................11

Қорытынды............................................................................................................14

Пайдаланылған әдебиеттер...................................................................................16

Кіріспе

Географиялық қабықтың құрамдас бөлігі болып табылатын материктер өзін құрайтын негізгі табиғат компоненттері: тау жыныстары жəне олардың негізінде қалыптасатын жер бедері, су, ауа, топырақ, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі арасындағы өзара байланысқа тікелей тəуелді. Физикалық географияның заңды жалғасы болғандықтан бұл пəн географиялық қабық компоненттерін материктер мен мұхиттар тұрғысында зерттейді. Олар: геоморфология (жер бедерін зерттеу ғылымы), климатология (климатты зерттейтін) жəне метеорология (ауа райын зерттеу), океанология (дүниежүзілік мұхит табиғатын зерттейтін), гидрология (құрлық суын зерттейтін), топырақтану (топырақтың қалыптасу жəне таралу заңдылығын зерттейтін), биогеография (биоценоздарды үйлестіру жəне оларды түзетін организмдердің жүйелену заңдылықтырын зерттейтін) сияқты аса маңызды ғылым салаларымен тығыз байланысты.

Жердің палеогеографиялық тарихи дамуының зерттеу мəліметтеріне негізделе отырып, материктер мен мұхит тардың қазіргі табиғат жағдайының қалыптасу жəне даму заңды лықтарына физикалық-географиялық тұрғыдан сипаттамалар беріледі. Сипаттама ең алдымен, дүниежүзілік мұхит суларына жалпы шолудан басталады. Материктер табиғаты Солтүстік жарты шар жəне Оңтүстік жарты шар материктеріне топтастырылып, ұқсастық жəне айырмашылық белгілерін талдау тұрғысында қарастырылады. Физикалық-географиялық сипаттама жоспар бойынша жалпы шолу мақсатында жасалады, одан кейін материктер табиғатының кеңістіктік жіктелуі мен физикалық-географиялық аудандастырылуы қарастырылады. Материктер мен мұхиттардың физикалық географиясы курсында аудандастырудың мынадай таксономиялық бірліктері: материктер – субконтинент (физикалық георафиялық регион) – физикалық георафиялық аймақ тұрғысында қарастырылады.

Ι Дүниежүзілік мұхит табиғатына жалпы шолу

1.1Дүниежүзілік мұхит табиғатының зерттелуі

 Гидросфераның құрамдас бөлігі болып саналатын дүниежү зілік мұхит табиғатын зерттеу ежелгі өркениет орталықтары болып саналған, алғашқы теңізде жүзушілер – финикиялық тар мен мысырлықтардың, Үнді жəне Тынық мұхит жағалауын мекендеген ежелгі халықтардың қарапайым мəліметтерінің мыңжылдықтар бойында жинақталуынан бастау алады. Атақты географ – Страбон еңбектерінде біртұтас Дүниежүзілік мұхит туралы алғашқы пікірлер айтылған болатын. Алғашқы ғылыми мəліметтер антик дəуірі ғалымдарының Жер шарын құрлық пен судың арақатынасына қарай «мұхиттық» (Аристотель, Страбон, Эратосфен) жəне «континенттік» (Птоломей жəне т.б.) бөліктерге бөлуінен басталған болатын. Ежелгі гректер мен римдік теңізде жүзушілер Жерорта теңізі мен оған жалғас жатқан су айдындары бойымен бірнеше рет саяхаттап, жағалық бөліктер туралы өте тиянақты жазба деректер қалдырған. Оларда мұхит пен құрлық арасындағы жылу мен ылғал балансы, Дүниежүзілік мұхит суының тұздылығы ту ралы ғылыми-анықтамалық мəліметтер сақталған. Олардың есеп теулеріндегі көрсеткіштердің құндылығы сол, қазіргі мұхит суларының қасиеттерін салыстырып, саралауға мүмкіндік береді. Орта ғасырлардың бастауында скандинавиялық теңізде жүзу шілер (нормандар мен викингтер) Атлант мұхиты деңгейінде көптеген саяхаттар жасап, ондағы ағыстар жүйесі туралы көптеген дəйектер мен құнды мағлұматтар жинақтаған. Дүниежүзілік мұхит табиғатын зерттеудің ең маңызды кезеңі ХV-ХVІ ғасырлардағы географиялық ашылулармен тығыз бай ланысты. Ұлы географиялық ашылулар деңгейіндегі зерттеулерді сол кезде күшті дамыған елдер – Португалия мен Испания бастады. ХV ғасырдың екінші жартысында Португалия Атлант мұ хиты арқылы Африка жағалауына көптеген экспедициялар ұйымдастырып отырды. Португал теңізшілері құрлықтың батыс жəне оңтүстік жағалауын бойлай жүзді. 1488 жылы Барталамео Диаш Африканың оңтүстік шетіндегі Қайырлы Үміт мүйісіне жетті. Христофор Колумбтың ұйымдастырылған экспедициясы Атлант мұхиты арқылы батыс бағытта жүзіп отырып, 1492 жы лы Америка дүние бөлігін ашты. Оның төрт саяхатының (1492-1504 ж.) нəтижесінде Орталық Америкадағы Багам, Үлкен Антиль жəне Кіші Антиль аралдары, Оңтүстік Американың солтүстік жағалауы ашылды. 1497-1499 жылдары португал теңізшісі Васко да Гама Африка ны оңтүстігінен айналып өтіп, Үндістанға апаратын теңіз жолын ашты. Ал Фернан Магеллан басқарған испан экспедициясы Атлант мұхитынан Тынық мұхитқа өтетін жол тауып, одан əрі дүниежүзін (1519-1522 ж.) толық бір рет ең бірінші болып айналып шықты. ХVІ-ХVІІІ ғасырларда Дүниежүзілік мұхиттың түрлі бөлік терінде көптеген саяхаттар ұйымдастырылып, олардың нəтижесінде алғаш рет океанология ғылымының негізі қалана бас тады. Ондай зерттеулер қатарына 1648 жылы С. Дежнев пен Ф. Поповтың, кейіннен В. Беринг пен А. И. Чириковтың Азия- ның солтүстік-шығыс жағалауын бойлай жүзіп, Азияны Америкадан бөлетін бұғазды, Тынық мұхитының солтүстік-батыс жағалауын ашуын, «Ұлы Солтүстік экспедициясы» (1734-1741 ж.) мен Дж. Куктың Тынық мұхит акваториясы бойынша жа саған үш экспедициясын ерекше атап өтуге болады. ХІХ ғасырдың бас кезінде болған И. Ф. Крузенштерн, О. Е. Коцебу, Ю. Ф. Лисянский, Ф. Ф. Беллинсгаузен жəне М. П. Лазарев экспедициялары нəтижесінде Дүниежүзілік мұхит табиғатының зерттеу аясы кеңейіп, мұхит табаны бойынша жүргізілген океанографиялық байқаулар мен зерттеулер негізінде көптеген ғылыми мəліметтер жинақталды. Антарктикалық сулар мен мұздар туралы орасан зор маңызды ғылыми ақпараттар нақтыланды. Дүниежүзілік мұхит табиғатын кешенді зерттеу ХІХ ғасырдың 60-жылдары мен ХХ ғасырдың ортасына дейінгі аралықта ғана жүйелі жүргізіле бастады. Бұл кезеңнің соңына қарай мұхит табиғатына түбегейлі зерттеулер жүргізілді. Ол зерттеулер «Челленджер», «Витязь», «Фрама» сияқты ғылыми-зерттеу экспедициялық кемелері мен Ч. У. Томпсон, С. О. Макаров, Ю. М. Шокальский, В. В. Докучаев, М. А. Рыкачов, Н. Н. Зубов, А. В. Эверлинг, Г. Шотт сияқты ғалымдар еңбегінің нəтижесінде жинақталды. Дүниежүзілік мұхиттың нағыз ғылыми жоспарлы дəрежесінде зерттелу кезеңі (ХХ ғасырдың ортасынан қазіргі кезге дейін) Дүниежүзілік мұхит табиғатын кешенді ландшафтты лық зерттеулер жүргізілуімен сипатталады. Бұл жұмыстар Дүниежүзілік мұхит табиғатын зерттеу барысында: 1. Компоненттік физикалық-географиялық; 2. Кешенді физикалық-географиялық (ландшафттылық); 3. Палеогеографиялық зерттеулер сияқты үш бағытта жүргізілуде. Жүйелі зерттеулерді жүзеге асыру үшін Ресей, Франция, Ұлыбритания, Норвегия, АҚШ, Канада, Аустралия сияқты мұхит қа тікелей шыға алатын елдерде океонологиялық бағыт тағы ғылыми-зерттеу институттары көптеп ұйымдастырылды. Осы кешенді зерттеулер нəтижесінде Дүниежүзілік мұхиттар Атласы (3 том), бірнеше монографиялар, ғылыми-көпшілік əдебиеттер мен журналдар жарыққа шықты. Қазіргі таңда Дүниежүзілік мұхит табиғатын кешенді зерттеу жұмыстары жаңа деңгейге көтеріліп, үздіксіз сипатта жүзеге асырылуда. Дүниежүзілік мұхит табиғатын зерттеу барысында география ғылымында мынадай зерттеу əдістері кеңінен қолданылады: Геожүйелік əдіс 1.Ландшафттылық-географиялық;2. Геофизикалық; 3. Геохимиялық; 4. Кибернетикалық. Палеогеографиялық əдіс 1. Нағыз палеогеографиялық; 2. Тарихи-географиялық. Географиялық болжау əдісі 1. Географиялық модельдеу; 2. Картографиялық модельдеу; 3. Математикалық модельдеу. Зерттеуге қажетті нақты ақпараттардың барлығы экспе дициялық, стационарлық жəне эксперименттік жұмыстар нəти жесінде жинақталады.

...

Скачать:   txt (66.9 Kb)   pdf (211.4 Kb)   docx (25.4 Kb)  
Продолжить читать еще 18 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club