Оқу - далалық практика
Автор: KanafinOS • Июнь 23, 2023 • Отчет по практике • 5,549 Слов (23 Страниц) • 298 Просмотры
Мазмұны
Кіріспе
І – тарау. Практика өтетін ауданның табиғат ерекшелігі.
- Климаты (ауа райы)
- Жер беті, гидрология (су көздері), топырағы.
- Өсімдіктер мен жануарлар дүниесі.
ІІ – тарау. Өсіміктер дүниесін зерттеу.
- Ботаника бойынша оқу – далалық практиканың мақсаты және мазмұны.
- Оқу – далалық практиканың құрал жабдықтары
- Флора жөнінде түсінік. Оны зерттеудің әдіс – тәсілдері.
- Өсімдіктерді жинау, оны гербариялау. Анықтау.
- Геоботаника, оның мақсаты. Фитоценоз және биогеоциноз.
- Геоботаникалық анықтаудың әдіс – тәсілі.
Қолданылған әдебиеттер.
Биология мамандарын даярлаудың ең басты күрделі бөлімі 1,2 курстарда өткізілетін ботаника, зоология бойынша оқу – далалық практикасы болып табылады.
Ботаника мен зоологияны тек қана кітаптан ғана оқып, үйреніп қоймай, табиғатты бақылау білікті мамандарды қалыптастырады.
Оқу - далалық практика студенттерге организм мен ортаның бірлігінің принциптерін көрнекті түрде түсінуіне, нақты экологиялық жағдайда өсімдіктер мен жануарларды танып, білуге көмектеседі.
Оқу - далалық практикасы кезінде студенттер лекция, лабораториялық сабақтарда алған білімдерін бекітеді, аймақ бойынша өсімдіктер мен жануарлар жөнінде түсініктер алады, табиғат жөніндегі материалистік білімдерін тереңдетеді, ботаникалық, зоологиялық зерттеулер бойынша дағдымен әдіс қалыптастырады, ғылыми – зерттеулер үшін нақты материалдар жинайды, табиғатты қорғауға байланысты шаралар жүргізеді, табиғатта сирек кездесетін және жоғалуға айналған өсімдіктер мен жануарлармен танысып, зерттейді.
Биология факультетінің студенттері оқу - далалық практикасын негізінен Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында өткізеді.
Практика екі бөлімнен тұрады.
І – бөлім. Практика өтетін ауанның табиғат ерекшелігі.
Практика өтетін аудан Орталық Қазақстанның ұсақ таулы жерлерінде немесе қазақтың қатпарлы таулы, жоталы өлкесінде орналасқан. Ұсақ қатпарлы таулардың батысында Ұлытау тауларымен, шығысында Тарбағатай тауымен шектеседі. Қазақтың қатпарлытаулары солтүстік шығысында, оңтүстігінде, оңтүстік батысында бірте – бірте Ертіс, Балхаш, Шу жазықтарына ұласады.
Ұсақ қатпарлы таулар шығыста солтүстіктен оңтүстікке дейін 350-400 км, батысында 950 км –ге дейін созылады.
Бұл аудан климаты, геологиялық құрылысы, жер беті (рельеф), топырағы, өсімдігі мен жануарлар дүниесі, даму тарихы жөнінен ерекше ерекшеленген, Қазақстанның басқа жазық – далалық аудандарынан біршама бөлектенген аудан.
І. Климат.
Қазақтың қатпарлы ұсақ тауларының климатын анықтайтын фактор – оның ішкі континентальдық жағдайы. Республиканың басқа бөліктеріне қарағанда Орталық Қазақстанның континентальды климаты ерекше байқалады. Қатпарлы тау өлкелерінде климат біркелкі емес, өйткені жерінің кеңдігі мен ұзақтылығына және жер құрылысының орографикалық құрылысында байланысты. Күн көзінің жылуының ұзақтылығы жылына 2300- 2400 сағат. Күн көзінің жылу энергиясы әсіресе маусым – тамыз айларында көп болады. Күрт континентальды климаты қары аз, бірақ қысы ұзақ жауын - шашыны аз, құрғақ, ыстық жазынан байқалады. Ауаның жылдық орташа температурасы 1,20 тан 2,30 С – ке дейін көрсетеді. Жылы ауаның ұзақтығы 200 күн және одан төменде болады.
Қарқаралы ауданы Орталық Қазақстандағы аса суық емес ауданға жатады. Ылғалы мол аймақ, гидротермикалық коэффицент 0,7 – 0,8. 100 С температураның жиынтығы 20000. Вегетациялық мерзім 130 күннен аз. Агроклиматтық байлығы (қоры) астық дақылдары, капуста, картофель, қияр сияқты көкөніс дақылдарының өсуіне жағдай туғызады. Аймақтағы шаруашылықтардың көпшілігі мал және егін шаруашылығымен айналысады.
2. Жер бедері, гидрология. Топырағы.
Жер беті негізінен көпшілік жағдайда өсімдіктер мен жануарлар дүниесін белгілейді.
...