Мақтарал облысы, Абай ауылына далалық зерттеу жұмыстары
Автор: orakbay.aruzhan • Декабрь 9, 2022 • Реферат • 2,655 Слов (11 Страниц) • 204 Просмотры
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Әль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
[pic 1]
Факультет: География және табиғатты пайдалану
Кафедра: География, кадастр және жерге орналастыру
Орындаған: Орақбай Аружан
Тексерген: Жақыпбек Ы
Мазмұны:
Кіріспе
- Мақтарал облысы, Абай ауылына далалық зерттеу жұмыстары…………………………….4
- Жерге орналастыру жұмысы бойынша инженерлік-техникалық кадрлардың қажеттеліктерін құру………………………………………………………………………….11
- Еңбек ақы қорын және басқа да кірістерді есептеу, шығындар сметасын құру………….15
- Жобаланып отырған жұмыстарды қабылдау және айлық есеп беру………………………17
- Жерге орналастыру жзобасы бойынша акт, хаттама, көшірме толтыру……………….….23
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Абай — Түркістан облысы Жетісай ауданындағы ауыл, Жолдасбай Ералиев ауылдық округі орталығы.Аудан орталығы – Жетісай қаласынан солтүстік-батысқа қарай 21 км-дей жерде орналасқан.1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 1159 адам (587 ер адам және 572 әйел адам) болса, 2009 жылы 1366 адамды (675 ер адам және 691 әйел адам) құрады.
Солтүстігін түгелдей алып жатқан Шардара бөгені (1974) арқылы Сарыағаш, Шардара ауданымен шектеседі. Ауданның жер қойнауынан минералды су, құрылыс материалдары барланған. Климаты континенттік, қысы қысқа, біршама жұмсақ, жазы ыстық, аңызақты. Қаңтардың жылдық орташа температурасы -3-4°С, шілдеде 28-29°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 200-250 мм. "Достық" (бұрынғы С.И.Киров атындағы) каналы - ауданның басты су көзі. Жер асты суының мол қоры бар. Ауданның жерінде эфемерлі өсімдіктер, жусан, баялыш, жантақ, қараған, жыңғыл, жиде өседі. Жануарлардан түлкі, саршұнақ, бауырымен жорғалаушылар кездеседі. Кезінде ақбөкендер болған. Ауданда 60-тан астам ұлт бар. Қазақтар, тәжіктер, өзбектер, орыстар, тағы басқа ұлт өкілдері тұрады. Облыстағы халқы ең тығыз қоныстанған аудан.
Аудан халқына мәдени қызмет көрсету бағытында 30 мәдениет үйлері мен клубтар және 36 кітапхана, жалпы 68 мәдени ошақтары жұмыс атқарады. 2007 жылы облыстық бюджет есебінен Атакент кентіндегі «Достық» мәдениет үйін 12,0 млн. теңгеге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Қазірде Абай ауылында 9976 халық тұрады. Жобалау мүмкін болатын нұсқаларды салыстыра отырып және олардың тиімді және техникалық тұрғыдан жүзеге асырылатындығының таңдай отырып, ауылдағы қазіргі таңдағы мәселелердің бірі ауылдың газбен қамтамасыз етілмеуі. Абай ауылының халықтың басым бөлігінің өтініші осы газ құбырымен қамтамасыз етуді сұраған. Сондықтанда осы мәселені қамтуды ұйғардым.
Тақырып: Газ құбыры жүйесінің жерге орналастыру жұмыстарының мөлшерін есептеу.
Жұмыс мақсаты: Жерге орналастыру және кадастр жұмыстарының мөлшерін есептеуге үйрену.
1. Ауылшаруашылық дешифрлеу
Суреттерді дешифрлеу дегеніміз – жергілікті жердің фотосуреттерінде бейнеленген объектілердің сипаттамасын табу, тану және анықтау. (1- Сурет)
1944 жылы кантар айында, бос жаткан Екі тогай атты жерден Киров атындагы жузім савхозынын ашылуына байланысты 1944 жылы Киров жузім савхозы жанынан Андреев селолык Советі курылды.
Абай ауылдык округі шыгысында Шардара су коймасы мен, солтустігінде Ералиев ауылдык округімен,батысында Кузылкум ауылдык округімен, онтустігінде Ералиев ауылдык округімен шектеседі.
1978 жылга дейін Андреев селолык советі болып келді.
1978 жылдан бастап Абай ауылдык Кенесі жэне аткару комитеті болып курылды.
1993 жылдын желтоксан айында, Казакстан Республикасы Президентінін Жарлыгына сәйкес, Абай ауылдык Кенесі, Абай ауыл әкімшілігі болып атала бастады.
Казіргі әкімшілік аты «Абай ауылдык округі»
[pic 2]
...