Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Карта элементтері

Автор:   •  Апрель 24, 2021  •  Реферат  •  2,905 Слов (12 Страниц)  •  1,679 Просмотры

Страница 1 из 12

КАРТАЛАР

1.1 Термин және анықтама

«Карта» термині Орта ғасырлардың жаңару заманында пайда болды. Бұған дейін tabula және descriptions (сурет) сөздері пайдаланылған. Термин латын тілінен «charta» (қағаз, парақ), грек тіліндегі хартес сөзі папирустан жасалынған қағаз д.м.б.

Ресейде алғашында карта «сызба» яғни жергілікті жерді сызбалармен салу болып, тек Петр І кезеңінде «ландкарталар», кейінірек – «карталар» атауы пайда болды. В. Дальдің (1881) түсіндірме сөздігінде карта сөзі «жер, теңіз, аспан әлемінің қандай-да бір бөлігінің сызбасы» деп түсіндірілген.

Бүгінде «карта» сөзі әлемнің көптеген тілдерінде қолданылады. Француз тілінде - carte, неміс тілінде - karte, итальян және португал - carta, голланд - kaart, швед - karta, дат - kort, украин - карта, грек - χαρτηζ, түрік - karita. Бірақ латын тілінен шыққан «mappa» (мата бөлігі): ағылшын тілінде – map, испан тілінде – mapa, поляк, чех, словак тілдерінде – mapa. Кейбір тілдерде терминдердің екеуі де қолданылады. Мысалы, ағылшынның «cһart» терминімен теңіз және аэронавигациялық карталарды, испанның «cartа» сөзін теңіз және астрономиялық карталардың пландары үшін пайдаланады. Карталардың таза ұлттық атаулары да бар, олар төмендегілер: жапонша - tizu, венгерше – terkep (сөзбе-сөз – аумақтың суреті), литва тілінде – zemelapis (Жердің беті).

Картографияның техникалық терминдерінің халықаралық көптілдік сөздігі (1973) картаға келесідей анықтамалар береді: Жер бетінің, аспан сферасының немесе басқа да аспан денелерінің математикалық заңдылық бойынша кішірейтілген, жинақталған суреті. Бұл сурет жазықтықта математикалық заңдылық бойынша құрастырылған және осы жазықтықтармен байланысты болған нысандардың орналасуы мен қасиеттерін шартты белгілер көмегімен көрсетеді.

Картография бойынша отандық мемлекеттік стандарттар, энциклопедиялық баспалар, анықтамалар мен оқулықтар сәл басқаша мазмұнға ие. Дегенмен олар редакция жағынан ғана айырмашылық жасайды. Ол картографиялық суреттердің қасиеттерін ерекше назарға алады. Электронды карталардың пайда болуына байланысты бұрынғы анықтамаларды өзгерту шаралары қабылданып жатыр, дегенмен картаның мазмұны, оның қасиеттері мен ерекшеліктері өзгеріссіз қала береді.

Ең көп тараған әрі дәстүрлік анықтама осылар болып табылады.

Карта – дегеніміз Жер бетінің, басқа аспан денесінің немесе ғарыш кеңістігінің математикалық анықталған, кішірейтілген, жалпыластырылған суреті. Бұл карта оларда орналасқан немесе жобаланған нысандарды қабылданған шартты белгілер жүйесі бойынша көрсетеді.

1.2. Карта элементтері

Картаның элементтері – картографиялық суретті, легенданы және картаның безендірілуі сияқты картаның құрамдас бөліктері болып табылады (1.1. –сурет).

Негізгі элемент - картографиялық сурет, яғни карта мазмұны, нысандар мен құбылыстар туралы мағлұматтар жиынтығы, олардың орналасуы, қасиеттері, өзара байланысы, динамикасы. Жалпы географиялық карталар төмендегілерді қамтиды: елді мекен, әлеуметтік-экономикалық және мәдени нысандар, байланыс желілері, бедер, гидрография, өсімдіктер мен грунттар, саяси-әкімшілік шекаралар.

Тақырыптық және арнайы карталарда картографиялық суреттердің екі құрамдас бөліктерін ажыратады. Біріншіден, бұл географиялық негіз яғни мазмұнның жалпы географиялық бөлігі тақырыптық және арнайы мазмұнды элементтерді салу және байлау, сондай-ақ карта бойынша бағдарлану үшін қызмет етеді. Екіншіден, тақырыптық немесе арнайы мазмұн (мысалы, аумақтың геологиялық құрылымы немесе навигациялық жағдайлар).

Кез-келген картаның маңызды элементі – легенда яғни картада қолданылған шартты белгілер мен мәтіндік түсіндірмелердің жүйесі. Топографиялық карталар үшін шартты белгілердің арнайы кестесі құрастырылған. Олар стандартталған және сәйкес масштабты карталардың барлығында қолданылуы шарт.

...

Скачать:   txt (46 Kb)   pdf (189.6 Kb)   docx (26.1 Kb)  
Продолжить читать еще 11 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club