Карта парақтарындағы бұрыш төбелерінің координаталары мен номенклатурасын анықтау
Автор: Aruzahan • Декабрь 3, 2018 • Реферат • 6,996 Слов (28 Страниц) • 1,289 Просмотры
Тақырыбы: «Карта парақтарындағы бұрыш төбелерінің координаталары мен номенклатурасын анықтау»
Жұмыстың мақсаты: Геодезиялық пункт орналасқан жердің номенклатурасы мен карта парақ рамкаларының бұрыш координаталарын анықтау, географиялық координатадан тікбұрышты координатаға және керсінше есептеуді үйрену.
Бұл жұмысты орындау студенттің әртүрлі масштаб карта парақтарының торлануы мен номенклатурасын оқып үйренгеніне негізделеді. Осыған сәйкес студент жұмысты орындаған кезінде төмендегі есептерді шешуі қажет:
1.Орналасқан пункттің 1:2000 және 1:10000 масштабты карта парағындағы номенклатурасын анықтау.
2.Трапециялық рамкалар бойынша сәйкес парақтың номенклатурасын анықтау.
3.1:2000 және 1:10000 масштабты парақ рамкасының бұрыш төбелерінің географиялық координаталарын анықтау.
4.Пункттегі және 1:2000 және 1:10000 масштабты карта парақ рамкаларының бұрыштарын географиялық координатадан тікбұрышты координатаға алмастыру жасау. 1:10000 масштабты карта үшін геодезиялық есептеуді географиялық есептеуге алмастыру.
5.Рамканың өлшемін және 1:2000 және 1:10000 масштабты трапецияның ауданын анықтау керек.
Негізгі теориялық түсініктемелре
1:5000 және 1:2000, 1:1000 және 1:500 масштабты топографиялық пландарды жасау үшін орындалатын негізгі шарттарға сәйкес бөліктің түсірісі үшін геодезиялық негіздеу пункт координаталары Гаустың проекциялау координата жүйесі бойынша, яғни ережемен, үшградустық зонада, ал 1:10000 масштаб үшін – алтыградустық зонада есептеледі.
1950 жылдан координаталар зонасының үшградустық жүйесі Кеңес өкіметінің барлық аймағында 1:2000 және 1:5000 мастаб түсірістері үшін Гаусс проекциясында орындалуы міндетті болды. Бұл координаталар жүйесінде жер эллипсоидының беті бойлық бойынша 3° сайын меридиандармен зонаға бөлінеді. Үшке еселік бойлығы бар орташа меридиан зонасы осьтік меридиан деп аталады, оның жазықтықтағы кескіні абсцисса осі, ал экватор кескіні ордината осі болып қабылданады. Осы екі сызықтың қиылысуы координаталардың басы болып саналады.
Х абсциссасын координата басынан солтүстікке қарай оң таңбамен, ал оңтүстікке қарай теріс таңбамен есептейді. Кеңес өкіметінің барлық аймағы солтүстік жарты шарда орналасқандықтан, абсцисса алдына оң таңба қойылмау қабылданған.
У ордината координата басынан солтүстікке қарай оң таңбамен, ал бастысқа қарай теріс таңбамен саналады.
Толығымен солтүстік жарты шарда орналасқан ТМД елдерінің аймағанда абсцисса мәні барлық уақытта оң болады. Ордината оң немесе теріс болуы мүмкін. Ординаталар мәні теріс болмауы үшін осьтік мкридианнан батысқа (х) абсциссасын шартты түрде 500 км-ге ауыстырылды. Осындай үлгімен түзетілген (у) ординатаны келтірілген деп атайды.
Жұмыстың орындау тәртібі
1. Алдымен бланкты карта 1:1000000 бойынша мастабты карта парағының номенклатурасын, пункттің берілген географиялық координатасы (ϕ= 52°05'25″) ендігі бойынша L латын әріпті қатарын анықтаймыз. Бойлығы бойынша (λ=71°34'35″) колоннаның номерін 43-ны анықтаймыз және зона номерін табамыз, яғни зона номері колонна номерінен 30 бірлікке артық, сонда (42-30)=22 – зона номері болады. Зонаның номері бойынша, 1:1000000 масштабты карта парағын шектейтін остік меридиан және меридиан бойлығын (N-42) есептеп табамыз.
а) 6° зона үшін осьтік меридианның бойлығы:
λостік=N*6°-3°, мұндағы N-зона номері.
Шеткі меридианның бойлығы: λбат=(λостік-3°); λоңт=(λостік+3°).
а) 1:10000 масштабты карта үшін:
λостік=12*6°-3°=69°; λбат=69°-3°=66°; λоңт=69°+3°=72°.
б) 1:2000 масштабты карта үшін:
λостік=13*6°-3°=75°; λбат=75°-3°=72°; λоңт=75°+3°=78°.
б) Блантық картамен берілген координаталар бойынша 1:100000 масштабты карта бетінің номенклатурасын анықтаймыз. Бұл үшін 1:1000000 масштабты карта парғы 144 бетке бөлінеді, олардың ішінен берілген пункт орналасқан жердің шектелген бетінің номерін таңтап аламыз (L-42-77; N-43-131).
...