Жамбыл облысы табиғатының орман алқаптарының таралуындағы рөлі
Автор: Anel05 • Сентябрь 10, 2018 • Реферат • 6,369 Слов (26 Страниц) • 1,172 Просмотры
Мазмұны:
Кіріспе
Жамбыл облысы табиғатының орман алқаптарының таралуындағы рөлі.
- Облыс территориясының экологиялық-географиялық орны;
- Жер бедерінің орман ағаштарының өсуіне әсері;
1.3. Орман алқаптарының таралуында климат пен ішкі сулардың рөлі;
Негізгі бөлім
2.1. Жамбыл облысының өсімдік жамылғысы ормандары;
2.2. Жамбыл облысының орман қоры, оны қалпына келтірудің шаралары;
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе
Зерттеу жұмысының өзектілігі
Облыстың табиғат байлықтары ата-бабаларымыздың бізге мұра етіп қалдырған баға жетпейтін құндылығы. Осы байлықтарды сақтау, облыс тұрғындарының денсаулығын және жағдайын жақсарту. Ормандардың халық шаруашылығы үшін маңызы өте зор.
Орман шаруашылығы мекемелерінің алдына қойылған негізгі міндеттер облыс аумақтарындағы ормандарды сақтау. Өрттен, аурулар мен зиянкестерден қорғау, орманды жерлердің көлемін ұлғайту, елді мекендердің айналасын көгалдандыру орман ресурстарын ұтымды пайдалануды іске асыру.
Табиғат бір-бірімен тығыз байланыста даму ырғағы үйлесімді жүргенде ғана бұзылмайды. Табиғатты қорғау мемлекеттік деңгейдегі үлкен мәні бар мәселе. Оған дұрыс шешім қабылдау қазіргі кезден болашақ ұрпаққа деген қамқорлық. Қазіргі таңда біздің орман-қорғаушыларымыз жоспарлы қалыптасқан әдіспен орман қорын көбейту мақсатында көктем мен күзгі жұмыстар жүгізіп отырады. Ғылыми жұмыста облысымыздың орман шаруашлығын қорғау және дамыту жолдары жан-жақты талданып сараланған. Осы уақытқа дейінгі зерттелген жетістіктеріне нақты ғылыми деректер келтіре отырып дәлелденген.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері.
1.Жамбыл облысының орман саласы бойынша шешімін таппай жүрген мәселені зерттеу.
2.Облыстың орман шаруашылығына экологиялық сараптама жасау және табиғат пайдалануды реттеудің өзектілігін айқындау.
3.Орман шаруашылығын үйлестіру және қорғау жолдарын анықтау.
Зерттеу жұмыстың ғылыми-практикалық мәні:
Ғылыми жұмыста қарастырылып, талданған облыстың орман саласының даму барысын экологиялық тұрғыда зерттелуі мен орман шаруашылығын үйлестіру және қорғау жолдарын анықтау. Орман саласы бойынша шешімін таппай жүрген мәселені зерттеу.
Зерттеу жұмысының әдісі:
1.Тақырып туралы түрлі деректер жинақтау.
2.Жан-жақты іздену арқылы тақырыпты нақты жүйелеу.
3.ТИГУ-дегі ғылыми жетекшімен бірге ізденіс жұмыстарын жүргізу.
Зерттеу жұмысының құрылымы: Ғылыми жұмыс кіріспеден, «Жамбыл облысы табиғатының орман алқаптарының таралуындағы рөлі», «Жамбыл облысының өсімдік жамылғысы ормандары» деген бөлімдерден және қорытынды мен пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. Жамбыл облысы табиғатының орман алқаптарының таралуындағы рөлі
Кез келген территорияның орман алқаптарының өсуі мен оның таралуы сол территорияның эколого-географиялық жағдайына тығыз байланысты болады. Атап айтқанда, облыс территориясының эколого-географиялық орны, жер бедері, климаты пен ішкі сулардың орман ағаштарының өсуінде шешуші роль атқарады. Сондықтан Жамбыл облысының табиғатына қысқаша эколого-географиялық шолу беріледі.
1.1 Облыс территорясының эколого-географиялық орны
Жамбыл облысы Орталық Азия орталығында, 42-46 с.е.-мен 69-75 ш.б. аралығында орналасқан. Солтүстік аймағы жазық- Мойынқұм, Бетпақдалаға ашық тосқауылсыз шығып жатса, шығысында Айтау ( Шу-Ілетаулары), оңтүстігінде Қырғыз Алатауы, батысында Қаратау тауларымен шектеседі. Шу және Талас өзендерінің төменгі ағысында орналасқан. Жалпы алып жатқан жер көлемі 145,2 мың шаршы шақырым. Облыс жері солтүстіктен оңтүстікке 4,, шақырымға созылса, оңтүстігіндегі және батысындағы шекаралары табиғи шекара болып тау жоталарымен өтеді.
...