Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ақмола облысы

Автор:   •  Январь 13, 2019  •  Курсовая работа  •  3,949 Слов (16 Страниц)  •  835 Просмотры

Страница 1 из 16

        МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

5

1

ҚАШЫҚТЫҚТА БӨЛІМШЕЛЕРДІҢ САНЫН АНЫҚТАУ

7

2

ЕСЕП АЙЫРАТЫН ЖӘНЕ ЖОСПАРЛАНАТЫН ЖОЛ МОНТРЕЛЕР КОНТИНГЕНТІН АНЫҚТАУ

8

2.1

Басты жолдар үшін жол монтерлердің санын анықтау

8

2.2

Бекетті жолдар үшін жол монтерлердің санын есептеу

9

2.3

Бағыттық аудармалар үшін жол монтерлердің санын анықтау

10

3

ЖАСАНДЫ ҒИМАРАТТАРДЫ АҒЫМДЫ ҰСТАУ ЖӘНЕ ЖОЛ ӨТКЕЛДЕРДІ КҮЗЕТУ ҮШІН ЖҰМЫСКЕРЛЕРДІҢ КОНТИНГЕНТІН АНЫҚТАУ

14

4

ЕҢБЕК АҚЫСЫН ТӨЛЕУ ЖӨНІНДЕ ҚАШЫҚТЫҚ ТОПТЫ АНЫҚТАУ. ШТАТТЫҚ ТІЗІМДЕМЕНІ ҚҰРАСТЫРУ

16

5

ДӘРЕЖЕ БОЙЫНША БРИГАДА ҚҰРАМЫН АНЫҚТАУ

18

6

ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫ (ПУ-74) МЕН ЖОЛ БАҒАСЫ ЖӘНЕ АҒЫМДЫ ҰСТАСУЫ ЖӨНІНДЕГІ КЕСТЕСІ

19

7

БРИГАДАДАҒЫ ӘР МҮШЕСІНІҢ КӨТЕРІҢКІ ЖАЛАҚЫСЫН АНЫҚТАУ

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

21

24

25


 КІРІСПЕ

Ақмола облысы — Қазақстан Республикасының орталығында орналасқан әкімшілік-аумақтық бөлініс. 1939 жылы құрылған. 1961 – 92 жылдары Целиноград облысы болып аталды.

Жер аумағы 146,2 мың км². Тұрғыны 746,6 мың адам, орташа тығыздығы 1 км²-ге 5,1 адамнан келеді (2006). Солтүстігінде Солтүстік Қазақстан, шығысында Павлодар, оңтүстігінде Қарағанды, батысында Қостанай облыстарымен шектеседі. 14 ауылдық, 2 қалалық әкімшілік ауданға бөлінген. 10 қала, 13 кент, 245 ауылдық әкімшілік округ бар. Әкімшілік орталық – Көкшетау қаласы. Ақмола облысы Сарыарқаның солтүстік-батыс бөлігінде, Есіл өзенінің жоғарғы ағысындағы дала белдемінде орналасқан. Жерінің басым бөлігі абсолюттік биіктігі 400 м-ден аспайтын аласа белесті, ұсақ төбелі жазық. Солтүстігінде Көкшетау қыратының сілемдері (Сандықтау, Домбыралы, т.б. аласа таулар) орналасқан. Облыстың батыс, орталық, шығыс бөліктерін Есіл, Атбасар, Сілеті жазықтары алып жатыр. Оңтүстік-батысында Теңіз-Қорғалжын ойысы бар. Облыстың батыс жағында Есіл өзеніне дейін Торғай үстіртінің шығыс шеті еніп жатыр. Есіл өзенінің оң жағалауы Атбасар, сол жағалауы Теңіз жазықтарымен шектеседі. Оңтүстік-шығысында орманды, көркем Ерейментау өңірі орналасқан. Оның негізгі бөлігі жартасты, қырқалар тізбегінен (100 – 500 м) тұрады. Жерінің геологиялық құрылымы каледон және герцин қатпарлығы кезеңінде қалыптасқан. Палеозой дәуірінің соңында континенттік түзілу кезеңі басталды. Өте ұзақ мерзімге созылған тегістелудің нәтижесінде пайда болған таулы өлке мезозой дәуірінде бірте-бірте қыраттарға айналды. Облыс жері негізінен палеозойдың метаморфтанған тақтатастарынан, кварциттерінен, құмтастарынан, альбитофириттерінен, әктастарынан, конгломераттарынан түзілген. Солармен бірге интрузивті (гранит, диорит, габбро, т.б.) және эффузивті жыныстар кең таралған. Байырғы жыныстарды неоген мен төрттік дәуірлердің сарғылтым шөгінділерінің қалың қабаттары жауып жатыр

Климаты тым континенттік, қысы ұзақ (5,5 айға созылады) суық, жазы қоңыржай ыстық. Қаңтардың орташа темпертурасы –16 – 18°С, шілдеде 19 – 21°С. Тұрақты қар жамылғысы қарашаның ортасында қалыптасып, оңтүстігінде 130 – 140 күн, солтүстігінде 150 – 155 күн жатады. Қардың орташа қалыңдығы 20 – 22 см. Солтүстігінде жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 400 мм, оңтүстігінде 250 мм. Облыста солтүстіктен оңтүстіке қарай қара қоңыр, қоңыр, ашық қоңыр топырақ белдемдері бірін-бірі алмастырады. Олардың көпшілігі жыртылған.

...

Скачать:   txt (47.9 Kb)   pdf (265.8 Kb)   docx (46.8 Kb)  
Продолжить читать еще 15 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club