Әли Меруерт Төлеуханқызы
Автор: amirdulatov1234 • Апрель 4, 2024 • Курсовая работа • 6,430 Слов (26 Страниц) • 142 Просмотры
«Қарағанды медициналық университеті»
Коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Қазақстан тарихы және әлеуметтік – саяси пәндер кафедрасы
Тұлғаның саяси әлеуметтендірлуі
Орындаған: Арыстанова Алуа, Байназар Ернар
Жұмалбек Арнұр, Бәкіртай Дәуір
Факультет: 1-004 Медицина
Тексерген:Әли Меруерт Төлеуханқызы
Қарағанды 2024 жыл
Мақсаты:
Жоспар:
- Тұлғаның саяси әлеуметтендірілуінің терең мазмұны
- Тұлғаны саяси әлеуметтендірудің мәні және анықтамасы
- Тұлғаны саяси әлеуметтендірілуінің кезеңдері
Тұлғаның саяси әлеуметтендірлуінің мазмұны.
Тұлғаның саяси әлеуметтендірілуінің терең мазмұнын түсіну үшін тұлға бір мезгілде саясаттың субъектісі әрі объектісі болатындығын атап көрсету маңызды. Бірақ бір адамдар көп дәрежеде саяси белсенділік байқатса, екіншілері азырақ, ал үшіншілері саясаттан мүлдем «қашқақтауға» тырысады. Біреулері өмір сүріп тұрған саяси құрылысты нығайтуға ұмты лып сындарлы мінез-құлық танытатын болса, екіншілері, керісінше оны жоюға бағытталған шараларды жасайды және деструктивті ұстанымын білдіреді. Сонымен қатар, кез келген саяси режимге және кез келген билікке оңай бейімделетіндер де бар. Саяси мінез-құлықтың түрлерінің мұндай әр алуандылығы, менің көзқарасым бойынша, көбіне тұлғаның саяси әлеуметтендірілуінің сипатымен байланысты.
Жалпы алғанда әлеуметтендіру (латынша socialis-коғамдық дегенді білдіреді) - бұл тұлғаның қызметі мен қарым-қатынасында іске асырылатын, оның әлеуметтік тәжірибесінің белсенді түрде ұдайы өндірілу процесі. Алайда, адам қоғамда белгілі бір рольді өзіне қабылдап, оны орындай алатындай жағдайда болу үшін, ол алдын-ала қайсыбір дәрежеде әлеуметтік тәжірибені меңгерген болуы тиіс, өзінің тіршілік кызметінің әрекет етіп тұрған жағдайларына бейімделуі тиіс. Мәдениеттің, әлеуметтік нормалар мен құндылықтардың элементтерін меңгеру арқылы индивидтің қоғамға, әлеуметтік кауымдастықтардың әр түрлі типтеріне бірігу процесінің негізінде әлеуметтік мәнді белгілер қалыптасады, бұл тұлғаның әлеуметтендірілуі деп аталады. "Тұлғаның әлеуметтендірілуі, ұғымын ғылыми айналымға ХІХ ғасырдың аяғында американ әлеуметтанушысы Ф. Гиддингс пен француз психологы Г. Тард енгізді. Дегенмен, саяси ғылымның әр түрлі ғылыми мектептері мен бағыттары әлеуметтендірудің кайсыбір механизмдері отбасы, мектеп, мәдениет, бұқаралық ақпарат құралдары және т.б. маңызы мен ерекшеліктеріне көбірек назар аударды. Бұл әлеуметтендірудің процесс ретіндегі мазмұнын, оның логикасын түсінуге ыкпал етті. Сондықтан да ғылыми әдебиеттерде әлеуметтендіру процесінің әр түрлі түсіндірмелері (трактовка) бар.
Дегенмен, тұлға мен оның тіршілік ететін ортасының қарым-қатынасы тікелей және кері байланыстар түрін иеленетінін атап көрсетеміз. Бұл процесс индивидтің әлеуметтік сапаларына қоғам тарапынан болатын, сондай-ақ керісінше де болатын ықпал етудің белгілі бір механизмдерінің көмегімен іске асырылады. Бірінші жағдайда әңгіме индивидтің әлеуметтендірілуі жөнінде, екіншісінде олардың әлеуметтік ортаны өзгерту механизмі туралы болып отыр. Сондай-ақ индивидтің әлеуметтендірілуіоның бүкіл өмірі бойына жүретіндігін атап көрсетеміз. Сөйтіп, тұлғаның әлеуметтендірілуі индивидтің қоғамның толық құқылы мүшесі ретінде қызмет етуі үшін оған мүмкіндік беретін білімдердің, нормалар мен құндылықтардың белгілі бір жүйесін меңгеру процесі болып саналады.
Саясаттың субъектісі ретіндегі тұлғаның қалыптасуы біртіндеп, оның саяси әлеуметтенуі процесінде адамның әлеуметтік тұрғыдан пісіп жетілуінің шамасына қарай жүреді. Саяси әлеуметтену тұлғаның жалпы әлеуметтенуінің бір бөлігі, оның өзінен бұрынғы адамдар ұрпағынан жинақталып қалған әлеуметтік тәжірибеге қосылуы болып табылады. Әлеуметтену процесінде әлеуметтік тәжірибені меңгеру негізінде адамның өмірлік позициясы (ұстанымы) қалыптасады. Бұл процесте мәдениет ерекше роль атқарады.
Тұлғаның саяси қалыптасуы мен дамуына төмендегідей факторларжиынтығы әсер етеді:
...