Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазақстанның ядролық қарусыз әлем үшін бастамалары

Автор:   •  Апрель 15, 2020  •  Практическая работа  •  672 Слов (3 Страниц)  •  660 Просмотры

Страница 1 из 3

№ 13 тақырыпқа арналған СРСП тапсырмасы

Айдар Нұрбол

Тапсырма: Қазақстанның ядролық қарусыз әлем үшін бастамалары.

  1. Басылым аты: Egemen.kz

Шыққан күні: Әлем•  айдары, 09 Қазан 2017

Мақаланың  тақырыбы: Қазақстан. Ядролық қарусыз әлем  

Авторы: Аян ӘБДУӘЛИ

  1. Бұл  мақалада  қандай  мәселе көтерілгенін айтыңыз не жазыңыз.

Бұл мақалада ең алдымен Қазақстаның тәуелсіздігін алғанына да біраз уақыт өткендігін, осынша уақыт ішінде ел тізгінін ұстаған Нұрсұлтан Әбішұлының елі үшін атқарған істері де көп екендігін сөз етті. Сондай бір сындарлы уақытта өз қолында тұрған қарудан бас тарту үлкен ержүректілік, ерлік екендігі жазылған.

Сондай ақ «Ядролық қару қай елдерде бар?» тақырыпшасында ядролық қарудың АҚШ, Ресей, Ұлыбритания, Солтүстік Корея, Пәкістан т.б. елдерде бар екендігі жазылған. Одан соң әлем бойынша жалпы ядролық қарудың адамзатқа төндірген қаупі туралы, яғни қай мемлекетте қанша адамды ажал құштырғаны айтыла отырып, сонымен қатар Қазақстандағы ядролық қару задаптары туралы жазылды. Семейдегі полигонның қуаты Хиросимаға тасталған атом бомбасынан 2,5 мың есе асып түседі екен.

Одан соң ядролық қарудың жалпы адамзатқа зияны, оның температурасы, радиоактивті сәуленің әсері туралы айтылды.

«Нұрсұлтан Назарбаев: «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі» тақырыпшасында өткен жылдың наурыз айында елбасы манифест жариялағаны туралы жазылған. Бұл ретте Елбасымыз «Соғыста жаппай қырып-жоятын қарулар – ядролық, химиялық, биологиялық және ғылым жетістігі негізінде ойлап табылатын басқа да кез келген қару түрлерін қолданудан қашып құтылу мүмкін болмайды. Бұл бүкіл адамзаттың қырылуына алып келеді. Жаппай қырып-жоятын жаңа қару түрлерін жасау үшін ғылыми жаңалықтарды пайдалануға тыйым салатын халықаралық құжат әзірлеп, оны орындауды міндеттеу маңызды», – деп орынды ұсыныс білдірді. 

Бірнеше апта бұрын, яғни осы жылдың 21 қыркүйек күні АҚШ-тың бастамасымен БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі жаппай қырып-жою қаруын таратпау және оларды жеткізу жүйелерін тарату қаупі тақырыбы бойынша министрлер деңгейінде кездесу өтті. Алқалы жиынға қатысқан тұлғалар БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қару-жарақтың таратылуын болдырмау туралы шешімдерін жүзеге асыру жолдары талқылады.

Өз кезегінде АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон ауқымды баяндама жасап, онда жаһандық қарусыздану мен таратпау үдерісіндегі Қазақстан Республикасының рөлін ерекше атап өтті. Нақтырақ айтқанда, Рекс Тиллерсон ядролық қарудан бас тарту арқылы Қазақстан даналықтың айрықша үлгісі болғанын мәлімдеді. Сонымен қатар, Қазақстанның мұндай батыл шешімі ядролық қарудың, оның құрамдас бөліктерінің, ядролық материалдардың арам ниеттілердің қолына түсу қаупін айтырлықтай қысқартуына алып келгенін атап өтті.

...

Скачать:   txt (9.1 Kb)   pdf (99.8 Kb)   docx (9.6 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club