«Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы
Автор: Arayyyyyy • Февраль 20, 2019 • Реферат • 3,141 Слов (13 Страниц) • 2,203 Просмотры
Жоспар
Кіріспе. 2
І. Негізгі бөлім. 3
І.1 «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы. 3
І.2 «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы». 5
І.3 «Конфессияаралық келісім». 8
Қорытынды. 10
Пайдаланылған әдебиеттер. 11
Рухани жаңғыру контекстіндегі бәсекелік қабілет: мәселелері, даму болашағы
«Ұлы дала қырандары» тобы
Ғылыми жетекші: Ермұқанов Еркін Нұраддинұлы
Кіріспе
Адамзат тарихы түрлі даму сатыларынан өтіп бүгінгі күнге жетті. Мысалға алатын болсақ сонау палеолиттен қола, темір дәуіреріне жетіп қазіргі таңда өркендеген жаңа өндірістік төңкеріс дәуірінде өмір сүреміз. Жан-жағымызға қарасақ бірінен-бірі асып түсуге ұмтылған елдерді көреміз, цифрлы технологиялар әлемінде күнделікті сұраныста болмасаң дамыған елдер көлеңкесінде қалатының анық, сондықтан бәсекелестік бүгінгі күннің негізгі мәселесіне айналды. Бәсекелестік тек өзге елдерде қалыптасқан үдеріс емес, қазіргі таңда Қазақстанда да белең алып қалыптасқан. Қазақстан өз тәуелсіздігін алғанан бері 1991 жылдан 2018 жылға дейін тұп-тура 27 жыл өтті. Осындай аз уақытқа қарамастан еліміз дамыған 50 елдің қатарына еніп, ендігі кезекте дамыған 30 елдің қатарына кіруді мақсат етіп отыр. Мақсатқа жету жолында 2017 жылы 12 сәуірде елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы жарық көрді. Онда баяндалғандай «Күллі жер жүзі біздің көз алдымызда өзгеруде. Әлемде бағыты әлі бұлыңғыр, жаңа тарихи кезең басталды. Күн санап өзгеріп жатқан дүбірлі дүниеде сана-сезіміміз бен дүниетанымымызға әбден сіңіп қалған таптаурын қағидалардан арылмасақ, көш басындағы елдермен тереземізді теңеп, иық түйістіру мүмкін емес. Өзгеру үшін өзімізді мықтап қолға алып, заман ағымына икемделу арқылы жаңа дәуірдің жағымды жақтарын бойға сіңіруіміз керек». Елбасымыз ХХІ ғасырдағы ұлттық сана туралы 1-бөлімінде негізгі 6 бағытты ұсынады. Оның ішінде ең негізгі бағыт- бәсекелестік. Қазіргі таңда жеке адам ғана емес, тұтас халықтың өзі бәсекелік қабілетін арттырса ғана табысқа жетуге мүмкіндік алатыны баршамызға мәлім. Елбасымыз «Бәсекелік қабілет дегеніміз – ұлттың аймақтық немесе жаһандық нарықта бағасы, я болмаса сапасы жөнінен өзгелерден ұтымды дүние ұсына алуы. Бұл материалдық өнім ғана емес, сонымен бірге, білім, қызмет, зияткерлік өнім немесе сапалы еңбек ресурстары болуы мүмкін.»- дегендей, болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қабілетімен айқындалады. Сондықтан, әрбір қазақстандық, сол арқылы тұтас ұлт ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек. Мысалы, компьютерлік сауаттылық, шет тілдерін білу, мәдени ашықтық сияқты факторлар әркімнің алға басуына сөзсіз қажетті алғышарттардың санатында.Сол себепті, «Цифрлы Қазақстан», «Үш тілде білім беру», «Мәдени және конфессияаралық келісім» сияқты бағдарламалар – ұлтымызды, яғни барша қазақстандықтарды ХХІ ғасырдың талаптарына даярлаудың қамын жейміз[1, 1-б].
І. Негізгі бөлім.
І.1 «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы.
«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының мақсаттары орта мерзімді перспективада Қазақстан Республикасы экономикасының даму қарқынын жеделдету және цифрлық технологияларды пайдалану есебінен халықтың өмір сүру сапасын жақсарту, сондай-ақ ұзақ мерзімді перспективада Қазақстанның экономикасын болашақтың цифрлық экономикасын құруды қамтамасыз ететін түбегейлі жаңа даму траекториясына көшіруге жағдай жасау болып табылады.
...