Тұнбаларды аэробтық тұрақтандыру
Автор: bauka-mister • Март 7, 2019 • Реферат • 842 Слов (4 Страниц) • 778 Просмотры
5 дәріс Тұнбаларды аэробтық тұрақтандыру
Бекеттерден шыққан артық белсенді лайдың көлемі шикі тұнбаның көлемінен 1,5-2,5 есе көп болады. Үлкен ылғалдылық және белоктың көп болуы, оның анаэробты ашыту кезінде батпақта газдың төмен шығуын шарттайды.
Суда қалқымалы заттардың концентрациясы аз болғанда сарқынды су шығыны аз бекеттерде аэробтық тұрақтандыру қолданған келешекте қолайлы. Бұл кезде бекеттің сұлбасы азаяды, себебі бірінші сатылы тұндырғыштар қысқарады. Бекетте пайда болған жалғыз ғана тұнба ол, минерализаторда аэробты шартта минерализацияланған артық белсенді лай.
Үлкен бекеттерде артық белсенді лайды аэробты тұрақтандыратын және тұнбаны метантенктерде ашытатын сұлбалар қолданылуы мүмкін. Тұнбаларды өңдеуде осы варианттардың келісуі метантенктердің көлемін біраз қысқартуға әкеледі және де шыққан газды жандыру есебінен оларды жылумен толық қамтуына мүмкіндік береді.
Тұнбамен белсенді лайдың қоспаларын өңдеу үшін де техника-экономикалық келісумен аэробты тұрақтандыру қолдануы мүмкін.
Тұнбаны аэробтық тұрақтандыру кәдімгі аэротенктерден немесе тұндырғыштар қосылған аэротенктерден шығарылады. Белсенді лайдың тұрақтандыру процесі 7-10 тәулікке дейін ұзарады.
Тұнба мен лайдың қоспаларын тұрақтандыру үшін 10-12 тәулік қажет болады. Себебі 1м3 белсенді батпаққа 150-240 м3 және 1 м3 батпақпен тұнбаның қоспаларына 240-430 м3 құрайтын көп ауа шығынын қажет етеді. сондықтан үлкен лас су шығынын өңдегенде тұнбаларды аэробтық тұрақтандыру қолданбайды.
Аэробтық тұрақтандыру Соli бактерияларының жойылуын 95%-дан көбін қамтиды, бірақ бұдан гельминттердің жұмыртқалары жойылмайды. Сондықтан аэробтық тұрақтандырған тұнбаларды зарарсыздандыру қажет. Аэробтық шарттарда тұрақтандырған тұнба, анаэробтық ашытуға қарағанда біраз оңай сусыздандырылады.
6 дәріс Сарқынды су тұнбасын сусыздандыру
Қазіргі кезде үлкен тазарту бекеттері үшін тұнба алаңдарында, тұнбаны құрғату ылғи мүмкін бола бермейді, себебі үлкен алаңдарды қажет етеді. Тұнба алаңдарынан иіс пайда болып, одан тысқары шыбындар көбейеді. Сондықтан үлкен бекеттерге тұнбаны сусыздандыру үшін басқа тәсілдер қолдану қажет, оған біріншіден ылғалдылықты механикалық жою жатады.
Тұнбаны механикалық сусыздандыруға вакуум-сүзгі, центрифугалау және сүзгі-нығыздау қолданылуы мүмкін.
Сусыздандыру аппараттарының ішінен көбінесе көлденең қондырылған барабанды вакуум-сүзгілер қолданады /15.5-сурет/.
[pic 1]
15.5-сурет. Вакуум-сүзгі
1-айналмалы ролик; 2- пышақ; 3- тартылмалы ролик; 4- бағыттаушы ролик;
Барабанның бетіне сүзгіш мата тартылады. Көбінесе сүзгіш материал ретінде әртүрлі артикулды капронды мата пайдаланады. Барабан көшерде айналып, 4-7 минут ішінде 1 айналым жасайды.
Көшердің аяғында қысылған ауа мен вакуум сорғышқа қосылған сүзгінің таратқыш басына қондырылған барабанның шамамен 1/3 диаметрі, тұнбаны сусыздандыруға жататын ыдысқа жүктелген.
Барабан айналғанда секцияның жартысы сүзілетін тұнбаға жүктеледі. Таратқыш басы арқылы бұл секциялар тұнбаны сусыздандыру түріне байланысты вакуумның линиясына қосылып 0,04-0,067 мПа құрайды. Вакуумның жұмыс істеуімен тұнба сүзгіш матаға жабылады. Осы камераларда /ыдыстан шыға берісінде / және вакуумның жұмыс істеуімен қатты заттан су бөлінеді, яғни тұнбаны сусыздандыру процесі болады. Сүзгі /фильтрат/ сүзгіш мата арқылы ауадан бөлу үшін барабанның секция ішімен ресиверге әкетіледі.
Кейіннен сүзгі /фильтрат/ биологиялық тазартуға жіберіледі, себебі құрамында 300+600мг/л дейін ластағыш органикалық заттар болады. Камералар, сүзгіш матаға жабысқан сусыздандырылған тұнбаны бөлетін қысылған ауа линиясымен қосылады. Барабанның бетінен арнайы пышақпен түсірілген, ылғалдылығы 70-80% болған сусыздандырылған тұнба транспортерге келіп түседі, одан оны кезекті кептіруге немесе пайдалану орнына жіберіледі. Тұнбаның меншікті кедергісін төмендету үшін сусыздандыру алаңында қосымша өңдейді. Кейде ашытылған тұнбалар үшін химиялық реагенттермен өңдеу және жуып нығыздауға қолданылады.
...