Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Практическая работа по "Охране труда"

Автор:   •  Февраль 2, 2022  •  Практическая работа  •  569 Слов (3 Страниц)  •  266 Просмотры

Страница 1 из 3

3 - практикалық сабақ

  1. Қауіпті және зиянды өндірістік факторлар дегеніміз не?

Қауіпті өндірістік фактор – әсері жұмысшының немесе қызметкердің жарақаттануына немесе өліміне әкелуі мүмкін өндірістік жағдай.

Зиянды өндірістік фактор - әсері жұмысшының немесе қызметкердің сырқаттануына немесе еңбекке қабілеттілігінің төмендеуіне және оның ұрпақтарының денсаулығына теріс ықпалы болуына әкеп соқтыруы мүмкін өндірістік фактор.

  1. Өндіріс орындарындағы микроклиматқа анықтама беріңіздер?

Өндіріс орындарындағы микроклимат – ауа температурасы, ауа ылғалдылығы, ауа қозғалыстарының жылдамдықтары, айналадағы заттардың беттеріндегі температурамен, олардан шығатын жылумен анықталады.

  1. Микроклиматтың адам ағзасына әсері?

Өндірістердегі оптимальді температура 22-24°C; рұқсат етілген мөлшері 18-25°С;

Салыстырмалы ылғалдылық 40-60%, 75% рұқсат етілген.

Температура төмен салыстырмалы ылғалдылық жоғары болғанда жылу беру жоғарылайды да адам организмі тез суықтайды. Ал температура мен салыстырмалы ылғалдылық жоғары болғанда жылу беру төмендейді де, организмге қолайсыз жағдай туындайды, әсіресе физикалық жұмыс істеу кезінде, ыстықтау жылу соққысы болуы мүмкін.

  1. Шуға өндірістік зияндылық ретінде анықтама беріңіздер?

Шу – жұмысшыларда жағымсыз субъективті сезім тудыратын және уақыт бойынша ретсіз өзгеріп туратын интесивтілігі мен биіктігі әртүрлі дыбыстар жиынтығы.

  1. Шудың адам ағзасына әсері қандай?

Шу адамның ой жұмысына қабілеттілігін, дене жұмысының өнімділігін кемітеді. Шудың ағзаға ұзақ уақыт әсер етуі адамды созылмалы қажуға, еңбекке жарамсыздандырып, кәсіптік сырқаттарға шалдықтырады.

  1. Өндірістік дірілдер және оның негізгі сипаттамасы?

Діріл – тек тұрақты түрткі болған кезде ғана түзілетін серпімді ортаның механикалық тербелісі.

  1. Ағзаға дірілдің әсері?

Дірілдің ағзаға ұзақ уақыт әсер етуі діріл ауруының дамуына әкеледі. Оның негізігі көріністері: қан тамырларындағы өзгерістер, жүйке жүйесі қызметінің бұзылыстары, сүйек-буын аппараты мен бұлшықет жүйесінің өзгерістері.

  1. Өндіріс зияндылық ретінде, ультрадыбысқа анықтама беріңіздер?

Ультрадыбыс (лат. ultra – шектен тыс, үстінде және дыбыс) – адам құлағына естілмейтін жиілігі 20 кГц-тен жоғары серпімді толқындар. Ультрадыбыс толқындарының басты ерекшелігі — оларды дыбыс көзінен белгілі бір бағытта таралатындай етіп бағыттауға болады.

  1. Инфрадыбысты сипаттаңыз, оның ағзаға әсері?

Инфрадыбыс(лат. іnfra – төмен, астында) – жиілігі адам еститін дыбыс толқыны жиілігінен төмен (16 Гц-тен төмен) серпімді толқын. Амплитудасы үлкен И-тар жер сілкіну, су асты, жер асты қопарылыстары, қатты дауыл кезінде, цунами толқындарынан, т.б. пайда болады.

...

Скачать:   txt (8.5 Kb)   pdf (69.3 Kb)   docx (10.8 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club