Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Тамырлар жүйесі

Автор:   •  Ноябрь 22, 2018  •  Реферат  •  1,141 Слов (5 Страниц)  •  955 Просмотры

Страница 1 из 5

Жоспар :

I .Кіріспе

II. Негізгі бөлім

A ) Қан айналым жүйелерінің дамуы

Б ) Филогенез , Онтогенез

В ) Құстардың қан айналу органдары

Г ) Сүтқоректілердің қан айналу жүйесі

III. Қорытынды

IV.Пайдаланылған әдебиеттер  

Тамырлар жүйесі  немесе жүрек - тамырлар  жүйесі мен қан жасау мүшелері жануарлар организміндегі  торшалық және ұлпалық деңгейдегі зат алмасуды  (қоректік заттарды  , оттегіні  организмнің ұлпалары мен торшаларына жеткізу , зат алмасу нәтижесінде түзілген ыдырау өнімдері  мен көмірқышқылы газын бөлу мүшелеріне тасымалдау) , гуморалдық   реттелуді дене ұызуының реттелуімен қатар , маңызды қорғаныс қызмет атқарады .

Тамырлар жүйесін зерттейтін анатоминың бөлімін  angiologia ( грекше .angion  - тамыр; logos –ілім ) – деп атайды . Тамырлар жүйсі өз  кезегінде құрылысы мен қызметі жағынан бір – бірімен тығыз байланысты және дамуы біртекті үш : қанайналым , лимфаайналым , және қан жасау және иммундық қорғаныс мүшелері жүйелерінен құралған .

            Қан  айналым жүйесінің дамуы

Филогенез . Құстар мен сүтқоректілер жүректері толығымен оң және сол бөліктерге ажырап , төрт камерадан тұрады .

Қан тамырларының ішінде желбезек артериялары көп өзгеріске ұшырайды . Олардан қолқа доғасы мен  ұйқы артерилары дамиды .Құрлықтағы омыртқалы жанулардың аталған қан тамырлары балықтардың  III , IV  және VI  жұп желбезек доғаларынан дамып жетіледі.  Соның ішінде VI жұп желбезек доғасынан өкпе артериясы пайда болған . Желбезек доғасының  VI жұбы бауырымен  жорғалаушыларда оң және сол , құстарда оң , сүтқоректілерде сол қолқа доғаларына   айналды . Ішкі ұйқы артерисы желбезек доғасының  III жұбынан дамиды .

Онтогенез . сүтқоректілердің  қан айналым мүшелері онтогенездің  өте ерте кезеңінде қалыптаса бастады . Олар негізінен жас  дәнекер ұлпасы мезенхима торшаларының бірқатары қан аралшықтары немесе ангиобласттар түрінде оқшаулана бастайды . Кейіннен бұлардың ортасындағы клеткалардан эритроциттер мен лейкоциттер пайда болады . Ал оларды қоршап жатқан мезенхиманың басты торшаларынан , ұрықтық капиллярлар  тамырларының эндотелий қабаты түзіле бастайды . Бұдан басқа ұрық денесінен тыс жатқан мезенхимадан сарыуыз қапшығы мен кіндіктің қан тамырлары пайда болады . Бұлар кейіннен ұрық денесінде дамып жатқан қан тамырларымен қосылып , оның тамырлар жүйесін құрайды .

Қан айналым жүйесі  қан тамырларынан  ,жүректен жіне оларың қуысымен үздіксіз ағып жататын  сұйық ұлпа қаннан тұрады . Қанды жүректен организмге алып шығатын ірі қан тамырларын  артериялар         ( қызыл тамырлар ) , қанды организмнен ,керісінше, жүрекке алып келетін ірі  қан тамырларын  веналар         ( көк тамырлар ) , ал  артериялар мен веналардың аралғында қабырғасы тым жұқа  майда тамырларды  микроайналым қан тамырлары  ( артериялар , қызыл тамыршалар , капиллярлар мен қыл тамыршалар , венулалармен , көк тамыршалар )  - деп аталады .

Қан негізінен екі бөліктен: сұйық бөлігі – плазмадан және арнаулы элементтері саналатын эритроциттерден( қанның қызыл түйіршіктері), лейкоциттерден( ақ түйіршіктері) және тромбоциттерден(қан табақшалары) тұрады.

Қанның сұйық бөлігінде ерітілген минералды заттар – тұздар болады. Сүтқоректілерде оның мөлшері 0,9%- ға тең.

Жануарлардың қанының реакциясы сәл сілтілі, РН-ы 7,35-7,55%-ға тең. Онда 4 түрлі буферлік жүйе бар: 1)карбонатты;2) фосфатты;3) ақуыздық; 4)гемоглобиндік.

Плазма қанның жалпы көлемінің 60%-ын алыпжатады, құрамының 90-92%-ы су,ал 8-10%-құрғақ зат. Оның 7%-ы ақуыз, 0,8%-ы май, 0,12%-ы жүзім қанты(глюкоза), 0,9%-ы минералды тұздар, аз мөлшерде гормондар, витаминдер, ферменттер мен пигменттер болады. Плазма құрғақ затының негізі – ақуыз, олар альбумин мен глобулиндер, глобулиннің өзі альфа, бета, гамма- глобулиндерге бөлінеді.

...

Скачать:   txt (14.6 Kb)   pdf (97.8 Kb)   docx (15 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club