Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Кәсіпкерлік: мәні, негізгі түрлері мен ұйымдастырушылық нысандары

Автор:   •  Январь 2, 2018  •  Лекция  •  2,689 Слов (11 Страниц)  •  4,159 Просмотры

Страница 1 из 11

Тақырып 1. Кәсіпкерлік: мәні, негізгі түрлері мен ұйымдастырушылық нысандары

1. Кәсіпкерліктің мәні және функциялары

2. Кәсіпкерліктің типтері мен түрлері

3. Кәсіпкерліктің ұйымдастыру-құқықтық нысандары

4. Франчайзинг

Мақсаты: кәсіпкерліктің мәні мен мазмұнын, белгілерін анықтау, кәсіпкерліктің функцияларын, типтері мен түрлерін қарастыру, кәсіпкерліктің ұйымдастыру-құқықтық нысандарын, франчайзингті қарастыру.

Дәріс мәтіні

1. Кәсіпкерліктің мәні және функциялары. Қоғам мен өндірістің даму үрдісінде адамдар әр түрлі ұйымдық-экономикалық қатынастар аясында кәсіпкерлік қызметпен айналыса бастады.

«Кәсіпкерлік» және «кәсіпкер» сөздерінің астында кәсіпорын тұр – міндеті өнім өндіру, қызмет көрсету болып табылатын, өз алдына өндірістік-шаруашылық жүйені көрсететін күрделі ағза. Нарықтық қатынастар субъектісі ретіндегі кәсіпорын қызметі тауар өндірушілер арасындағы қатаң бәсекелестік шарттарында іске асуда. Тап осы бәсеке жеке кәсіпорынның да, сондай-ақ жалпы қоғамның да экономикалық дамуы үшін анағұрлым қолайлы жағдайлар қалыптастырады және әлеуметтік, экономикалық ілгерілеудің қозғаушы күші болып табылады.

Соңғы уақыттарда Қазақстанда кәсіпкерлік даму үстінде. Кәсіпкерлік -жеке және заңды тұлғалардың пайда, табыс алуға бағытталған, өзінің тәуекелімен, өзінің мүліктік жауапкершілігімен өз атынан жүзеге асыратын бастамалық, еркін қызмет.

Кәсіпкерлік мәнін «іскерлік» сөзі, оның мазмұнын жақсы ашады. Іскерлік барлық жерде, өмірдің барлық ауқымында – тек қана экономикалық қызметте ғана емес, шоу-бизнесте, киноиндустрияда, спортта, әскерде де қажет.

Кәсіпкерлік – іскерлік белсенділік өнері.

Кәсіпкерлік – бұл алдымен ойлау процесі. Біз әрқайсымыз жеке ойлау иесі болғандықтан, осы іскерлік белсенділіктің нақты ауқымындағы әрбір кәсіпкердің табыстары да әртүрлі болады.

Қазіргі жағдайда кәсіпкерлік бәсекелестік күресті ынталандыратын жаңашылдықсыз, шығармашылық ізденіссіз ойға сыймайды. Өз өнімінің үнемі жаңалануын және жоғары сапасын қамтамасыз ететін кәсіпорын ғана өмір сүре алады.

Өндіріс саласындағы кәсіпкерліктің басты мазмұны өнімдерге (орындалатын жұмысқа, көрсетілетін қызметке) сұранысты табу, қалыптастыру және оны жасау жолымен қанағаттандыру, тауар ретінде өнімдерді (орындалатын жұмысты, көрсетілетін қызметті) сату.

ҚР Азаматтық кодексіне сәйкес кәсіпкер – заңды және жеке тұлға, өз бастамасымен барлық шешімдерді қабылдап, заң негізінде өзінің қарауындағы мүлігін қолданып, кез келген қызметті жүзеге асыра алатын адам.

Кәсіпкерлікті кейде өндірістің төртінші факторы деп те атайды. Өндірістің үш басты факторы бар. Олар: жер, еңбек, капитал екендігі белгілі. Австриядан шыққан американдық ғалым, экономист Йозеф Шумпетер өндірістің төртінші факторы ретінде кәсіпкерлікті көрсетті.

Кәсіпкерлікті сипаттайтын негізгі белгілерге мыналар жатады: өз еркіндік, өзін-өзі қаржыландыруы,  белсенді ізденіс, серпінділік (динамика), мобильдік (жұмылдыру).

Кәсіпкерліктің жүздеген анықтамасы бар. Кәсіпкердің энциклопедиялық анықтамасында «кәсіпкерлікке» мынадай анықтама беріледі.

Кәсіпкерлік (фр. - enterprise) – пайда немесе жеке табыс алуға бағытталған азаматтардың бастамалық еркін қызметі, ол өзінің атынан өзінің мүліктік жауапкершілігімен немесе заңды тұлғалардың атынан, заңды тұлғаның жауапкершілігімен жүзеге асады. Кәсіпкер – заңмен тыйым салынбаған кез келген шаруашылық қызмет түрлерімен: коммерциялық, делдалдық, сату-сатып алу, кеңестік және басқа қызметпен, құнды қағаздармен жасалатын операциялармен айналыса алатын адам.

Кәсіпкерлік қызметке әсер ететін факторларға мыналар жатады:

...

Скачать:   txt (41.7 Kb)   pdf (212.2 Kb)   docx (25.3 Kb)  
Продолжить читать еще 10 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club