Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Жұмыссыздық

Автор:   •  Октябрь 24, 2021  •  Реферат  •  261 Слов (2 Страниц)  •  336 Просмотры

Страница 1 из 2

Мен өз ауылымның маселесін айтар болсам ол жұмыссыздық. Жастар жұмыс іздеп улкен қалаларға одан қалды шет ел асып кетіп жатыр.  елдің әлеуметтік жағдайының төмендігі, тапқан табыстарының материалды мұқтаждығына жетпеуі, сапалы білімді мамандардың жетіспеуі, қала балаларының білім деңгейі мен ауыл балаларының білім деңгейін теңестіру. Ең басты маселенің бірі - жемқорлық. Айта берсек мәселе көп. Осы сынды мәселелерді шешу үшін халықтың мұң мұқтажына құлақ асып  әлеуметтік материалдық жағдайын көтеру, талап тілектеріне құлақ салып соларды іс жүзінде шешу, жұмыспен қамту, жұмыссыздық маселесін шешу, еңбекақыларын көтеру және уақытылы алу, жастарға сапалы білім беру, сапалы кадрлерді тарту, жаңа технологиялармен қамтамасыз ету, жастарды ғылыми жобалар жасауға баулу, салауатты өмір салтын насихаттау керек деп ойлаймын және осы мәселелердің менің ауылымда шешімін тапқанын қалаймын. Жастар шет ел асып ия болмаса басқа қалаларға кетіп жатқаны улкен мәселе. Ауылда адам саны азайып ауыл экономикасына әсер етеді деп те ойлаймын. Сол себепті ауылда жумыссыздық мәселесін және жалақы мәселесін де жақсылап қолға алу керек. Жемқорлық мәселесіне келсек, ол енді қоғамның айықпас дертіне айналғаны рас. Біздің ауылда да бұл мәселе белең алған. Жұмысқа тұру үшін таныс тамыр іздейсың, одан қалса қалталарын ақшамен томпайтасын мың жерден мықты маман болсаңда осындай мәселеден қашып кете алмайсын. Жемқорлық бар жерде ешқашан жағдай жақсармайтын шығар деп те ойлаймын.

Мемлекет тарапынан ауыл адамдары үшін түрлі қолдау шаралары жүргізіліп жатқан шығар мүмкін. Көптеген мәселені шешуде жергілікті әкімдіктердің қауқары жететінін білемін. Бірақ тапсырманы дер уақытында және сапалы орындаған кезде, өз қызметтерін адал орындағанда ғана азаматтардың тұрмыс-тіршілігін жақсартуға, экономиканы дамытуға,  тұрақтылықты сақтауға, білімді ұрпақ тәрбиелеуге қол жеткізуге болады деп ойлаймын.   

Барлық құқықтар қорғалған. baq.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз: https://baq.kz/news/othernews/sayasattanushy-auyldy-m-selesi-/

...

Скачать:   txt (3.6 Kb)   pdf (40.4 Kb)   docx (8 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club