Лекция по "Экономике"
Автор: Aksaulea • Сентябрь 23, 2021 • Лекция • 1,040 Слов (5 Страниц) • 210 Просмотры
КІРІСПЕ
«Экономика» ұғымы ежелгі грек сөзінен («ойкос» - үй, үй шаруашылығы, «номос» - заң, заңдылық) аударғанда үй шаруашылы-ғын жүргізу және басқару заңдылықтары дегенді білдіреді.
Қазіргі экономиканың негізгі элементтері болып мыналар табылады:
1. Адам, яғни ол экономиканың мақсаты мен құралы ретінде.
2. Шынайы табиғат – ресурстардың көзі және адамзаттың өмір сүру ортасы.
3. Жасанды табиғат – адамның қолымен жасалған барлық құрал-дар, яғни өндіріс құрал-жабдықтар, инфрақұрылым, тұтыну заттары, ақпарат, т.б.
Экономикалық теория – бұл шектеулі ресурстарды тиімді пайдалану жолындағы адамдар арасындағы экономикалық қарым-қатынастар және олардан туындайтын экономикалық мәселелерді зерттейтін қоғамдық ғылым.
Экономикалық теорияны зерттеудің мақсатты түрде бірнеше түрлерін бөліп көрсетуге болады:
➢ Экономикалық зерттеу пәні – бұл экономикалық субъектілер-дің нарықтағы өмір сүру ерекшеліктері мен тәртіптері.
➢ Экономикалық теорияның зерттеу аясы – бұл адамдардың экономикалық әрекеттері жүзеге асырылатын экономикалық орта.
➢ Экономикалық теорияның зерттеу объектісі – бұл экономи-калық құбылыстар мен экономикалық мәселелер, экономикалық қатынастар мен экономикалық үдерістер.
➢ Экономикалық теорияның зерттеу субъектісі – бұл адам, үй шаруашылығы, фирма, мемлекет.
❖ Экономикалық теорияның жалпы әдістеріне мыналар жатады:
1. Ғылыми абстракция – бұл зерттеліп отырған құбылыстар-дың ең маңызды жақтарына және қасиеттеріне көңіл бөлу.
2. Анализ – бұл зерттеліп отырған объектіні жекелеген бөлік-терге бөліп талдап көрсету.
3. Синтез – бұл зерттеліп отырған объектінің жекелеген элементтерін біртұтас жүйеге біріктіріп көрсету.
4. Индукция – бұл жекелеген құбылыстар мен деректерден жалпы қорытынды шығару.
5. Дедукция – бұл жалпыдан жекеге қарай өту.
6. Эксперимент – бұл сараптама жүргізу.
7. Гипотеза – бұл алдағы уақытқа ғылыми болжам жасай алу.
8. Аналогия – бұл экономикалық құбылыстарды басқа экономи-калық емес мысалдар арқылы түсіндіру және ұқсату.
❖ Экономикалық теория шеңберінде экономикалық талдаудың негізгі екі деңгейі ажыратылады және осы арқылы экономикалық теория ғылымы екі бөлімге бөлінеді:
1. Микроэкономика – бұл шектеулі ресурстар мәселесін жекелеген экономикалық агенттердің (үй шаруашылығы, фирмалар, т.б.) нарықтағы тәртіптері мен мінез-құлықтары тұрғысынан зерттейтін экономикалық теорияның бір саласы. Микроэкономикада қолданылатын негізгі ұғымдар: сұраныс, ұсыныс, баға, бәсеке, өндіріс факторлары, т.б.
2. Макроэкономика – бұл экономикалық мәселелерді біртұтас жүйе ретінде зерттейтін және агрегатталған өлшемдерді қолданатын экономикалық теорияның бір саласы. Макроэкономикада қолданылатын негізгі ұғымдар: жалпы ішкі өнім, ұлттық табыс, жиынтық сұраныс, жиынтық ұсыныс, инфляция, жұмыссыздық, т.б.
❖ Бұдан басқа, экономикалық талдаудың позитивті (оң) талдау және нормативті (реттеушілік) талдау деген түрлері де бар:
1. Позитивті экономикалық талдау – бұл қазіргі экономиканың дәл өзін сипаттайтын нақты қалыптасып отырған құбылыстар мен дерек негізінде алынған шындық жайттар. Талдаудың бұл түрі субъективтік бағалауға ие болмайды.
2. Нормативті экономикалық талдау – бұл қандай да бір елдің экономикасы туралы субъективтік бағалауларды қарастыру негізінде экономикалық
...