Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Контрольная работа по "Экономика"

Автор:   •  Апрель 18, 2018  •  Контрольная работа  •  1,032 Слов (5 Страниц)  •  609 Просмотры

Страница 1 из 5

2-слайд:

Нарық – тауар өндірісі және пайдалану заңдарына сай ұйымдастарылған тауар айырбасы қатынастарының жиынтығы. Нарық – сатып алушылар мен сатушылар арасындағы өзара байланысты жүзеге асыру механизмі, яғни сұраныс пен ұсыныс қатынасы болып табылады. Нарық – ел ішінде және мемлекетаралық айырбас шеңбері, өнімді өндірушілермен тұтынушыларды байланыстырады. Осылай, нарықты тауар айырбасы жиынтығы немесе тауар өндірісі мен пайдалану заңдарына сай ұйымдастырылған тауар айырбасы ретінде қарастырады. Ф.Котлердің еңбегінде нарық қазіргі уақытта бар және болуы мүмкін сатып алушылардың жиынтығы деп айтылады.

3-4 слайд:

Нарықтық тепе-теңдік - өзара байланысты экономикалық үдерістердің теңдестірілуі (мысалы, сұраныс пен ұсыныстың теңдігі) және үйлестірілуі, экономикалық агенттер мен жалпы нарықтарды орын алып отырған жағдайды өзгертуге итермелейтін себептердің жоқтығы; сұраным мен ұсынымның экономикалық заңға баламалы ара салмағы; тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге сұраным көлемі мен құрылымынын және олардың ұсыным көлемі мен құрылымының ара салмағы. Теорияда жеке тепе-теңдік, жалпы тепе-тендік қарастырылады. Нарық орнықты тепе-теңдікте тепе-тең баға деп аталады.Егер бағаны орнықты жағдайдан қозғауға тырысушы күштер тепе-тең бағадан қайсібір ауытқушылық жасаса, тұрақсыз тепе-теңдік пайда болуы мүмкін. Нарықтағы баға сату, сатып алу процесінде ғана емес, сонымен бірге сол кезеңге дейін де қалыптаса алады. Нарықтағы бағалар өзгешеліксіз және жеке процесте қалыптасуы мүмкін.  Нарықтық экономикада, әдетте, сатушылардың, тұтынушылардың сандары шексіз көп деген келісім қабылданған. Осы жағдайда, сатылатын және сатып алынатын тауарлардың көлемі мен бағалары таза бәсекелік тұрғыдан анықталуы сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекетінің нәтижесінде шығады. Тауар бағасының  бір мәнінде сұраныс көлемінің ұсыныс көлеміне теңесу жағдайы нарықтық тепе-теңдік деп атайды. Берілген баға тепе-теңдік баға деп, ал сұраныс көлемі тепе-тең көлем деп аталады.Тепе-тең баға нарық шарттарындағы ұсыныс пен сұранысқа байланысты әртүрлі болады.

(4) Әрбір экономикалық тепе-теңдік сол модельді түсіндіре алатын айнымалылар белгілі бір теңдестік жағдайына келген уақытта болады. Егер, біз осы нарық механизмінің басты элементі сұраныс қисығы мен ұсыныс қисығын бір графикке салатын болсақ, онда ол екеуінің қиылысу нүктесі нарықтық тепе-теңдік деп аталады. Оны келесі сызбадан көруге болады:

Нарықтық тепе-теңдік: 1. тауардың бағасы (Р);2. тұтынушылардың күту жағдайы (Е).3. Ұсыныс (S) 4. Сұраныс (D) 5. Шама (Q)

Pε = PD = PS – тепе-теңдік баға; Qε = PD = PS  - тепе-теңдік өндіріс көлемі

5 слайд:

Тепе-теңдік баға ε) – бәсеке күштер әрекеті нәтижесінде сұраныс пен ұсынысты теңестіруші баға. Нарықтық тепе-теңдік сұраным мен ұсынымның қиылысында орналасқан.

6-7 слайд:

Сонымен нарықтық тепе-теңдік нарық қатысушыларының әрекеттері нәтижесінде өздігінен орнайтын қасиетке де ие. Қоғам ресурстардың ешқандай басқаруды, сонымен қоса оған кететін шығындарды қажет етпей өздігінен тиімді таралуына мүмкіндік алады. Мұндағы мәселе бұл қасиеттердің нарықтық тепе-теңдіктің бірлік және тұрақтылық жағдайында ғана көрінетіндігінде болып отыр. Нарықтық тепе-теңдіктің бірлігі нарықтың әрбір уақыт айналымындағы «баға – көлем» тұрғысында бір рет орнауын қамтамасыз етеді. Нарықтың мұндай жағдайы тек нарықтық сұраныс пен ұсыныстың қисықтарының стандартты қиылысу нәтижесінде ғана байқалады. Нарықтық тепе-теңдіктің статикалық моделі – бұл уақыт факторының әсерінсіз функционалдық байланысты көрсететін теориялық құрылым. Осы модель көбінесе нарықтық тепе-теңдікті зерттегенде қолданылады. Нарықтық тепе-теңдік өзгеруі мүмкін, бұл сұраныс пен ұсыныс сызықтарының тепе-теңдікке әсер ететін сыртқы факторлардың өзгерісінен болады. Бұл модель график арқылы салыстыру кезінде өте тиімді. Әртүрлі тепе- теңдік түрлерін салыстыру:

...

Скачать:   txt (14.9 Kb)   pdf (287.9 Kb)   docx (14.9 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club