Контрольная работа по "Экономике"
Автор: bakytbek123 • Февраль 28, 2018 • Контрольная работа • 709 Слов (3 Страниц) • 913 Просмотры
Жоспар
Кіріспе.......................................................................................................................3
Есеп 1........................................................................................................................4
Есеп 2........................................................................................................................6
Есеп 3..........................................................................................................................8
Пайдаланылған әдебиеттер......................................................................................9
Кіріспе
«Экономика» термині екі мың жылдан астам уақыт бұрын пайда болған. Ол гректің «ойкос» (үй, шаруашылық) және «номос» (заң) деген сөздерінен құралған. «Экономия» терминін ең алғашқы рет Ксенофонт үй шаруашылығын жүргізудің саналы ережелерін қарастыратын өзінің шығармаларының атауы ретінде енгізген.
Экономикалық теорияның зерттеп тану объектісіне нарықтың қызмет ету механизмі мен нарықта және оның сегменттерінде бар болатын жетілген және жетілмеген бәсеке, жеке шаруашылық салалардың монополиялану дәрежесі, бағалық және бағалық емес бәсекенің формалары мен әдістері, нарық қатынастарын реформалаудың бағыттары мен тәсілдері және т.б. жатады. Экономикалық теорияның зерттеу мәселесіне қарай келесідей екі бөлімі болады. Микроэкономика жеке өндірушілердің қызмет-әрекеттерін, кәсіпкерлік капитал мен бәсекелік ортаның қалыптасу заңдылықтарын зерттейді. Мұнда жеке тауарлардың бағасы, жұмсалған ресурстар, шығындар, кәсіпорынның қызмет атқару механизмі, бағаның құрылуы, еңбекке ынта және т.б. жағдайлар талданады. Макроэкономика микропорциялардың негізінде қалыптасатын ұлттық экономикалық жүйенің қызмет-әрекеттерін зерттейді. Мұның зерттеу объектісіне ұлттық өнім, бағаның жалпы дәрежесі, инфляция, жұмыспен қамту жатады.
Экономикалық теория жалпы ғылымдар жүйесінде белгілі қызметтер атқарады. Олар танып – білу қызметі, яғни ол қоғамдық экономикалық өмірдегі процестер мен көріністерді зерттеп түсіндіре білуі керек. Сонымен қатар, тәжірибелік қызметі, яғни ұтымды шаруашылық жүргізудің принциптері мен әдістерін жасау, экономикалық өмірді реформалаудың экономикалық стратегиясын ғылыми тұрғыдан дәлелдеу, т.б. экономикалық теорияның үшінші қызметі қоғамдық дамудың ғылыми болжамын және перспективасын жасауды қамтиды. Экономикалық теорияның осы аталған қызметтері өркениетті қоғамның күнделікті өмірінде жүзеге асырылып отырады. Экономикалық ортаның қалыптасуында, экономикалық динамиканың көлемі мен бағыттарын анықтауда, өндіріс пен айырбастың сала аралық құрылымын жетілдіруде, адамдардың жалпы өмір дәрежесін ұлттық деңгейге жоғарылатуда - осының бәрінде экономикалық теорияның маңызы өте зор
Есеп 1
Кестені толтырамыз (фирма жетілген бәсеке нарығында әрекет етеді, ал FC=16).
Q | TC | ATC | MC | P | TR | MR | PR |
1 | 18 | 18 | 2 | 12 | 12 | 12 | -6 |
2 | 22 | 11 | 3 | 12 | 24 | 12 | 2 |
3 | 28 | 9,3 | 4 | 12 | 36 | 12 | 8 |
4 | 36 | 9 | 5 | 12 | 48 | 12 | 12 |
5 | 46 | 9,2 | 6 | 12 | 60 | 12 | 14 |
6 | 58 | 9,67 | 7 | 12 | 72 | 12 | 14 |
7 | 72 | 10 | 8 | 12 | 84 | 12 | 12 |
8 | 88 | 28 | 9 | 12 | 96 | 12 | 8 |
11
FC – Тұрақты шығындар. Фирманың өнімшығару көлеміне тәуелсіз шығындар.
VC – Өзгермелі шығындар. Өнім шығару көлеміне қарай өзгеретін шығындар.
TC – Жалпы шығындар. Тұрақты және өзгермелі шығындардың қосындысы. ТС = FC+VC
Осыдан өзгермелі шығындар (VC) табатын болсақ:
VC= TC-FC
VC1=18-16=2
VC2=22-16=6
...