Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Отчет по практике в «Қаратөбе алтын»ЖШС

Автор:   •  Ноябрь 10, 2020  •  Отчет по практике  •  3,067 Слов (13 Страниц)  •  447 Просмотры

Страница 1 из 13

[pic 1]

Мазмұны

Кіріспе        3

Негізгі бөлім

  1. Өндірістік тәжірбиеден өту орны жайлы сипаттама( тарихы,құрылымы)        6
  2. Өндірістік практикадан өту кезіндегі қауіпсіздік талаптары        7
  3. Қауіпті және зиянды өндірістік факторлар        11
  4. Кәсіпорындағы еңбекті қорғау        12
  5. Еңбекті қорғау жөніндегі инженердің функциялары.        12

Қорытынды        17

Пайдаланылған әдебиеттер        18

Кіріспе

Екінші өндірістік тәжірибе Өскемен қаласындағы, Сатпаев 74 көшесінде орналасқан «Қаратөбе алтын»ЖШС-інде жүргізілді.Осы ұйымда практикадан өту кезеңі 2020 жылдың 15 маусым айынан бастап , 17 шілдеде аяқталды. Аталған ұйымның директоры Қожахметов Е.Е болды.Білім беру мекемесінен менің жетекшім-аға оқытушы болып қызмет атқарған Баталова Ж.В болды.

Қаратөбе алтын – пайдалы қазбаларды барлаумен және өндірумен , сонда-ақ оларды бастпақы өңдеумен айналысатын өндіріс саласы. Сонымен қатар тау-кен өнеркәсібіне қажетті техника және электроникалар сатумен айналысатын кәсіпорын. Бұл кәсіпорын 2020-жылы Шығыс Қазақстан Облысы Өскемен қаласында «Жауапкершілігі шектеулі серіктестік» нысанында құрылған.

Қазіргі уақытта кәсіпорын мынадай құжаттар бойынша жұмыс атқарады:

  • ЖШС куәлігі;
  • жалға алу туралы келісім;
  • банктегі заңды тұлғаларға арналған шот құжаты.

«Қаратөбе алтын» кәсіпорынының миссиясы - клиенттерге бірінші класты қызмет көрсету арқылы олардың талаптарын жоғарғы деңгейде орындау.

Кәсіпорынның негізі мақсаты:

  1. кәсіпорындағы тауарды сату;
  2. жоғары деңгейде қызмет көрсету;
  3. максималды пайда табу. Кәсіпорынның негізгі міндеттері:
  1. 2021   жылға   дейін   кәсіпорынды толықтай  автоматизациялау        және систематизациялау;
  2. Имиджді жақсарту;
  3. Қызметтер сапасын арттыру;
  4. Бизнестің тиімділігін арттыру;
  5. Филиалдар ашу;
  6. Персоналдардың жұмысқа қабілеттілігін арттыру;
  7. Тауар айналымын ұлғайту;
  8. Жаңа технологияларды қолданысқа енгізу;
  9. Бәсекеге қабілетті болу;
  10. Халықаралық нарыққа шығу;

Практиканың мақсаты: өндіріс технологиясымен және ұйымдағы қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау қызметтерінің жұмысын ұйымдастырумен танысу, студенттердің оқу процесінде алған теориялық білімдерін бекіту және кеңейту, таңдалған мамандық бойынша өндірістік дағдыларды игеру, студенттерді басқарушылық, зерттеу және басқа да мәселелерді шешуге үйрету.өндірістік жағдайда инженерлік-экологиялық қызмет, студенттерді арнайы пәндерді терең оқуға дайындау, сонымен қатар есеп жазуға қажетті мәліметтерді жинау.

Екінші өндірістік практикасының міндеттері:

  • кәсіпорында (ұйымда) еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау қызметтерінің жұмыс мазмұнын зерделеу);
  • кәсіпорынның, қауымдастықтың, концерннің, АҚ қызметтерінің ұйымдық құрылымымен және функцияларымен танысу (студент практикадан қайда өтетініне байланысты);
  • соңғы жылдардағы динамикадағы еңбек қауіпсіздігі бойынша өндірістік, экологиялық қызметті сипаттайтын нақты материалдарды талдау;
  • кәсіпорындардың (ұйымдардың) қоршаған ортаны қорғау және қауіпсіздік бойынша жұмыстарды Стратегиялық жоспарлау тәжірибесімен танысу);
  • өндірістік жарақаттануды азайту жолдары мен әдістерін және қоршаған табиғи ортаға әсерін зерттеу;
  • ТҚ, еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау қызметтерінің жұмыс тәжірибесін зерделеу, мемлекеттік есептілік құжаттарын жасау;
  • ҚР Экологиялық кодексімен танысу;
  • қоршаған ортаны қорғау бөлімінің нормативтік құжаттарымен танысу;
  • атмосфераға зиянды заттардың шығарындыларының ұйымдастырылған көздерімен танысу;
  • атмосфераға        зиянды        заттар        шығарындыларының        ұйымдастырылмаған көздерімен танысу;
  • қоршаған ортаға әсерді бағалау жобаларымен танысу;
  • қоршаған ортаға шекті жол берілетін шығарындылар жобаларымен танысу;

-қоршаған ортаға жол берілетін шекті төгінділер жобаларымен танысу;

  • қалдықтардың айналысы нормативтерінің жобаларымен танысу;
  • тұрақты        және        жылжымалы        көздерден        атмосфераға        зиянды        заттардың шығарындыларын есептеу әдістемелерімен танысу;
  • тұрақты        және        жылжымалы        көздерден        атмосфераға        зиянды        заттардың шығарындыларын есептеу әдістемелерімен танысу;
  • қазандықтардан        атмосфераға        зиянды        заттардың        шығарындыларын        есептеу әдістемелерімен танысу;
  • өндірістік экологиялық мониторингпен танысу;
  • ауадағы, судағы және топырақтағы зиянды заттардың концентрациясын анықтайтын нормативтік, сондай-ақ әдістер мен құралдардың негізгі принциптерімен танысу;
  • осы ұйымның тәжірибесі көрсетілуі керек тәжірибе туралы есеп жазу үшін қажетті материалдарды таңдау;
  • өнеркәсіп өндірісіндегі еңбек қауіпсіздігі жүйесін әзірлеу;
  • өнеркәсіп өндірісіндегі Ағынды суларды тазарту;
  1. Өндірістік тәжірбиеден өту орны жайлы сипаттама( тарихы,құрылымы)

Аталған ұйым ШҚО облысы,Өскемен қаласы,Сатпаев 47 көшесінде орналасқан,телефон:87777061717.

2016 жылы Қожахметов Ербол Елемесович Германиядағы Кельн қаласындағы тау- кен өнеркәсібі жайлы жұмыс ұсыныстарын қарастырған. Кейінен «KHD Humboldt Wedag» компаниясы негізінде Қазақстандағы өнеркәсібін ашу жайлы бизнес жоспары келді.

2018 жылы бизнес жоспар төңірегінде бірнеше өзгерістер жасалынып, Қазақстанның тау-кен өндірісінің дамушы позициясындағы қалаларының бірі Өскеменнен бастау нақты шешілді.

...

Скачать:   txt (45.5 Kb)   pdf (340.2 Kb)   docx (174.7 Kb)  
Продолжить читать еще 12 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club