Анкета түрлері мен сұрақтары. Анкетаның зерттеу əдісі ретіндегі кемшіліктері
Автор: aidaibragim01 • Март 22, 2024 • Реферат • 1,185 Слов (5 Страниц) • 112 Просмотры
Анкета түрлері мен сұрақтары. Анкетаның зерттеу əдісі ретіндегі кемшіліктері
Сауалнама жүргізу – кісінің ерекшеліктері, өмірлік ұстанымы немесе пікірі туралы бірдей сұрақтарды жеке адамдарға қоятын сауалнама арқылы дерек жинау процесі.
Сауалнама процесі:
- Жоспарлау. Жақсы сауалнаманы жоспарлау Кім, қайда, қашан, қалай және не деген сұрақтарды қарастыру
- Анкета әзірлеу. Бұл жайт келесі бөлімде толығымен қамтылған, бірақ қысқаша сипаттап өтейік:
1. Тұжырымдарды операционалдау. Абстракциялық концепциялардан өлшенетін/ бағаланатын айнымалыларға өту; мысалы, сауалнамаңызда байқалатын кедейліктің немесе қоршаған орта азаматтығының нақты өлшемі.
2. Қолда бар мүмкіндіктерді анықтау. Ерекше нәрсе ойлап табудың қажеті жоқ. Бұрыннан бар сауалнамада айнымалыларыңыз қолданылса, онда оны қабылдау, бейімдеу және өзгерту жолдарын қарастырыңыз.
3. Сұрақ әзірлеу. Жаңа сұрақ қойғанда мүмкіндігінше нақты әрі түсінікті жазыңыз.
4. Жауап санаттарын анықтау. Жауап санаттарының респонденттің жауап беру ықтималдығына әсерін анықтаңыз; түрлі жауап санаттарының дерекке қалай айналарына, оны статистикалық жолмен қалай өңдейтініңізге ден қойыңыз.
5. Шолу. Әр сұрақ пен жауапты мұқият оқып шығыңыз. Сұрақтарыңыз түсініксіз, қайшылықты, шамына тиетін, негізсіз тұжырымға сүйенетін, екіұшты сұрақ емес пе - көз жеткізіңіз.
6. Сұрақтарды қайта жазу. Сұрақтарды бағалау үшін оларды әріптесіңізге не жетекшіңізге көрсетіп алыңыз. Әр сұрақ ойдағыдай шығу үшін оларды қайтақайта қараңыз.
7. Сұрақтарды реттеу. Сұрақтарды респонденттерге жеңіл болатын тәртіппен, қисынына қарай реттеңіз.
8. Нұсқаулық жазу. Респондентке мүмкіндігінше анық, түсінікті нұсқаулық жазыңыз.
9. Пішін. Таза, логикалық, кәсіби және эстетикалық тартымды пішін мен дизайнды әзірлеңіз.
10. Ілеспе хат/кіріспе сөз жазу. Мұнда әдетте сіздің кім екеніңіз, жобаңыздың мақсат-міндеттері, құпиялық/анонимдік кепілдемесі және нәтижемен танысу мүмкіндігіне қатысты ақпарат болады.
Пилоттық нұсқа және оны өңдеу «Керемет анкета жасадым, енді таратуға болады» деп ойлайтын шығарсыз. Дамылдай тұрыңыз. Сауалнама жасағанда жұрттың көбі жіберетін қателікке сіз де бои алдырмаңыз. Мұны таразылаудың тәсілі қандай? Ол – пилоттық нұсқа. Сауалнаманы сынап, оған қатысты пікір алу өте маңызды. Респонденттердің оиы тұрғысынан ғана емес, жинаған дерегіңіздің сапасы, оның статистикалық талдауға қаншалықты ыңғайлы болатыны тұрғысынан тексеру керек. Әрі қарай бір-екі рет өңдеуден өткізсеңіз, межеге жақындай түсесіз.
Сауалнаманың пилоттық нұсқасы және оны өңдеу Сауалнаманы дұрыс жоспарлап, әзірлеу маңызды, бірақ ол жеткіліксіз. Оның іске жарамдылығын тексерудің жалғыз жолы - сынап көру.
Сауалнама жүргізу және нәтижені талдау Зерттеушінің көпшілігі осы сатыға мүмкіндігінше тезірек жеткісі келеді, ал енді біреулері жоғарыдағы кейбір сатыларды қысқартуды көздейді, бірақ бұл қиындыққа тап болуыңыз мүмкін дер едім.
Лайкерт шкаласы. Мамандар қатыстылықты бағалау үшін бес балдық шкала қолданады: 1 = концепцияға мүлде лайықты емес, 2 = концепцияға лайықты емес, 3 = белгісіз, 4 = концепцияға лайықты, 5 = концепцияға өте лайықты. Жалпы бағалау үшін жеке элементтің ұпайлары жинақталады.
Гуттман шкаласы. Мамандар концепцияға лайықты сөйлемдердің әрбірі үшін «иә», ал концепцияға лайықты емес сөйлемдердің әрбірі үшін «жоқ» деген жауап қолданады.
Тростон шкаласы. Мамандар 1-ден 11-ге дейінгі әрбір элементті бағалайды. Бұл жерде 1 концепцияға қатысты лайықты емес, ал 11 концепцияға қатысты өте лайықты деген ұғым бар.
Қоюға болмайтын сұрақтар:
Нашар құрастырылған сұрақтар
Күрделі терминдер мен ауыр тіл
Анық емес сұрақтар.
Болымсыз сөйлем.
Қосарланған сұрақтар
Біржақты, жетелеуші немесе ауыр сұрақтар
...